Массивтер
Автор: Фариза Мырзасейт • Май 14, 2024 • Лекция • 870 Слов (4 Страниц) • 93 Просмотры
Массивтер
Массив - бір типті айнымалылар жиынтығы болып табылатын программалық құрылым. С# тілінде массивтер бір өлшемді де, көп өлшемді де болуы мүмкін.[pic 1]
Бір өлшемді массив
Бір өлшемді массив – байланысқан айнымалылардың тізімі.[pic 2]
Бір өлшемді массивті сипаттаудың жалпы синтаксисі:
тип[] имя_массива = new тип[размер];
тип[] массив атауы = жаңа типі[өлшемі];
мұндағы, өлшем - массив элементтерінің саны.
byte типті 100 элементтен тұраиын массив құрайық:
byte[] Mass = new byte[100];
Сипатталған массивті әрқайсысы бір байт көлеміндегі 100 ұяшық жиынтығы ретінде ұсынуға болады:
1-ші | 2-ші | 3-ші | ... | i-ші | ... | 99-шы | 100-ші |
Массив элементіне қол жеткізу үшін осы элементтің индексін [ ] квадрат жақшада көрсету керек.[pic 3]
Элементтерді индекстеу нөлден басталады!
Мысалы, массивтің 10-шы элементіне 44 саны меншіктеліп тұр.
Массивтің жазылуы:
Mass[9] = 44;
Mass[0] | Mass[1] | Mass[2] | ... | Mass[9] | ... | Mass[98] | Mass[99] |
0 | 30 | 21 | ... | 44 | ... | 85 | -45 |
Мысал 1.
50 элементтен тұратын Int типті массивті сипаттаңыз. Массивті екіден бастап жұп сандармен толтырыңыз.
Шешуі.
Листинг 1.
using System;
class Program
{
static void Main()
{
int[] Mass = new int[50]; // 50 элементтен
тұратын массив
for (int i = 0; i < 50; i++)
{
Mass[i] = 2 * (i + 1); //есептегіш нөлден басталады, сондықтан келесі мәнді, я,ни 1-ді қосу керек.
Console.Write(" " +Mass[i]);
//Console.WriteLine(Mass[i]);
}
Console.ReadKey();
}
}
Нәтижесі: 2 4 6 8 10 12 14 16 18 20 22 24 26 28 30 32 34 36 38 40 42 44 46 48 50 52 54 56 58 60 62 64 66 68 70 72 74 76 78 80 82 84 86 88 90 92 94 96 98 100
[pic 4]
Массив элементтерін алдын ала орнатуға болады:
int[] Mass = { 23, -45, 0, 10, 5, 1 };
Length қасиеті
Массивтер объект болғандықтан, олардың бірқатар қасиеттері бар. Олардың бірі - массив элементтерінің санын қайтаратын Length. Бұл қасиетті қолдану программалаушыны массивтің шекараларын бақылау қажеттілігінен құтқарады.
Келесі мысалда n айнымалысы Mass массивінің элементтерінің қанша екенін, яғни жалпы санын есептейді:
int[] Mass = {34, 45, 89, 0 ,-23, 2015, 1};
int n = Mass.Length; // n = 7
Листинг 2.
using System;
class Program
{
static void Main()
{
int[] Mass = {34, 45, 89, 0 ,-23, 2015, 1};
{
int n = Mass.Length;
Console.WriteLine("n="+n);
}
Console.ReadKey();
}
}
Нәтижесі: n=7
break және continue операторлары
Break операторы ағымдағы циклдің орындалуын тоқтатады.
Continue операторы ағымдағы цикл қадамының орындалуын тоқтатады
және келесі қадамға өтеді.
Көпөлшемді массивтер
Массивы в C# могут быть любой размерности. Рассмотрим пример ра- боты с двумерными массивами, которые можно представить как таблицу элементов одного типа.
C# массивтері кез-келген өлшемде болуы мүмкін. Бір типтегі элементтер кестесі ретінде ұсынылады. Екі өлшемді, т.б. көп өлшемді массивтермен жұмыс істеу үшін оларды алдын ала сипаттап, енгізіп алу керек.
Сипаттаудың жалпы түрі::[pic 5]
...