Туберкулездің рекомбинантты аллергенді препарат
Автор: Zhkhairova • Сентябрь 4, 2020 • Реферат • 343 Слов (2 Страниц) • 451 Просмотры
7. Туберкулездің рекомбинантты аллергенді препараты қандай мақсатта қолданылады, қандай жағдайда аллергенге жауап қолданылмайды ...
Жауабы: Туберкулездің рекомбинантты аллергенді препарат - Диаскинтест – организмдегі туберкулез микробактериясын танып, туберкулез диагностикасында пайдаланылатын жаңа препарат. Бұл тест туберкулез аллергодиагностикасына арналған жаңа препарат: туберкулезди инфекция анықтау кезінде сапаны жоғарлату мақсатында жасалған. стандартты сұйылтудағы туберкулезді рекомбинантты аллерген консерванты (фенол) бар, стерильді изотоникалық фосфатты буфер ерітіндісінде сұйытылған, Escherichia coli BL21(DE3)/pCFP-ESAT генетикалық модифицияланған өсірінділер өндіретін рекомбинантты ақуызды білдіреді. Құрамында туберкулез микобактерияларының вирулентті штамдарында болатын және БЦЖ вакциналық штамында болмайтын екі антиген бар.
Диаскинтесттің қасиеттері
- жоғары спецификалы - сау және БЦЖ-вакцинацинасы салынған адамдарда туберкулинге қарағанда оң реакциялар туғызбайды; Туберкулинде бұл жағдайларда жиі оң реакция тудырады;
- жоғары сезімтал – активті туберкулезбен ауыратын барлық науқастар және туберкулезге жоғары қаупі бар науқастарда препаратқа оң реакция туады ;
- процестің белсенділігін бағалауға және туберкулезді емдеудің тиімділігін қадағалауға мүмкіндік береді; туберкулезден айыққан адамдарда (балаларды қоса алғанда) - теріс реакциялар туады.
Қолдануы:
- туберкулез диагностикасында, туберкулездің белсенді даму қаупі жоғары адамдарда үдеріс белсенділігін бағалауда және айқындауда
- туберкулездің дифференциалды диагностикасында
-вакцинадан кейінгі және инфекциялық аллергияны (баяу типті асқын сезімталдықта) дифференциалды диагностикалауда
-басқа әдістермен кешенде туберкулезге қарсы емдеу тиімділігін бағалауда
Қарсы көрсеткіштері
Асқынуы мен жанама әсері:
Диаскинтесттің улкен немесе жасөспірім және балаларға асқынуы болмайды.
Өте сирек кездесетін жанама әсері:
-Жоғары температура;
-Әлсіздік;
-Бас айналу;
15. Барлық рентгенологиялық зерттеу әдістерін атап өтіңіз
...