Физиология
Автор: Альмира Серік • Октябрь 20, 2023 • Лекция • 1,343 Слов (6 Страниц) • 135 Просмотры
Физиология
- ОЖЖ жалпы физиологиясы.
Жүйке жүйкесі екіге бөлінеді: орталық және шеткі. ОЖЖ-ға бас ми және жұлын жатады. Осы ОЖЖ маңызына келетін болсақ;
- Организмнің сыртқы ортамен байланысуы арқылы ОЖЖ қызметінің үйлестірілуі және біріктірілуі;
- Сыртқы ортадан түскен тітіркендірулерді талдап, эфференттік импульстарды қалыптастырады;
- Организм жүйелерінің тонусын қамтамасыз ету.
Ожж жүйкесі организімізде 2 маңызды физиологиялық қызметі бар:
- Рефлекстік
- Өткізгіштік.
Енді осы жерде рефлекстік қызметіне тоқтасақ: ОЖЖ-ның негізгі қызметті болып табылады. Рефлекс дегеніміз – ОЖЖ-нің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы. Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға. Яғни импульсті рецепторлардын жүйке орталығына, одан шеткі ағзаға(эффекторға) жеткізетін жол.
Рефлексттік доға 5 бөлімнен тұрады:
- Қабылдаушы құрылым – рецептор;
- Қозуды орталыққа жеткізетін – афференттік жүйкеден;
- Аралық нейрондардан тұратын орталықтан;
- Қозуды орталықтан эффекторға жеткізетін эфференттік жүйкеден;
- Жауап беруші құрылым – эфффектордан тұрады.
ОЖЖсі негізі нейрондардан және нейроглиялардан тұрады. Ал нейрон талшықтары құрылысына қарай 2ге бөлінеді: миелинді және миелинсіз. Миелинді нейронда қозу миелинсіз нейронға қарағанда тез өтеді.
- Жүйке орталықтарының қасиеттері.
ОЖЖ-ден қозу өтуінің 16 қасиеті бар. Олар тек 12 қасиетіне тоқталсақ.
- Жүйке орталығында қозу бір бағытта өтеді;
- Қозу сонымен қатар баяу өтеді, яғни әр синапста 1-2 мс кідіреді. Қозудың баяу өтуінің тағы да себептері түйіспелерден медиаторлардың бөлінуі, сонымен қатар олардың постсинапстық мембраналардың рецепторларымен әрекеттесуі және де түйіспеден кейінгі қоздыру потенциалымен тікелей байланысты;
- Жүйке орталығын үздіксіз тітіркендірудің нәтижесінен олардың тез қажуын байқаймыз. Қажудың себептері:
- Медиатор санының азаюы;
- Нейрондағы қуат қорының азаюы;
- Нейрондарға оттектің жетіспеуі – гипоксия;
- Жүйке импульстарының із салуы – кейінгі серпіністер алғашқы серпіністерден жылдамырақ өтеді. (Алғашқы серпініс кейінгі өтетін серпіністерге із немесе жол салады.)
- Жүйке орталығында қозудың жиілігі мен күші, тітіркендіргіштің жиілігі мен күшіні тең болмайды, өзгереді - Трансформация. Жүйке орталығының осы қасиетіне физиологтар мынадай теңеу берген: (ОЖЖ мылтықтың дара оғына, пулиметтің дүркін-дүркін оғымен жауап береді.)
- Тітіркендіргіш әсеріне қарағанда оған қайырылатын жауап уақыты әлдеқайда ұзақырақ. Тітіркендіру тоқтағанымен жүйке орталығындағы қозу көпке дейін тоқтамайды. Ол жүйке орталығындағы нейрондар арасындағы байланыстарға тікелей байланысты.
- Дивергенция мен конвергенция. Дивергенция дегеніміз бір аксонның көптеген нейрондармен синапс құрай отырып, бірнеше нейрондарды тітіркендіруі. Ал конвергенция дегеніміз осы құбылысқа қарама-қарсы, яғни бірнеше нейрондардан келетін серпіністер бір немесе аз ғана нейрондарды тітіркендіреді. Бұл екі құбылыс ОЖЖде қозудың өту қасиетінде ерекше орынды алады.
- ОЖЖда окклюзия құбылысы жүреді. Оның мәні мынада: қозудың кеңістіктік жинақталуы рефлекстік жауапты күшейтеді, бірақ оның нәтижесі арифметикалық жиынтықтан төмен болады және төмен болғандықтан рефлекстік жауап әрине болжам жауаптан төмен болады.
- Жүйке орталығы үздіксіз тонуста болады. Орталықтың тонусы күшейсе, бұл қозудың үдегенін көрсетеді, ал тонус төмендесе-қозудың төмендегені. Мысалы: кезеген жүйке тонусы күшейсе, орталықтың қозуы күшейіп, жүрек соғуы сирейді.
- Жүйке орталығы кейбір фармакологиялық заттарға өте сезімтал келеді. Мысалы: ми қыртысы хлороформ мен эфирге өте сезімтал болып келеді. Апоморфин құсу орталығын қоздырады, ал лобелин тыныс орталығы тонусын күшейтеді.
- Гипоксияға өте сезімтал;
- Қозудың жинақталуы. Яғни ОЖЖ туған қозу тап осындай екінші қозуға ұласады да нейронның қозуын күшейтеді. Оны И.М.Сеченов ашқан. Жинақы қозудың екі түрін ажыратады:
- Кеңістіктік, ол конвергенцияға негізделген;
- Бір іздік немесе уақыттық.
- ОЖЖ-сін үйлестіріуінің негізгі принципттері.
ОЖЖдегі ең көрнекті және маңызды қызметтінің бірі рефлекстерді келістіру мен үйлестіру болып табылады. Мысалы, адам бір сәтте тамақты шайнап және жұта алмайды, өйткені шайнау мен жұту орталықтары бір мезгілде қозбайды. Бірі қозғанда, екіншісі тежеледі. ОЖЖде қозу мен тежелу үрдістерінің тууы мен сөнуін, орталықтардың қарым-қатынасын үздіксіз жөнге келтіріп үйлестіріп отырады. ОЖЖде рефлекстерді үйлестіруде субординация құбылысы мен қозуды өткізу ерекшеліктері әсіресе жинақы қозу, конвергенция мен окклюзияның маңызы өте зор. Сонымен қатар ОЖЖде рефлексті үйлестірудің бірнеше негізгі принциптері де бар:
...