Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тротуар плиталары

Автор:   •  Апрель 17, 2024  •  Реферат  •  4,130 Слов (17 Страниц)  •  78 Просмотры

Страница 1 из 17

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.....................................................................................................................2

I. Құрылыс материалдары туралы жалпы түсінік...............................................3

1.1. Құрылыс материалдары мен бұйымдарының қасиеті.................................4

II. Бетон қоспасын жасау технологиясы..............................................................5

2.1. Бетон қоспасын дайындау..............................................................................7

3. Тротуар плиталары...........................................................................................12

  3.1. Ерітінді төсеу технологиясы.........................................................................13                                                                               3.2. Скринингтік қабаттастыру технологиясы...................................................15                                                           4. Гранитті төселген плиталарды төсеу..............................................................16                                                          4.1. Әр түрлі ауа-райы жағдайында плиткалар төсеу.......................................17                                    4.2. Тротуарларды өз бетіңізше қатесіз қалау орындалатын операциялар.....17 4.3. Толтыру және рамминг.................................................................................17                                                                              5. Менің өндірістік практика кезіндегі фотосуреттерім...................................18                               6. Қорытынды........................................................................................................20                                                                                               7. Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................21

Кіріспе

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өндіріс саласын жаңа деңгейге шығару мақсатында арнайы стратегиялық бағытты таңдап отыр. Атап айтсақ отандық тұрмыстық тауар өндірушілерді жан – жақты қолдап, олардың  нарыққа ұсынатын тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етіп алып отыр. Жаңа өндіріс қуаттарын іске қосу және еңбекшілердің тұрғын үйлер құрылыстарын одан әрі жақсарту басты міндеттердің бірі болып отырған жағдайда, құрылыс техникасымен, оның ішінде құрылыс материалдарын өндірумен және олардың сонғы жаңалықтармен оқушы қауымды таныстырып өткен жөн. Үйді қандай материалдардан салу жайы ерте замандарда – ақ адамдарды  көп толғандырған. Дегенмен, бұл  мәселе қай заманда болсын белгілі бір елдің экономикалық, әлеуметтік, тарихи – қоғамдық және географиялық жағдайларына тығыз байланысты дамып, өріс алып отырды. Адам баласы кірпіш, бетон және құрылыс гипсін жасауды  біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын бастаған. Бұған қазіргі уақытқа дейін сақталған архитектуралық ескерткіштерді зерттеу нәтижелері дәлел бола алады. Біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын салынып, осы күнге дейін сақталған дүние жүзіндегі аса ірі архитектуралық ескерткіштер, қорғандар, храмдар, тағы сол сияқты күрделі және өте көрнекті құрылыстар қардай материалдардан және қалай жасалған, олардың қандай түрлері  өндірілген. Өнеркәсіптік өндіріс даму тарихы қандай – бұл мәселелер  туралы әркімдер – ақ бегілі бір  мағлұмат алғысы келеді. Сонымен бірге  қазіргі замандағы құрылыс материалдарын  өнеркәсіп жолымен өндірудің  ғылыми – техникалық негіздері және бұл салалардағы ең соңғы жаңалықтар туралы да білгісі келетіндер аз емес.

Құрылыс материалдарының ең маңызды және көп қолданылатын түрлері – силикат материалдары туралы мәліметтер кітаптан кең орын алған. Сол сияқты полимер материалдарының  құрылыста көп пайдаланылатын жаңа түрлері жәйлі де әңгімеленген. Ерекше айта кететін бір мәселе – ол қазіргі замандағы құрылыс материалдарын  өндірудің ғылыми - техникалық негіздері туралы. Барлық техникалық ғылымдармен қатар құрылыс материалдары технологиясы, әсіресе, физика және химия ғылымдарының жетістіктеріне негізделген. Осыған сәйкес құрылыс материалдарының физика – химиялық негіздері, сол сияқты бұл ғылымдарды кеңінен қолдану арқылы ғана өнеркәсіптік технологияны жетілдіруге, материалдардың сапасын көтеруге және оларды тиімді пайдалануға мүмкіндік туады.

1.Құрылыс материалдары туралы жалпы түсінік

Құрылыс материалдары — үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар.

Құрылыс материалдары мен бұйымдарының негізгі түрлері: табиғи тасты құрылыс материалдары мен олардан алынған; бейорганикалық және органикалық байланыстырғыш материалдар; ағаш материалдары мен олардан алынған бұйымдар; металл бұйымдар. Атауына байланысты, құрылыс жағдайы және үймерет пен ғимаратты пайдаланудағы құрылыс материалдарына сәйкес анықталған сапасы және олардағы әртүрлі сыртқы ортаның әрекетінен қорғану қасиетіне байланысты таңдалады.

...

Скачать:   txt (54 Kb)   pdf (1.2 Mb)   docx (1.2 Mb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club