Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ҚР-ғы бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам өміріндегі рөліт

Автор:   •  Октябрь 2, 2022  •  Реферат  •  921 Слов (4 Страниц)  •  666 Просмотры

Страница 1 из 4

[pic 1]

ЭССЕ

Орындаған: Атенов И.Қ

Тексерген:  саяси ғыл. канд.,

                                                 қаумд. профессор:                      Жусупова А.Д.

Алматы, 2021

ҚР-ғы бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам өміріндегі рөлі.

Бұқаралық ақпарат құралдары қоғам өмірінде айырықша орын алатыны белгілі. Себебі ХХI ғасыр ақпараттық технологиялар заманы болғандықтан, кез келген қоғам мүшесі үшін ақпарат құралдарын пайдалану өте маңызды. БАҚ – тың өзінің атқаратын функциялары мен қызметтері бар. Ең басты міндереінің қатарына ақпаратты халыққа жеткізу және білік пен қарапайым адамдар арасына байланыс көпірі болу.

 Бұл айтылғандар ең басты рөлді халық үшін ойнайды. Бұл мәселеде БАҚ – тың қызметтерінің дұрыс орындалуы ол қандай саяси режимді ұстанатын мемлекеттке тілекелей байланысты. Демократиялық республикаларда БАҚ – ты төртінші билік ретінде қарастырады. Оны ең алғаш 1840 жылы француз жазушысы Оноре де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атаған[1]. БАҚ – бұл мемлекеттің идеголия құралы. Себебі бүгінге таңда ақпараттық технологиялар арасында мәдени соғыс жүріп жатқаны белгілі. Ол екі ел арасындары БАҚ-тың қаншалықты дәрежеде ауқымдылығын көрсетеді. Яғни, дамыған елдердің баспасөзі бүкіл әлемде болып жатқан хабардың барлығын жеткізеді. Елімізде батыстық жат субмәдениеттіңдің таралуы осы шет елдік баспасөздің қаншалықты қауқарлы екенін көрсетеді. Сондықтан дамушы шағын елдер өз мәдениеті мен өз ақпараттық саясат жүргізу ісіне көп көңіл бөліп, сақ болуы керек. Қазақстан үшін, мемлекеттік тілдегі бұқаралық ақпарат құралдары үшін өзекті мәселе болып табылады[2]. Бұл дегеніміз тіліміз бен мәдениетімізді сақтап қалу үшін шет елдік ақпараттарды елге сүзгі арқылы өткізу керек. Яғни, елімізде цензураның болмауы осындай жат мәдениеттердің келуіне, тіпті оны жастар арасында қалыпты жағдай ретінде қарауға дейін жеткізіп жатыр. БАҚ – тың саяси, мәдени салада қандай маңызды екенін білдік. Баспасөз тіл бостандығымен, ашықтықпен ерекшеледі. Ал авторитарлы, тотолитарлы режімді елдерде БАҚ тілелей біліктің қолында болады. Әсіресе тотолитарлық елдерде мүлдем баспасөздің бостандығы жоқ деп санауға болады. Олар тек мемлекеттің ғана саясатын көрсетедеті және керек болған жағдайда тек билікті мадақтап, елдегі болып жатқан шындықты көрсетуден бастартады. Билік өзінің монополиясын барлық салаға қойған мемлекеттерде орын алады. Ал енді өзімізге келетін болсақ. Демокротиялық мемлекет деп аталатын республика болғанмен де көп жағдайда ақпараттың бұрмалануына және баспасөзде тіл бостандығының болмауына куә болалатын кездерімізде болады. Елімізде комерциялық теларалардың болғаныменде, олардың барлығы «Қазақстан» ұлттық арнасынан тарайды. Ал «Қазақстан» арнасы елімізді жалғыз мемлекет қаржыландыратын телеарна. Осындай жағдайларға байланысты көп жағдайда баспасөзде тіл бостандығы болмай жатады. Ақпараттардың бұрмалануы өте үлкен қауіпке себепші болады. Ол әлемде болып жатқан пандемия кезенде ерекше маңызыды. Себебі, осы кезде бейресими ақпарат көздері арқылы елдің ішінде көп жалған мәліметтер тарады. Оны халықтың сауатсыздығы деуге болама немесе БАҚ – тың рөлінің еліміздегі төмендігінен бе маған белгісіз, бірақ вирусқа қарсы вакцина алса, адамдар ұзақ өмір сүрмейді екен немесе электронды чиптар орнату арқылы барлық халықты бақылап отырады екен деген сияқты миға қонымсыз ақпарттар тарағаны өтірік емес. Ең сорақысы сол ақпаратқа сенген адамдардың қаншама болғаны. Бұл жағдай еліміздегі телеарналардың ақпараттарды дұрыс әрі жылдам жеткізе алмауында. Егер жақсы деңгейде болса кешкі эфирді күтпей-ақ, сағат сайын теледидар арқылы ресими ақпарттарды жеткізуге болатын еді. Әлеуметтік желілердің дамығанынан болар, солар арқылы тікелей ақпараттар тарап жатыр. Алайда оны кәсіби журналистер емес қазіргі уақыттағы блогерлер немесе қарапайым халықтың өзі ақпараттандырып жатыр. Осыдайлардың кесірінен болар деп ойламын, жалған ақпараттардың көп таралуы. Ресми ақпаратты халыққа жеткізу тікелей БАҚ – тың міндеті. Соның кесірінен болар, қарапайым халықтың теледидар қарау белсенділігі төмендегені. Алайда елдігі БАҚ – тың халық үшін рөлі маңызды. Ең бастысы қазақтар үшін ол – тәрбие құралына айналуы. БАҚ арқылы көпшілік қауымның көзқарасын өзгертуге де болады. Қоғамның пікірін қалыптастыру, ақпаратпен қамтамасыз ету, ағарту, ойын – сауық, хабар беру және экономикалық жағынан үлес қосу сияқты қызметтер ақпарат құралдарының қызметі. Осы аталғандар ішінен соңғы кезде елімізде ойын – сауыққа телеарналар көп көңіл бөлуде. Көп жағдайда ұлттық құндылықтардан көрі арнаның ритингі маңыздырақ болады. Ол дегенім еліміздегі арналарды ешқандайда тәрбиелік мәні жоқ ток шоулардың көрсетіліп жатуы. Халықтың назарын бос нәрсеге бұруға тырысатын сияқты көрінеді. Қазірдің өзінде елдегі маңызды, тарихи, тәрбиелік мәні бар ақпараттар қарапайым халықтың назарынан тыс қалуда. Осы арқылы қандай БАҚ – тың қандай рөл ойнайтынын байқауға болады. Жоғарыда келтірген БАҚ – тың қызметтерінің ішіндегі бір ғана саласы бар, қандай жағдай болмасын маңызды мәнге ие ол – газета. Ахмет Байтұрсынов осыған байланысты «Газета – халықтың көзі, құлағы һәм тілі»,–  деп жазған екен[3]. «Қазақ» газетінің оқырмандарына арнау сөзінде кеңінен тоқталып кеткен. Яғни, адамға құлақ, көз, тіл қалай керек болса, газетада халыққа сондай деңгейде керек деп жазады. Газета оқитын мен оқыматын халықтарды салыстыра отырып, оқымайтындарды көр, соқырға теңейді. Бұл дүниеде болып жатқаннан хабыры жоқ, ештеңеден хабары жоқ адамда өз пікірі мен  жеке көзқарасы болмайды дегенді білдіреді. Наполеон: «Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор», – деген екен. Осындай тұлғалардың сөздерін – ақ, газетаның қоғам өміріндегі ықпалдылығын байқауға болады.

...

Скачать:   txt (11.8 Kb)   pdf (153.6 Kb)   docx (51 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club