Тест по "Административному праву"
Автор: armankanatuly • Май 9, 2022 • Тест • 1,212 Слов (5 Страниц) • 224 Просмотры
1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңына сәйкес лауазымды адам – ол:
A. Тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
B. құқықтануға, заң ғылымдары бойынша маман; құқықтың төңiрегiдегiн жаттығу қайраткерi
C. Қылмыстық және азаматтық істерді қарау кезінде соттық дәлелдемелерді жинақтаудың, тиянақтаудың, зерттеудің және пайдаланудың арнаулы тәсілдері, әдістері мен құралдары жүйесін жасақтайтын адам
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңында қамтылғаннан өзге де қағидалар белгіленген болса, онда.... қолданылады
А. сот решімі
В. ҚР заңының қағидалары
С. Халықаралық шарттың қағидалары
3. Қандай азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ?
А. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған
В. Жеке кәсіпкер
С. Бас бостандығынан айырылған
4. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті басқаруды кім ұйымдастырады?
А. ҚР Парламенті
В.ҚР Үкіметі
С.ҚР Президенті
5. Төмендегі аталған нормативтік құқықтық актілердің қайсысы жоғары құқықтық мәнге ие
А. ҚР Конституциясы
В.ҚР Заңы
С.ҚР Кодексі
6. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы қандай қатынастарды реттейді?
А. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған
В. мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық жағдайын, олардың әлеуметтiк және мемлекеттiк қызмет саласындағы қатынастарды реттеу мақсатында
С. бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген заң
7. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңында көрсетілген жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға рұқсат беріледіме?
А. Тек қана сотпен
В. ия, мемлекеттік орган басшысының және мүдделi заңды тұлға немесе прокурор шешімі бойынша
С. педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға тыйым салынады
8. Қай нормативтік құқықтық актілермен сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза көзделген?
А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде
В. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде
С. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде
9. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
А. мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының басты бағыттарын белгілейтін функцияларды жүзеге асырады және Қазақстанды ел ішінде және халықаралық қатынастарда білдіреді
В. Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды
С. сот билігін жүзеге асырады
10. Прокуратура мемлекет атынан…………………… жоғары қадағалауды жүзеге асырады.
А. заңдардың дұрыс әрі дәлме-дәл орындалуына
В. Қазақстан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуына
...