Стационар
Автор: ssim_02 • Сентябрь 9, 2021 • Отчет по практике • 7,460 Слов (30 Страниц) • 239 Просмотры
-[pic 1] | ҰАҚ «Астана медицина университеті» | Бет \ |
Қашықтықтан оқыту кезіндегі практика туралы студент есебі |
Студенттің аты-жөні:
Мамандығы: Жалпы медицина
Курс: I
Оқу практикасы: «Клиникалық практика»
Кафедра: «Медицина негіздері»
Жетекшінің аты-жөні:
Практикадан өту күндері: 25.01.2021 - 29.01.2021ж
Тақырыбы:Стационар
Орындау күні :25.01.2021
Жедел аурулары бар науқастарды госпитализациялау, созылмалы аурулардың өршуі, жүктілік патологиясы (токсикоз, анемия), тәулік бойғы стационарлық режимді қажет етпейтін емдеу мақсатында науқастарды жоспарлы түрде госпитализациялау, тәулік бойы стационарлық емдеуден кейін пациенттерге күтім жасау үшін ұйымдастырылған.
1) стационарлық көмек - тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны;
Стационарлық көмек көрсететін ұйымдар мамандандырылған және медициналық-әлеуметтік бейіндегі стационарларды қоспағанда, жоспарлы, шұғыл сипаттағы медициналық көмек көрсетуге мұқтаж пациенттерді тәуліктік режімде емдеу мен бақылауды қамтамасыз етеді.
Стационардағы қабылдау бөлімшесі алғашқы диагноз қоюда, жағдайдың ауырлық дәрежесін анықтауда және науқасты емдеуге жатқызу қажеттілігін шешуде маңызды рөл атқарады. Стационарға жатқызу үшін көрсетілімдері білікті, мамандандырылған медициналық көмек көрсету және тәулік бойы медициналық бақылаумен жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету қажеттілігі болып табылады. Қысқа уақыт ішінде дәрігер симптомдарын бағалап, науқасқа тексеру жүргізіп, диагнозды тез анықтау үшін ең аз диагностикалық емшараларды тағайындауы тиіс. Қысқа мерзімде сауығуға әкелетін дұрыс диагноз және тиімді емдеу – бұл талаптарды қазіргі уақытта тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, сонымен қатар пациенттердің өздері де қояды.
Стационарлық үлгідегі медициналық мекеме қызметінің негізгі әлеуметтік-экономикалық міндеттері:
* алғашқы медициналық-санитарлық көмек, оның ішінде алғашқы дәрігерге дейінгі, Алғашқы дәрігерлік және алғашқы мамандандырылған көмек • ;
* мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, медициналық көмек;
* шұғыл түрде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;
* алғашқы мамандандырылған медициналық-санитарлық көмек көрсету кезінде дәрігер-мамандарды қабылдау;
* алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету кезінде диагностикалық аспаптық және зертханалық зерттеулер жүргізу;
* алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету кезінде компьютерлік томография, магниттік-резонанстық томография және ангиография жүргізу;
* стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
* дәрігер – мамандардың айғақтары болған жағдайда үйде тексеру.
Медициналық стационардың ұйымдық құрылымы
[pic 2]
Медициналық стационар, әдетте, персоналдың желілік-функционалдық құрылымына ие. Барлық қызметкерлер мен аурухананың басында бас дәрігер тұр. Оның қарамағында Медициналық және ұйымдастырушылық бөлім бойынша бас дәрігердің орынбасарлары, түрлі бөлімшелердің меңгерушілері, бөлімше меңгерушілерінде осы бөлімшенің дәрігерлері, мейіргерлері мен санитарлары болады. Осылайша, аурухана қызметкерлерінің ұйымдық құрылымы дара басшылықты сақтауға, бөлімшелердің желілік құрылысына және олардың арасындағы басқару функцияларын бөлуге негізделген.
Басшылық құрамына сондай-ақ: бас дәрігердің емдеу бөлімі жөніндегі орынбасары (мед.басы), ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, хирургия жөніндегі бас дәрігердің орынбасары, экономика жөніндегі бас дәрігердің орынбасары, кадрлар жөніндегі бас дәрігердің орынбасары, бас бухгалтер, техникалық қызмет көрсету жөніндегі бас дәрігердің орынбасары кіреді.
Дәрігерлер кең бейінді дәрігерлерге (хирург, терапевт, акушер-гинеколог, педиатр) және тар мамандықтағы дәрігерлерге (стоматолог, отоларинголог, офтальмолог, нарколог, инфекционист, дерматовенеролог, невропатолог, рентгенолог, психиатр, анестезиолог және т.б.) бөлінеді.
...