“Күретамыр” Зейнеп Ахметова
Автор: slamzhanova • Октябрь 15, 2020 • Анализ книги • 251 Слов (2 Страниц) • 763 Просмотры
“Күретамыр” Зейнеп Ахметова
Кеңес Одағының Батыры атанған Бауыржан Момышұлы атамыздың келіні Зейнеп Ахметованың “Күретамыр” кітабын оқып шықтым. Апамыздың тағылымға толы өзге де шығармалары бар ғой. Бірақ ден қойып оқыған кітабым осы “Күретамыр” болды.
Бұл кітапты оқығаннан кейін менің біріші кезекте түйген ойым - рухани жаңғыру. Неге десеңіз, терең ойлы жазушы бұл шығармада қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ырымдары жайлы сөз қозғаған. Нәзіктіктің иесі Зейнеп Ахметова бұл жинақта тал бесіктен жер бесікке дейін жасалатын дәстүрлеріміз бен ырымдарымызды байыппен саралап, жастар тәрбиесіндегі олардың маңыздылығына терең бойлайды.
Қазіргі таңда, бір өкініштісі байырғы салт-дәстүрлеріміздің ұмытылуы дер едім. Себебі біразы қолданыста болмағасын, тіпті атын да білмей жатамыз. Ел болам десең бесігіңді түзе дейді Мұхтар атамыз, сол сияқты рухани баю үшін кіндік қанымыз тамған жердің өзіндік ерекше салт-дәстүрлерімізді білу- қазақ халқына деген құрмет деп білемін. Ал оны өскелең ұрпаққа дәріптеу, бойға сіңіру - біздің міндет болғасын, осы жауапкершілікті көтеру мақсатында қазіргі жастарымыз оқып шықса деймін. Аманатқа қиянат жасамау, оны одан әрі негіздеу - бүгінгі ұрпақтың, яғни біздің мойында ғой.
Екінші келген ой - қыз баланың тәрбиесі. Нәзік жандылардың тәрбиесі қазақ халқы үшін қашан да бірінші орында тұрмақ. Дәретсіз бесікке қол тигізбеген Ұлжан мен Зередей аналарымыздың ұрпамыз. “Дала қызының назданған еркелігінде мұң да бар, жігер де бар, жалынышы мен жалыны да бар. Жан тазалығы, саудаға салмас ар-ұят тазалығы да бар...“ деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, қыздың ары мен ұяты, тәрбиесі - халықтың айнасы. “Қызға қырық үйден тыйым” десек, сол тыйымды Зейнеп апамыз одан әрі дәріптегендей.
...