Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бұқаралық ақпарат құралдары, газет, газет мәтіндері, газет тілі, баспасөз

Автор:   •  Май 16, 2018  •  Статья  •  1,558 Слов (7 Страниц)  •  990 Просмотры

Страница 1 из 7

AMERICAN NEWSPAPER TEXT AS A SOURCE OF NATIONAL AND CULTURAL INFORMATION

A.N.Kadirbaeva

Student of Translation and Philology Department of Ablai khan

KazUIRandWL, Almaty, Kazakhstan

e-mail: aizhamalkadirbaeva@gmail.com

Scientific advisor: Zh.R Toishimanova MA, senior teacher

Keywords: Mass Media, newspaper, newspaper texts, newspaper language, press

Abstract: This article is devoted to the American newspaper texts and studying them as a source of national and cultural information. Newspapers have always been an important information source for people. Not only they inform us about current events, but also newspapers are probably one of the biggest sources of information about the contemporary culture of the country.

УДК

АМЕРИКАНДЫҚ  ГАЗЕТ  МӘТІНІ  ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ  АҚПАРАТ КӨЗІ РЕТІНДЕ

А.Н.Кадырбаева

Аударма және Филология факультеті,

Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ,

Алматы, Қазақстан

e-mail: aizhamalkadirbaeva@gmail.com 

Ғылыми жетекші: Ж.Р.Тойшыманова, аға оқытушы

Тірек сөздер: Бұқаралық ақпарат құралдары, газет, газет мәтіндері, газет тілі, баспасөз

Аңдатпа. Бұл мақала американдық газет мәтінін ұлттық-мәдени ақпарат көзі ретінде зерттеуге арналған. Газет - кең аудиторияны хабардар ету құралы болуымен қатар, ұлттық-мәдени ақпарат алмасу көздерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта газет мәтіні халықтың тілдік мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Соның ішінде, американдық газет мәтіндері белгілі бір тілдік ерекшеліктерге иә екені белгілі, олар оқырманға ақпаратты жай ғана  жеткізе қоймай, оқырманды таң қалдыра алатын әсерге алып келеді. Сонымен қатар, американдық газеттер шетел оқырмандардың АҚШ мәдениеті жайлы ой-өрісін кеңейтуіне және ағылшын тіліндегі түпнұсқа мәтіннен тікелей ақпарат алуына жағдай жасайды.

Қазір біз XXI ғасырдың жаһандану кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Ол біздің елімізде де кез келген салада дамуы бірден бір дәлел. Жастарымыз қалаған жоғары оқу орындарында білім алуға, тіпті басқа елдерге барып тәжірібе алмасуларына, басқа ұлттардын тілін-мәдениеттерерін үйренуіне бар мүмкіндіктер жасалған.  Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», — деген болатын.

Қазіргі таңда  шет тілін үйрену барысында тек тілге ғана емес,мәдениетке де көңіл бөлуі қажет. Байланыстарды кеңейту және әлемдік қауымдастыққа бірігу жағдайы -  саяси, экономикалық және әлеуметтік үрдістер туралы түбегейлі білімдер мен идеялар ерекше маңызға ие болды. Әрбір қоғам әлемдегі  рухани, технологиялық, эстетикалық және басқа да қажеттіліктерге жауап беретін ерекше әлем бейнесін өзінде қамтиды, сондықтан да тіл - әлем бейнесін қалыптастырудың бір құралы деп санаймыз.Бұқаралық ақпарат құралдары кез келген қоғамның саясат, экономика, әлеумет, мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы бүтіндей мәселелерді көпшілікке ұсынып, айтулы ғылыми жаңалықтарды, ғылыми жетістіктерді бұқара халыққа таныстырып жеткізетін ғаламның ақпараттық бейнесін жасайтын құрал деп тануға болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының арқасында адамзат өмірінде газеттың орны үнемі өсуде; ақпараттық ағымдардың қозғалысы шекараны, уақытты, кеңістікті білмейді. Шетел баспасындагы газет мәтіндерін  ұлттық-мәдени  ақпарат көзі және  халықаралық ақпараттық процес ретінде қарап, газет мәтіндерінің тіл ерекшеліктерін зерттеу отандық тілшілердің соңғы жылдардағы еңбектеріне өзек болып отыр.Атап айтар болсақ, Б.Моминова газеттік лексиканың прагматикалық аспектісін қарастырса, З.К.Ахметжанова, А.Т.Таткенова қазақ және ағылшын тілдеріндегі газет мәтіндерінің экспрессивті синтаксисін, Г.А.Ержанова газет тақырыптарының синтаксистік және когнитивті негіздерін, Ф.Жақсыбаева газет мәтінінің прагматикалық аспектісіне талдау жасаған. Газеттің лексиконында ұлттық мәдени компонентті анықтау жеке лексикалық бірліктерді қарастыру газеттің тілін, оның  ұлттық деңгейін  көрсететін халықтың қоғамдық және рухани өмірінің мәдени ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді.

...

Скачать:   txt (20.6 Kb)   pdf (137.6 Kb)   docx (19.5 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club