Лекции по "Политологии"
Автор: 87082342702 • Декабрь 20, 2023 • Курс лекций • 8,110 Слов (33 Страниц) • 133 Просмотры
Саясаттану бойынша білімдерін тексеру үшін сұрақтар
- Саясаттың табиғаты және әлеуметтік мақсаты.
Саясаттану табиғатын негізі екі көзқарасқа негіздейді. Біріншісі шынайы табиғат болса, екіншісі шынай әлеуметтік. Біріншісі элементарды қарымм қатынасқа негізделіп, табиғат адамдарға бірге тұрудың өнерін көрсетеді. Саясаттанудың қоғамдық табиғаты мемлекеттің білімі мен құқықтық негіздеріне байланысты. Саясаттың табиғатын қараудың бірнеше тәсілі бар: 1.Дерективті – қоғамдық қозғалысты, прцестерді басқару жолдарнда мемлекеттік билік механизмдер арқылы жүзеге асырылады. Яғни, билік қатынастары басқарушы және бағынушы арасында болады, қоғамды толық игеруге тырысады. 2. Функционалдық – сясаттың басқару жүйесінде билік тармақтарын қызметіне қарай белгілі міндеттеріне бөледі. Билік өкілдері өздеріне берілген міндеттермен өкілеттіктен шыға алмайды. 3. Коммуникативті – саяси қатынастардың негізін құрады, ортақ көзқарасқа сәйкес адамдарды біріктіреді. Интеграция немесе күрес саласы ретінде талқыланады. / Саясаттың әлеуметтік мақсаты: оның ақаратын қызметіне сәйкес теориялық, методологиялық, практикалық, болжамдық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеледі. Теориялық нақты саяси оқиға мен процесстерге аналлиз жасап, идеалдар мен тәжірибе шығарады, саяси білімдід арттырады. Методологиялық функцияда саяси шынайылық пен принцитерімен, ғылымның категориялық негізін қалайды. Сясаттанудың әлеуметтік функциялары бір бірінің толықтыру арқылы бір бүтінді береді. Біріге отырып ол жүйеде әлеуметтік рольін толықтай түсінеді.
- «Саяси тәртіп» түсінігінің мазмұны.
Саяси тәртіп деп саяси билік, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады. / Демократиялық және антидемократиялық. Демократиялық: 1. Билік сөзі халықта. 2. Сөз бостандығы. 3. Сайлаудың шық жүруі. 4. Азаматтардың тең құқықтары. 5. Азшылықтың көпшілікке бағынуы. Антидемократилық тәртіп: тоталитарлық және авторитарлық. Тоталитарлық (лат. бүтіндей, тұтас) деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік саяси құрылым. Өндіріс,БАҚ, Білім,мәдениет т.б. мемлекет бақылауында болады.Мысалы:Гитлер, Сталин. Авторитарлық деп күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мелекеттік-саяси құрылыс. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент жойылмайды, ол кеңесші оргон болады.
- Саяси биліктің егеменділігі және легитимділігі.
Саяси биліктің легитимділігі (лат.заңдылық, шындық) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялык жағдайда мемлекеттік билік легитимді болу үшін мынандай екі шарт қажет: 1. Халықтың қалауы бойынша қалыптасуы керек. 2. Мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылу керек. Немістің ғалымы Макс Вебер билік басына елудегі легитимдікті мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті: 1. Әдет-ғұрыптық легитимдік. Халықтың салт дәстіріне сүйенеді. (хан,сұлтан, патша) билігін дұрыс заңды деп түсінеді. 2. Харизматикалық легитимдік. Батырлығымен, адалдағымен көзге түскен адамды басш етіп жариялап, соның соңынан ереді. (Мұхаммед с.ғ.с. пайғамбар, Ганди) Харизма – көсемге, мемлекет басқарушының жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді. 3. Ақыл-парасаттың легитимдігі. Қазіргі саяси құылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.
- Билік қорларының түрлері.
1.Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы, сайлау науқанын өткізу үшін ондаған миллион ақша жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қражат жеіспегендіктен шет елдерде үміткерлер жеке бай адамдардың, бірлестіктердің көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты ұстау үшін ұаншама қаражат кетеді. Билік басына келген топ өзінің экономикалық бағдарламасымен келеді. Мысалы АҚШ президенттері Рузвельт « Жаңа бағыт», Кенедди «Жаңа шеп». Т.б. Экономикалық қорға қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да матер. құндылықтар, құнарлы шұрайлы жер. пайдалы қазба т.б 2.Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдар іздейді. Қазіргі батыс елдерінде үстемдік етіп отырған саяси билікті сақтауға халықтың көпшілігі мүдделі. Мысалы зейеСебебеі оларда орта деңгейде тұратын адам көп, саяси билік басыына келгендер соларға арқа сүйейді, көпшілікті мұқтаждық жағдайға жібермейді, елдерінде әлеуметтік әділеттілік, халыықты сақтандыру кең дамыған. Мысалы зейнеткер жұмыс істеп жүргенде алған жалақысының 90% ға дейінгісін ала алады, неше түрлі қайырымдылық қорлары жұмыс істейді және т.с. 3.Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған жататындар: әскер, полиция, қауіпсіздік оргадары, сот, прокуратура т.с. тарихи тәжірибиге сүйенсек, саяси билік оларды өз мақсаттарына әсіресе экономикалық саяси дағдарыстар кезінде жиі пайдаланады 4.Ақпарат құралдары. Қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны төртінші билік деп те атайды. Кейбір саяси қайраткерлер кім теледидард бақыласа, сол бүкіл елді бақылай алады деп санайды. Ақпарат құралдарының маңызы шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппазициялық партиялар бар елдерде арта түседі.Ақпарат кімнің қолында болса,ХХІ ғ. соның қолында.
...