Қызылша
Автор: Аружан Такиш • Март 14, 2023 • Реферат • 4,073 Слов (17 Страниц) • 244 Просмотры
ҚЫЗЫЛША
(Корь)
Қызылша – қызбамен, жоғарғы тыныс алу жолдарының, көздің кілігей қабатының зақымдануымен, теріде дақты-папулезді бөртпенің пайда болуымен сипатталатын жіті жоғары контагиозды жұқпалы ауру.
Этиологиясы. Ауру қоздырғышы вирус. Қоздырғыш өте ұшпалы ауаның ағымымен көрші бөлмелерден және төменгі қабаттардан жоғарғы қабаттарға тез өтеді.
Эпидемиологиясы. Инфекция көзі катаральді кезеңнің барлық уақытында және бөрту басынан 4 күн бойы жұқпалы науқас саналады. Қызылшаға бейімділік өте жоғары, 6 айға дейінгі балалар анадан алған енжарлы иммунитет болуына байланысты сирек аурады. Өткерген инфекциядан кейін иммунитет тұрақты болады.
Клиникасы . Инкубациялық кезең 7-17 күн. Имуноглобулин енгізген кезде 21 күнге созылуы мүмкін. Клиникалық көрінісінде 3 кезең ажыратады: катаральді (продормальді), бөрту және пигментациялану кезеңі (реконвалисценция).
- Катаральді кезең. 3-4 күн созылады. Ауру дене қызуы 38-39° көтерілуімен, мұрынан көлемді бөлінудің, құрғақ, жабысқақ жөтелдің, коньюктивит белгілерінің, жарықтан қорқу, кілегей қабат гиперэмияы, жас ағудың пайда болуы жүреді, жалпы жағдайы бұзылады. Бала солғын, жылағыш, мазасыз болады. Тәбетті төмендеген, ұйқысы нашарлайды. Ерте жастағы балаларда Круп синдромы дамуы мүмкін. Жұмсақ және қатты таңауда ұсақ қызғылт-қызыл дақтар түрінде энантэма дамиды. Кейін олар айқын қызару өнінде білінбей кетеді. Аурудың 2-3 күндері кіші азу тістеріне қарсы ұртың кілегей қабатында қызылшаға тән Бельский – Филатов – Коплипик симптомы пайда болады. Ол жіңішке қызыл белдікпен шектелген ұсақ ақ түсті дақшалар түрінде білінеді.
- Бөрту кезеңі. Дене қызуы жаңадан қөтерілуі мен басталып, дақты популезді бөртпенің пайда болуымен сипатталады. Элементер диаметрі 2-5 мм-ге дейін кездеседі. Бөртпе күшейген кезде дқтар мен популалар бір-бірмен қосылады. Қызылшаға бөртудің этаптылығы тән. Бөртпе біртіндеп 3 күн бойы жоғарыдан төмен қарай жайылады. Алғашқы тәуілікте бөртпе бетті, мұрын ерін үшбұрышын, мойынды жыбады, екінші күні тұлға, үшінші күну аяқ-қолды. Осы кезеңде улану симптомы мен катаральі құбылыстар күшейед. Балалардың бетті тән белгі алады: қабақтар мен бет ісінкі болады. Коньюктиваның қызаруы, көз тамырларының айқындалуы, мұрынан көлемді бөлінулер байқалады.
- Пигментация кезеңі – бөртудің 3-4 күндері басталады. Егер асқыну болмаса, дене қызуы қалпына келеді, катаральді құбылыстар азаяды, бөртпе біртіндеп жойылады. Оның жойылуы пайда болу кезекшілігімен журеді. Өзінен кейіе пегментация қалдырады. Ол 1-2 апта сақталады. Бөрту жойылу кезінде ұсақ қабыршақтану болуы мүмкін. Бұл кезең жоғары шаршағыштық, әлсіздік, тітіркенгіштік, ұқышылдықпен, инфекцияға қарсы тұру күшінің төмендеуімен байланысты.
Клиникалық сипаттамасының айқындылық дәрежесі бойынша тән және атипиялық қызылша түрлері болады.
Атипиялық – митигирленген қызылша, егілген қызылша және 6 айға дейінгі балалардың қызылшасы жатады. Одан басқа бұл түріне сирек кездесетін гипертоксикалық және гемагиялық қызылша жатады.
Митигирленген қызылшамен алдын алу мақсатымн имуноглобулин енгізілген, плазма және қан құйылған балалар аурады.
Атипиялық қызылша түрлері ұзақтау инкубациялық кезеңмен сипатталады. Әдетте қалаыпты температурамен және қысқа уақытты қызба мен эеңіл өтеді. Катаральді және бөрту кезеңдері қысқа болады. БФК дақтары болмайды. Катаральді құбылыстары әлсіз, бөрту элементтері аздағаг пайда болу этапы сақталмайды. Ауру асқынусыз жүреді.
Жалпы қызылшаның асқынулары: пневмониялар, бронхиттер, қызылшалық круп, отиттер, стоматиттер. Ерте жастағы балаларда диареялар болуы мүмкін. Сирек асқынуға энцефалиттер, менингиттер жатады.
...