Трансляция
Автор: said.sabyr • Октябрь 11, 2021 • Реферат • 698 Слов (3 Страниц) • 887 Просмотры
[pic 1][pic 2][pic 3]
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Трансляция
Орындаған: Хабибулла Саид
Тексерген: Максутова Айдана Мадиевна
Алматы, 2021 жыл
МАЗМҰНЫ
- КІРІСПЕ
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Трансляция компоненттері
- Трансляция 3 кезеңі
- Трансляцияның прокариоттар мен эукариоттардағы айырмашылығы
- Генетикалық код
- ҚОРЫТЫНДЫ
- ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Трансляция дегеніміз – ағылшын тілінен аударғанда көшіру дегенді білдіреді. Тұқым қуалау ақпаратының а-РНҚ молекуласындағы нуклеотид амин қышқыл жүйесіне көшірілуі. Трансляция болашақ белокқа а-РНҚ кезегіне айналдырады, яғни белоктың биосинтезі жүретін ақырғы кезең. Трансляция просцесі цитоплазмада жүзеге асырылады.
Трансляция компоненттерінің түрлері:
- Тасымалдаушы РНҚ
- АТФ және ГТФ
- Белоктың биосинтезі
Тасымалдаушы РНҚ – трансляция процесі кезінде кодондар мен оларды анықтайтын амин қышқылдары бір-бірімен тікелей әрекеттеспейді. Олардың арасындағы байланыс тасымалдаушы РНҚ арқылы жүзеге асырылады.
Тасымалдаушы РНҚ қызметі: арнайы аминоация-т-РНҚ-синтеза ферментінің көмегімен нақты бір аминқышқылымен байланысу, оны белоктың биосентезі жүретін жерге жеткізеді. Тасымалдаушы РНҚ-ны сонымен қатар ерігіш РНҚ деп те атайды. Қазіргі кезде 100 ден артық тасымалдаушы РНҚ типтері анықталған. Нуклеотидтерінің орналасуы бойынша ең алғаш т-РНҚ ашытқы саңырауқұлағынан аланиндік жолмен алынған. Оны Р.Холлей өз әріптестерімен 1965 жылы ашқан. Осы хылыми жаңалығы үшін Р.Холлей 1968 жылы Нобель сыйлығына ие болды.
Тасымалдаушы РНҚ-ға тән қасиеттер:
- Олар а-РНҚ мен р-РНҚ қарағанда мөлшері кіші. Седементация коэффиценті 4С ті құрайды.
- А:У және Г:Ц қатынастары 1-ге жақын. Г-Ц жұптарының саны А-У дан артық.Олардың ара қатынасы 1: 0,7 құрайды.
- Барлық т-РНҚ үшінші реттік құрылымда болып қызмет атқарады, олардың тұрақтылығын сақтауда Mg 2+ иондары концентрациясының маңызы зор.
- т-РНҚ құрамында «ерекше» нуклотидтер болады. Олар: псевдоуридин, инозин, дигидроксиоудин және т.б
Тасымалдаушы РНҚ пішіні: жоңышқаның жапырағы секілді үшқұлақты болып келеді.
[pic 4]
Белоктың биосинтезі белокта мына компонеттер қатысуымен жүреді:
- Аминқышқылдары- 20 түрі
- Ақпараттық РНҚ
- Тасымалдаушы РНҚ
- Рибосомалар
- Ферменттер
- Аминоацил
- Пептидтік полимеразалар
- АТФ молекулалары(энергия көзі)
- ГТФ молекулалары – пептидтік байланысулардың синтезін қамтамасыз етеді.
- Ерігіш белоктар – инициация және тасымалдау факторлары
- Бейорганикалық катиондар
Белоктың биосинтезі 200-дей әртүрлі белоктардың қатынасуымен жүретін биохимиялық процесс. Ол үш кезеңнен тұрады:
- Инициация
- Элонгация
- Терминация
Белоктың биосинтезі жасушаның цитоплазмасындағы арнайы органодтарда – рибосомаларда жүреді. Рибосома күрделі нуклеопротеидтік кешен.
[pic 5]
Трансляцияның прокариоттар мен эукариоттардағы айырмашылығы.
Прокариоттар мен эукариоттарда белоктың биосинтезі ұқсас принциптер негізінде жүргенімен бірқатар айырмашылықтары да бар.
...