Отчет по практике в ''Қзыл-Жар" ЖШС
Автор: Amanai • Май 29, 2020 • Отчет по практике • 8,361 Слов (34 Страниц) • 497 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Агрономия кофедрасы
Өндірістік практика жөніндегі
ЕСЕП
Мамандық 5В080100-Агрономия
Орындаған: Омарбек Д.Р ,күндізгі оқу
нысанының 2-курс
(негізгі оқу бағдарламасы)
Жетекшісі: Ермагамбетова А.О
Есепті қорғау:
22.05.2020Ж болды.
Баға:
Қостанай 2020ж.
1
Мазмұны
1 ''Қзыл-Жар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымымен танысу...................................................................................................... 3
1.1 Жер жырту және топырақты өңдеу.................................................. 4-5
1.2 Ауылшаруашылық дақылдарын дәрілеу және тыңайтқыш қолдану......................................................................................................... 6
1.3 Ауылшаруашылық дақылдарын егу.................................................... 7
2 Ауылшаруашылық техникаларымен танысу........................................... 8-9
2.1 Көкөніс егу............................................................................................. 10-11
2.2Ауылшаруашылық дақылдарын суару және күтіп өсіру............................................................................................................... 12-13
2.3 Астық жинайтын комбайндармен танысу............................................ 14
Қорытынды................................................................................................. 15
Қолданылған әдебиттер.......................................................................... 15
2
''Қзыл-Жар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымымен танысу. Түлкібас облыстың оңтүстік шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 2,3 мың шаршы шақырым. Ауданда 1997 жылдан бастап ондаған акционерлік қоғамдар,серіктестіктер шаруа қожалықтар құрылды. Соның ішінде ''Қзыл-Жар" ЖШС да бар. Нүрсейт Мамыров басқарып отырған ''Қзыл-Жар'' жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінгі күнде қарқынды даму үстінде. Соның дәлелі ''Қзыл-Жар'' ЖШС ауданда көрсеткіші жоғары, алдыңғы қатарлы ірі ұйымдардың бірі. Серіктестік Түлкібас ауданының Ынтымақ ауылында орналасқан. Ауданнан 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Практика өту барысында көптеген тәжірибе жинадым, түрлі ауылшаруашылық техникалары мен танысып,егін шаруашылығында қалай қолданылуын іш жүзінде тексеріп,бақылап көрдім. Түлкібас ауданы таулы аудан болғасын, табиғаты өте жайлы. Күз және көктем мезгілдерінде жаңбыр жиі түседі. Мұнда алма басы мен көкөніс өсіруге өте қолайлы аймақ. Құнарлы өңір болғандықтан жыл сайын ауылшаруашылық дақылдарынан өнімді мол береді. Түлкібас ауданы, Ынтымақ ауылында маңызды істер үздіксіз атқарылып жатыр. Себебі ''Қзыл-Жар''ЖШС ауданды және ауылды асырап отырған серіктестік десе болады. Ауыл тұрғындарына үзбей әлеуметтік көмек көрсетіп, аз қамтылған отбасыларға қамқорлық көрсетіп келеді. Серіктестік ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен,өңдеумен және сатуды жүзеге асыратын дербес шаруашылық субъектісі. Серіктестікте барлық ауылшаруашылық жер көлемі – 2629 га. Оның ішінде егістік жер – 1659 га. Биылғы жылдың өніміне ''Қзыл-Жар'' ЖШС 615 га күздік бидай, 454 га арпа, 275 га мақсары, 20 га көкөніс, 10 га картоп және 85 га таза жоңышқа екті. 200 га жоңышқалық бұрынғы жылдан пайдаланып келе жатқан жер.
...