Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бұқаралық ақпарат құралдарында фотосуреттерді пайдалану бойынша тәжірибелік жұмыс

Автор:   •  Октябрь 19, 2018  •  Реферат  •  3,331 Слов (14 Страниц)  •  802 Просмотры

Страница 1 из 14

Модуль 10. Бұқаралық ақпарат құралдарында фотосуреттерді пайдалану бойынша тәжірибелік  жұмыс. Ақпараттық фотожурналистикадағы кадр және план. Смартфонмен фото түсіру тәсілдері.

Заманауи жаңалықтар қызметі әлеуметтік желілердегі кәсіби емес адамдар жасаған фотосуреттерді пайдаланады. Қалтаңыздағы смартфонның көмегімен журналистика әлемінде ерекше ілтипатқа ие болатын фотосуретті қалай түсіруге болады?

Бар-жоғы 2 сағаттың ішінде фото түсірудің шеберіне айналу қиын, дегенмен біз фото әлемінің басты ұстанымдарына, негізгі ұғымдарына назар аударып, жиі жасалынатын қателерді талдайтын боламыз.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Бұл фотоларды жаңалықтарда жариялауға бола ма?
  2. Қандай кадрлау ұсынар едіңіз?
  3. Ұсынылып отырған мысалдарда қандай техникалық қателер бар?

1)Қайрат Қожамжаров қазақстандық прокурорларға үндеу жариялады. сілтеме. Фотода кейіпкердің басынан жоғары және оң жағында бос орын жоқ.

2) ҚР Қорғаныс министрлігінде этика бойынша уәкілетті тұлға тағайындалды. сілтеме. Бұл фотода барлық ережелер сақталынған.

3) Петр Своик: “Безобразия с пенсионкой есть кому поддерживать”. сілтеме, Суреттің екі шетінде бос орын жоқ, сол себепті сурет екіге бөлініп тұрғандай.

Қадам 1.

Тақырып: Жарық және ISO (сезімталдық)

Уақыт: 15 минут

міндеттер:

  • Қатысушылар фотосуреттегі объектіге жарық түсіру мәселесімен танысады
  • Қатысушылар экспозиция құрудың негізгі 3 құралы жайлы білетін болады
  • Қатысушылар үлбір(пленка) мен матрицаның  жарықсезгіштігі жайлы мағлұмат алатын болады

Тапсырма (уақыты 10минут)

Қатысушылар жұп-жұпқа бөлінеді. Әр жұп бір-біріне қарама-қарсы тұрып, бір-бірін суретке түсіруі керек. Бөлмеде жарық біркелкі болмағандықтан, кейбіреуінің суреті жақсы шықса, жұбының суреті қараңғы болуы мүмкін. Тапсырма жасалып болғаннан кейін, шыққан суреттерді үлкен экранда қарауға кеңес береміз.

Суреттерді үлкейткен кезде “қараңғыда” түскен фотоларда адамның бет әлпеті әрқашан айқын емес әрі көмескі болатынын көруімізге болады. Сонымен қатар, фото “түйіршіктеліп”, көз, кірпік сынды ұсақ бөлшектерді егжей-тегжейлі көруге кедергі жасайды.

Ал, жарық жеткілікті жерде түсірілген фотода ешқандай кедергі болмайды.

Қорытынды (уақыты 5 минут)

“Фотография” сөзі жарықтандырылған сурет деген мағынаны береді. Сол себепті, жақсы фото үшін жарық өте маңызды. Өкінішке орай, кәсіби фотоқұрылғылардың өзі адам көзінің көру дәрежесіне жете алмайды. Әдетте күндізгі көше жарығында смартфонмен суретке түсірсеңіз, жұмысыңыз жақсы шығады. Мұндай кезде смартфондар кәсіби фотоаппаратпен бәсекеге түсе алады.

Бөлмеде немесе ымырт түскенде жасалынған фотоларда жарық жеткілікті түрде болмайды, әрі сапасы орташа болады. Алайда, фотоңызды үлкейткен кезде бірқатар қателіктер табуыңыз ғажап емес.

Кез-келген фотоқұрылғының дұрыс жұмыс істеуі үш функцияға негізделеді- ұсталым, қалқа (дифрагма) және ISO.

ISO-дан бастасақ. Кез-келген фотоаппараттың сезімтал матрицасына обьектив арқылы жарық түседі. Бұл матрицаның сезімталдығының деңгейі өзгеріп отыруы мүмкін. Мысалы, адам жарық жерден қараңғы бөлмеге кірген жағдайда айналасының барлығы қап-қара түнек болуы мүмкін. Алайда, уақыт өте келе көзі үйреніп, қараңғы бөлмеде не барын анықтап көруі мүмкін. Ал кейде керісінше, қараңғы кинобөлмесінен шыққаннан кейін, жарық далаға көзіміз біраз үйрене алмай, көзімізді сығырайтамыз.

Матрица да дәл сондай үлгімен жұмыс істейді.  Жарық көп түсетін жерде матрицаның сезімталдығы азаяды, ал аз жарықтандырылған жерде матрица өте сезімтал болады. Бұл сезімталдықты ISO деп атайды және 100, 200, 400, 800 т.б бірліктермен есептелінеді. Бірлік мәні төмен болған сайын, матрицаның сезімталдығы да төмен болады.

Фотоаппарат қаншалықты сапалы болса, сәйкесінше ISO-да көбірек болады. Басқаша айтар болсақ, сапалы сурет жасау үшін жарықтың мөлшері аз болуы тиіс. Дегенмен, ISOның көрсеткіші жоғары болған сайын,  зиянды токтар пайда болаып, фотода “шуылдың” пайда болуына әкеліп соғады. Фотоаппараттың сапасы жоғары болған сайын, “шуылдың” пайда болуы кешеуілтеді.

...

Скачать:   txt (49.6 Kb)   pdf (224.9 Kb)   docx (28.1 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club