ДЗЮДО күресінің
Автор: Казыбек Жиеналиев • Январь 10, 2023 • Реферат • 857 Слов (4 Страниц) • 345 Просмотры
[pic 1][pic 2]ДЗЮДО күресінің
Оқу бағдарламасы.
Жапон күресі – дзюдо өзінің ұлттық ерекшелігін сақтаған, төрткүл дүниеге кең таралған жекпе-жек түрі екенін бәріміз білеміз. Халықаралық дзюдо федерациясына мүше мемлекеттер саны 2010 жылы 198-ге жетті. Дзюдо бұл халықтың терең тарихының, ұлттық болмысының жемісі, ғасырлар бойы екшеліп, жүйеленіп, қуаттанған жекпе-жек түрі. Осы күрестің негізін қалаған Дзигаро Каноның мына сөзі талайды ойландырса керек: “Дзюдо дегеніміз – өмір салты әрі жан сезімі, дзюдо дегеніміз – ақыл-ой мен творчество... Қара белбеу – балуандықтың шыңы, бірақ жан-дүниенің асқар биігі емес”. Кано іргетасын бекіткен Кодакан академиясы – әлемдік дзюдоның орталығы әрі алтын қазығы. Жапондар дүниенің түкпір-түкпіріне мыңдаған мамандарын жіберіп, оқулықтары мен татамиларын аямай таратып, дзюдоны сонша насихаттағандарымен, бұл саланың негізгі ғылыми құпиясы Кодаканда жатыр. Онда әр салмақ дәрежесін айтпағанда, әрбір әдісті жеріне жеткізе талдап, шегіне жеткізетін жеке бөлімдер, арнайы тренажерлар бар. Жаттықтырушылары сатылап білім алады. Жасөспірімдердің жаттығу жүйесі балалардың жас ерекшелігіне, табиғи бейіміне, мінезіне, денсаулығына байланысты ғылыми негізде жүрсе, жастар мен ересектерді баптау ісімен тұтас ғылыми топ шұғылданады. Спортшы тек балуандықтың қыр-сырына ғана бойлап қоймай, жан-дүниенің тазалығы, қажыр-қайратты шыңдау, адами мәдениет пен ұлттық құндылықтарды сақтау тұрғысында білім алып, жетіледі. Жапондар дзюдоны ұлттың қымбат қазынасы, елдік намыс деңгейінде құрметтеп, қастерлейді..
Мақсаты: Дзюдо күресінде екі қарсыластың арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір ғана – жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс күресшілеріміздің патриоттық сезімін оятып, достық және жолдастық сезімге тәрбиелейді. Дзюдо күресі кезінде әрбір палуан өзінің жеке іс-қабілетін көрсете білуге мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылыспен мақсатқа жетуге әрекет етеді.
Міндеттері:Дзюдо күресі жалпы дене дайындығының жақсы бір құрал болып қызмет атқарады. Әртүрлі бағытты өзгертіп жүгіру, түрлі секіру, құрылымы жағынан әртүрлі сипаттағы дененің қозғалысы, қозғалыс жылдамдығы, ерік сапасының дамуы, тактикалық ой – осының барлығы жиылып көптеген бағалы сапаларды жетілдіреді. Ұжым дзюдошыларымыздың дене – күш, техникалық және тактикалық дайындығын жетілдіру, жаттықтыру әдістемесіндегі әлі пайдаланылмаған қордағы жаңа мүмкіндіктерді іздестірумен тығыз байланысты. Дзюдо, техникалық тәсілдерді нығайту және жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, жалпы дене дайындығының жаттығулары; Сабақты бекіту мақсатымен топтық жұмыс жүргізіліп, оқушыларды салмақ дәрежесімен бөлініп күрестіреді және жаттығудың қорытынды кезеңінде оқушылармен бірлесе талдау жасалып, тиісті бағалау жүргізіледі.
Оқушыларға қойылатын талаптар:
Білу
- жалпы дзюдо күресінің машықтану барысында ойынның іс-әрекетін, әдіс-тәсілдерін жаттығу барысын біледі.
Түсіну
- футбол ойынының басқа спорттық ойын түрлерінен айырмашылығы мен маңыздылығын түсінеді.
Қолдану
- спорттық додалар мен жарыстарда жасап, үйреніп жүрген әрекеттерін пайдаланып қолданады.
Талдау
- оқушылар теориялық практикалық үйренген жаттығу барысын талдап, саралайды, жүйеге келтіреді.
Жинақтау
- жаттығулар кезінде машықтану дағдыларын жинақтап, топтап, біріктіре алады.
Бағалау
- оқушылар үйренген күнделікті дайындалып жүрген жаттығуларын анықтай алады.
Бағдарламаның негізгі мазмұны:
Бағдарламада оқушылар оқу жоспарларында аз сағат бөлінген спорттық дзюдо күресі түрін меңгереді, олар өздері кез-келген мәселелерді шеше білуге дағдыланады, ұжымдық, топтық мүдделерді қорғай білетін шыныққан, денсаулығы мықты жас ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосады.
Дзюдо күресінің тарихы. Кіріспе. 1 сағат
- Дзюдо к.ресінің шығу тарихы жалпы дзюдо туралы мағлұматтар.
Дзюдоның ережелері туралы түсінік 1 сағат
...