Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Политологии"

Автор:   •  Июнь 19, 2023  •  Курс лекций  •  33,279 Слов (134 Страниц)  •  265 Просмотры

Страница 1 из 134

1 Саясаттың түсінігі, құрлымы және міндеттері

1. Саясат (гр. politika — мемлекетті басқару өнері) - мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:

  1. Өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;
  2. Мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;
  3. Адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;
  4. Әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;
  5. Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.

Саясаттың негізгі функциялары - қоғамдық өмірдің негізгі салаларын интеграциялау, қоғамның біртұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Саясат құрылымы

Саясат күрделі құрылымға ие. Оның маңызды элементтері-саясат объектілері, саясат субъектілері, Саяси билік, саяси процестер, саяси идеялар мен тұжырымдамалар.

Саясат объектілері-үнемі өзгеріп отыратын қоғамдық проблемалар, оларды шешу саяси институттардың бүкіл жүйесінің тиісті шаралар , тиісті басқару шешімдерін қабылдауды талап етеді.


Саясат объектісі көп түрлі саясат дүниесі болып табылады, бұған мемлекетті, саяси институттарды, билік нысандарын және олардың қоғамдық жүйедегі рөлін зерттеуді жатқызуға болады, бүл оның саяси қозғалыстардың, партиялардың, сайлау жүйелерінің маңызы мен рөлін талдау, сайлаушылардың саяси мінез-құлқының әртүрлі нысандарын және олардың мотивациясынбұқаралық ақпарат құралдарының рөлін және олардың қоғамдық пікір қалыптастыруға тигізетін әсерін зерттеу.

Саясат субъектілері-саяси қызметтің тікелей қатысушылары.

Бұл, ең алдымен, мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесіне тікелей немесе жанама қатысатын немесе оған ықпал ететін адамдар, әлеуметтік топтар, қабаттар, ұйымдар. Саясат субъектісі құрылымдық түрде ұйымдастырылуы және әлеуметтік институт (саяси партия, мемлекет, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) болуы мүмкін.

Саяси билік-белгілі бір саяси күштердің қоғамға әсер ету, күштер мен мүдделердің тепе-теңдігі негізінде саясатты әзірлеу және жүзеге асыру қабілеті, оны адамдарға бағындыру.

Саяси процестер-әртүрлі саяси күштердің, саяси мәселелерді шешудегі саясат субъектілерінің өзара әрекеті, олардың саясат объектілеріне әсері. Өзара әрекеттесу сипаты (мысалы, келісім немесе қарама-қайшылық, саяси күрес немесе ынтымақтастық) субъектілердің саяси мәдениетінің жетілуіне, қоғамның жағдайына байланысты.

Саяси идеялар мен тұжырымдамалар – қоғамның саяси дамуын теориялық тұрғыдан түсіну. Саяси теориялар саясат әлемін оның барлық көріністерінде, соның ішінде саяси институттардың жұмыс істеуінде түсіндіреді.

2 саясаттану – ғылым саласы және оқу пәні

Саясатты көптеген ғылымдар зерттейді: философия, тарих, психология, әлеуметтану. Ал саясаттану саясатты жан-жақты, жүйелі зерттейтін ғылым.

       "Саясаттану" термині грекше екі сөзден құралады: "politike" – қала-мемлекетте (полис) билікті жүзеге асыру өнері және "logos"-ұғым, пікір, білім. Яғни, саясаттану – саясат туралы ғылым.  

        Саяси ғылымдардың философиялық негіздерін Аристотель алғаш рет зерттеді. Ол "Politika" трактатын жазды. Сонымен бірге саясатты зерттеуге Платон, Әл-Фараби, Макиавелли, Вебер, Истон, Парсонс, Алмонд, Хантингтон, және басқа да көптеген ғалымдар үлес қосты.  

...

Скачать:   txt (511.7 Kb)   pdf (1.1 Mb)   docx (1 Mb)  
Продолжить читать еще 133 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club