Кеңсе ғимараттарының топологиясының сипаттамасы
Автор: aikodron_02 • Ноябрь 28, 2021 • Реферат • 1,051 Слов (5 Страниц) • 445 Просмотры
«Астана Медициналық Университеті» АҚ
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Кеңсе ғимараттарының топологиясының сипаттамасы
Орындаған: Юсупова Айнур (102 группа)
Тексерген: аға оқытушы Қаливеа Ж. А
Нұр-Сұлтан қаласы
2021 ж.
Жоспар
- Кіріспе
- Желілік топологияға жалпы сипаттама
- Негізгі бөлім
- Бұтақтар тәрізді топология
- Жұлдыз топологиясы
- Сақина топологиясы
- Шина топологиясы
- Аралас топология
- Топологияларды құру
- Қорытынды
- Желілік топологияның маңыздылығы
- Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Желі топологиясы (ағылш. network topology) — есептеу желісіндегі машиналардың физикалық конфигурациясы, яғни қандай түйіндер жұбы өзара байланыса алатынын көрсететін физикалық жалғастыруды (немесе түйіндер арасындағы логикалық байланысты) бейнелеу; желілер жолдары мен тораптарын, олардың жол үзындығы, тораптар қуаты тәрізді сипаттамаларын ескермей, жалғастыру қүрылымын зерттейтін қолданбалы ғылым. Желілік топологияның 4 түрі бар:
- Жұлдыз топологиясы
- Сақина топологиясы
- Шина топологиясы
- "Бұтақтар " тәрізді топология
- Аралас топология
Топологияны таңдау кезінде желінің сенімді және тиімді жұмысын, желілік деректер ағынын ыңғайлы басқаруды қамтамасыз ететін желі байланысына назар аудару қажет. Әрине барлығымыз заттың арзан және сапалы болғанын қалаймыз, сол себепті желіні құру және қолдау құны бойынша арзан әрі жоғары жылдамдықты байланыты қамтамасыз ететін, одан әрі кеңейтуге мумкіндігі бар желілік байланыстарды таңдаған жөн. Деседе бұл оңай шаруа емес! Оны шешу үшін желілік топологияның түрлерін білу маңызды.
Негізгі бөлім
Жұлдыз топологиясы – бұл желідегі барлық компьютерлерді орталық компьютермен немесе концентратормен жалғастыратын топология. Мұндай жүйеде екі компьютер арасында байланыс болмайды, деректер пакеті әр компьютерден концентраторға бағытталған. Ал концентратор өз кезегінде тиісті жеріне жеткізеді. Топологияның кез-келген дүниеде секілді артықшылықтары мен кемшылықтері бар.
Артықшылықтарына:
- Зақымдалған желіні іздеу және жоюдың жеңілдетілген жүйесі;
- Кепілдендірілген сенімділік және деректердің қорғалуы;
- функционалдық міндеттерге қатысты трафиктің ең қарапайым түрі деген сияқты қасиеттерін жатқызуға болады.
Ал кемшіліктеріне:
- Компьютердің барлық түйіндерінің концентраторға тәуелділігі;
- Негізігі желіге қосылған компьютерлер санының әсер етуі;
- Орталық компьютердегі ресурстар санының шектелуіне байланысты желілік жұмыс станцияларының немесе желі сегменттерінің шектеулі саны ғана жұмыс істей алуын айта аламыз.
[pic 1]
Сақина тәрізді топология – қарапайым желі түрі, мұнда информация бір бағытта ғана айналыста болады және әрбір компьютер мәліметті қабылдап алып әрі қарай жөнелтіп отырады. Желінің компьютер арасындағы бір байланыс арнасы істен шықса, желі жұмыс істей алмай қалады.
Сақиналық желідегі деректерді беру принциптерінің бірі маркерді беру деп аталады. Оның мәні мынада: маркер дәйекті түрде, бір компьютерден екінші компьютерге деректерді таратқысы келетін адам алғанға дейін тасымалдап отырады. Таратушы компьютерлер оған дейін маркерді өзгертеді, алушының мекен-жайын деректерге қосады және оларды сақина бойымен жібереді.
...