Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Газет, әлде интернет?

Автор:   •  Май 17, 2022  •  Статья  •  887 Слов (4 Страниц)  •  232 Просмотры

Страница 1 из 4

Алматы қаласы, «Тұран» университеті

«Журналистика» мамандығы, 2-курс

Жәнібекова Ақерке Сабырқызы

Газет, әлде интернет?

           Бұл сұрақ дұрыс жауапты қажет етіп баршаны толғандырып қана қоймай, қоғамның өзекті мәселесіне де айналғаны бәрімізге мәлім. Қоғамның заманауи бағытқа бет бұруының әсерінен заман талабына сай қазіргі жастар газет атаулыны ұмытып бара жатқандай. Әрине, көпке топырақ шашпайын, дегенмен қазірде жас - кәрінің де интернетке тәуелділігі басым. Елімізде сан түрлі газеттер жұмыс істеп жатыр, тіпті солардың біреуінің де атын білмейтіндер баршылық. Байқасақ, шет елдерде газет жұмысына жақсы көңіл бөледі және қарапайым xалықтан бастап күнде таңертең интернеттен бұрын газеттен жаңалық оқып бастайды. Бұл олардың өмірінде әдет, дағды болып қалыптасқан. Міне, осы орайда біз үлгі алсақ, нұр үстіне нұр болар еді.
           Бүгінде ғаламтордың жақтаушылары көбіне жастар. Оған мысал ретінде өзім қатарлы жас буынды алатын болсам, кейде маған олардың ойлау қабілеті таяздап бара жатқандай көрінеді. Қашан, қай жерде болмасын қолдарында интернеті қосылған қалта телефоны. Бұл - олардың қоғамнан алыстап бара жатқандығының тағы бір себебі. Онымен қоса достарымның өмірді танып білуге, айналада болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардан алшақ болып бара жатқаны менің жаныма бататыны рас. Оларға қарап, бақылап отырып не көріп, не тыңдайтындарын білгім келетін. Бірі оқу үстінде «В Контакте» сайтында, ал екіншісі «Instagramда», басқа да әлеуметтік желілердің майын тамызып отырғандарын, енді бірі сол телефондағы интернеттен мән мағынасы жоқ ойын ойнап отырғанын көргенде таңқалдым. Түрлеріне қарасам  екі езулері құлақтарында, мәз - мейрам. Ақылшы сымақ болғаным емес, менде интернет пайдаланушылардың бірімін. Алайда, интернетке кірдім деп өз болашағыңды, өз ісіңді ұмытудың қажеті не? Керексіз дүниенің қашанда іске жарамайтынын білеміз ғой. Достарымды даттап, өзімді сүттен ақ, судан таза қылып көрсетіп жатырқаным жоқ, олай емес. Ия, мен әлеуметтік желілерде отырмаймын деген сөз емес, қажеттілікке байланысты «WhatsApp», «Instagramда» желісін xабар алмасуға, ақпарат алуға пайдалы жағын қолданамын. Осы желілердің ең зияндылығы кез келген адамның сауаттылығы мен сөйлесу мәдениетіне әсер етуінде. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын кей жастар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы деп ойлаймын. Ашығын айтқанда, қазіргі заман оқу оқыған жастардың озатын кезеңі. Сондықтан да бұны түсінетін мына біз, жастар тынбай еңбек етуіміз қажет.

            Интернет болсын, газет –журналдар болсын, өзіңе керектісін алып пайдаға асыру. Ал, менің достарым ше?... Олар интернетті білімін жетілдірудегі ақпарат алу құралы ретінде емес, «тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы» - деп ғұлама Әл-Фараби айтқандай тиімсіз, бұрыс жақтарын іздеп табуда. Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынов: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді» деген мағыналы сөз айтқаны бекерден- бекер емес.

...

Скачать:   txt (10.9 Kb)   pdf (78.5 Kb)   docx (10.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club