К-МИС жүйесі
Автор: zhan.abu.00 • Январь 30, 2023 • Лекция • 822 Слов (4 Страниц) • 198 Просмотры
Пән : ЖКП 11 Электронды денсаулық сақтау жүйесі
Сабақтың тақырыбы: К-МИС жүйесі
Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ
Уақыт: 5 сағат
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: білім алушыларға денсаулық сақтауының дамуын,косымшалары мен жүйелерін қызметтерін,сипаттамасын оқытып үйрету.
Тәрбиелік : білім алушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа, сабырлылыққа, тиянақтылыққа,
мейірімділікке, мұқияттылыққа талпындыру, өз мамандығына деген сүйіспеншілігін туғызу,
салауатты өмір салтын сақтауға, әдептілікке тәрбиелеу.
Дамыту: білім алушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, клиникалық ойлау, зейіндік, танымалдық қасиеттерін қалыптастыру, кәсіби ептілігін шыңдау
Білім алушы білу керек:
- денсаулық сақтауының жүйесінің дамуын;
- денсаулық сақтауының жүйелерін сипаттамасын;
- денсаулық сақтауының жүйелерінің ақпараттандырылуын;
Білім алушы жасай білуі керек:
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудың жүйесінің іс- әрекеттерін;
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйелерің қызметтерін;
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудың жүйесінің қосымшаларын ;
Пәннің пререквизиті: Білім алушылардың осы пәнді оқып үренуі үшін келесі пәндерден білімі болу керек: анатомия және физиология, жалпы патология негіздері микробиология, психология негіздері және коммуникативтік дағдылар, ҚР-ның денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргер мамандығы, мейіргерлік күтім және пациенттің қауіпсіздігі, шұғыл мейіргерлік күтім.
Пәннің постреквизиті: бағыттар бойынша мейіргер ісі.
Материалды-техникалық жабдықталуы: м/проектор, тақырып бойынша слайд және стандарттар, тесттер.
Ресурстар: Интернет желісі,сайттар,EMR және HER анықтамасы: http://edinformatics.org/healthcare-it-in-anutshall. «Ақпараттық Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы «Егемен Қазақстан газеті»,Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық ғылымын және денсаулық сақтау саласындағы инновацияларды 220 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасы «Дидар газеті». https://vko.enbek.gov.kz/kk/node/313150
Құрылымдық-логикалық сызба және сабақтың хронокартасы
№ | Сабақ бөлімінің атауы | Бөлімдердің мазмұны мен сұрақтар, оқыту түрлері мен әдістері | Уақыт (мин) |
Ұйымдастыру кезеңі | Бөлменің, топтың сабаққа дайындығын тексеру, келмеген білім алушыларды белгілеу, сабақтың мақсаттары мен жоспарын хабарлау, тақырып бойынша білімнің осы мамандық үшін маңыздылығын анықтау. | 5 | |
Білім алушылардың білімін тексеру | - Қазақстан Республикасының е-денсаулық сақтауының дамуын? - е-денсаулық сақтауының жүйелері дегеніміз не ? - е-денсаулық сақтауының қосымшаларын атап өтіңіз? | 20 | |
Тәжірибелік жұмыстарды, ем шараларды орындау техникасын түсіндіру және көрсету | Тақырып бойынша слайдттық материалдарды көрсете отырып түсіндіру.
| 55 | |
Өз бетінше жұмысты орындау үшін әдістемелік нұсқау | Білім алушыларға симуляциялық бөлмеде тәжірибелік іс әрекеттерді бірнеше рет қайталап тәжірибе жүзінде машықтануды нұсқау. | 10 | |
Білім алушылардың өз бетінше жұмысы | Білім алушылардың білім деңгейін бақылау сұрақтарына жауап беру, медициналық манипуляцияларды стандарт бойынша орындайды, бірнеше рет жасап көреді, машықтанады. | 130 | |
Өз бетінше жұмысты талдау | Білім алушылардың қателіктерін түзеу, болдырмау жолдарын түсіндіру. | 15 | |
Сабақтың қорытындысын жасау, білім алушылардың білімін бағалау | Білім алушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап бере отырып сабақты қорытындылау. Алдымен жазбаша жүргізген жұмыстарын талдай отырып бағалау, сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр білім алушыға сабақта алған бағасы хабарланады. | 10 | |
Үй тапсырмасы | Қазақстан Республикасның е-денсаулық сақтауының дамуы туралы мағұлматтар | 5 |
...