Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің болашақ кәсіби қызметім үшін саясаттанудың маңызы

Автор:   •  Октябрь 26, 2021  •  Доклад  •  578 Слов (3 Страниц)  •  762 Просмотры

Страница 1 из 3

Менің болашақ кәсіби қызметім үшін саясаттанудың маңызы

Менің мамандығым есепші және менің кәсіби қызметім үшін саясаттанудың маңызы өте үлкен деп білемін. Себебі, барлық бухгалтерлік есеп стандарттар мен заңдар шеңберінде шектелген. Сондықтан, саясаттануды білу, түсіну арқылы мен өз саламда өзімді білімді, сауатты, толерантты маман ретінде көрсете аламын.

Саясаттану дегеніміз қоғамдағы саясатты, билікті және саяси қатынастарды зерттейтін ғылым саласы. Жалпы мағынада саясат бұл билік қатынастармен, қоғамның мемлекеттік саяси ұйымымен, белгілі қағидалармен, нормалармен байланысты қоғам және мемлекет арасындағы қатынастарды реттеуге арналған сала. Қоғамдағы саясаттың рөлі тұлғалардың мүдделерін үйлестіру және теңестіру, жалпы ұжымдық ұмтылыстар мен мақсаттарды анықтау, барлық құқықтық мідеттер және өмір сүру ережелерін әзірлеу, қауымдастықтың барлық субъектілері арасында функциялар мен рөлдерді бөлу және жүзеге асырылатын ережелерді әзірлеу болып табылады. Дәлірек айтқанда, саясаттану – саяси сана мен саяси билік, саяси мүдделер мен саяси қатынастар. Сонымен қатар, саясаттанудың көптеген қызметтері бар олардың ішінде қоғамда болып жатқан оқиғаларды танып білу және тиісті баға беру.

Саясаттану – қоғамда болып жатқан оқиғалар. Саяси реформалар, жаңалықтар және өзгерістер барлық салаға ықпал етеді. Әлеуметтік көзқараста, саясат міндетті түрде мемлекеттік билікпен байланысты емес және қоғамдық өмірде ерекшелігі ашық көріне бермейді. Негізінде , саясат барлық жерде бар және кез келген құбылыс немесе әрекет саяси сипатқа ие болады. Олар белгілі бір ұжымның, қауымдастықтың және тағы басқа мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарды ұйымдастыруға және жұмылдыруға әсер етеді. Сол үшін мен өз жұмысымды дұрыс атқару үшін әр уақытта барлық оқиғалардан хабардар болу керекпін. Жалпы алғанда, бухгалтерлік есеп қызметінің міндеттеріне материалдық құндылықтарды жүргізу, жалақы ведомосы, салық есебін жүргізу, салықтық төлемдер мен бюджеттен тыс қорларға жарналарды есептеу және төлеу, реттеуші органдарға есеп беру жатады. Бас бухгалтерлер кәсіпорынның есеп саясатын, ішкі есептілік нысандарын жасайды және бухгалтерлік қызметтің жұмысын басқарады. Жұмыс қабылданған ережелер бойынша құжаттардың белгіленген нысандарын пайдалана отырып жүргізіледі. Ол үшін Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары қолданылады. Бухгалтер обьективті түрде барлық туындайтын оқиғалар мен өзінің өкілеттілігі шегіне кіретін сауалдар бойынша нақты фактілерді қарастыруы керек.Ол өзінің жеке басының тарапынан болатын қысымдардың  оның қызметінің нәтижесіне әсер етуіне жол бермеуі керек. Тәуелсіздік бухгалтердің нақты және обьективті  түрде қызмет етуін білдіреді: қандай да бір жағдайлардан кәсіпорынның  тәуелсіз істерінің шынайы жағдайын көрсету; бухгалтерлік есп жүргізуді  және қаржылық нәтежиелер құруды  тек  ҚР-ң бухгалтерлік есепке алу  және қаржылық есеп беру туралы заңына сүйене отырып жүргізу. Өз қызметіндегі өкілеттілігі мен ақиқаттылығы−бұл бухгалтердің кәсіби қызметіндегі жетістіктің негізі. Егер бухгалтер қандай да бір мәселеге қатысты өкілетті емеспін деп сезінсе, онда ол кәсіпорынның басшылығына бұл жайында жасырмай айтуы керек және осы қызметке неғұрлым  өкілетті маманды шақыруы тиіс. Әрбір бухгалтердің өз міндеттеріне  мұқият және қатал қарауы, бекітілген бухгалтерлік стандарттарды қадағалауы, өз білімінің әр кезде жоғары деңгейде болуын қолдауы және кәсіби  шеберлігін үнемі жетілдіруі – алдына қойылған ең басты мақсаттар деп айтуға болады. Осы кезде саясаттану маңызды рөл ойнайды.

...

Скачать:   txt (8.4 Kb)   pdf (59.4 Kb)   docx (8.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club