Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Рекомбинантты вакциналар

Автор:   •  Ноябрь 7, 2021  •  Реферат  •  1,205 Слов (5 Страниц)  •  560 Просмотры

Страница 1 из 5

[pic 1]

БОӨЖ № 5 Рекомбинантты вакциналар

                                               Орындаған:Сарсенбаева Нұрай

           Тобы:212-А

                                             Мамандығы:Жалпы медицина

                                              Тексерген:Аяжан Тұрсынқызы

Белсенді (активті) иммундау. Вакциналар бірнеше топқа бөлінеді: тірі, өлі, аралас (комбинацияланган) және рекомбинантты (векторлық). Тірі вакциналарға патогенді қоздырғыштардың аттенуацияланған штамдарынан және қоздырғышқа антигендігі жақын туыстас вирустар штамдарынан дайындалған вакциналар жатады. Инактивацияланған вакциналарды 2 топқа бөлуге болады: корпускулярлық және молекулярлық (пептидтік). Корпускулярлық вакциналар бүтін вирустық бөлшектерден (бүтін вириондылар) немесе бөлініп алынған антигендік кешендерден (субвириондылар) тұрады. Пептидті вакциналарда химиялық немесе биологиялық тәсілдермен синтезделген антигендік кешендер молекулалары болады. Қазіргі кезде үдемелі түрде молекулалы генді- инженерлік вакциналар кең жасалуда. Олар үшін спецификалық микроорганизмдер антигендерін синтездеу қабілеттілігі бар бактериялардың, вирустардың немесе саңырауқұлақтардың рекомбинантты штамдарын дайыңдау арқылы алады. Жаңа буынды вакциналарды жасаудың негізгі бағыттары: синтетикалық және жартылай синте-тикалық, көп компонентті полиантигенді ассоциациаланған және инъекциясыз қолданылатын мукозальды вакциналар жасап шығару. Синтетикалық және жартылай синтетикалық вакциналар құрамында заттар мен қосылыстар жоқ және тасымалдаушы адъюванттарға сіңірілген антигендерден немесе, молекулалы түрдегі антиген детерминанттарынан тұрады. Гендік инженерлік рекомбинантты вакциналар (вирустық полинуклеотидті ДНҚ вакциналары) жасап шығарудың болашағы зор. Қазірдің өзінде құрамында әртүрлі патогендердің антигендерін тасымалдайтын бактериялардың, ашытқы саңырауқұлақтардың, вирустардың 100 - деген рекомбинантты штамдары алынып отыр. Мысалы, шешек вакцина вирусының негізінде В гепатитке, кенелі энцефалитке, құтыру ауруына, АИВ (ВИЧ) инфекцияға және тағы басқа да векторлық вакциналар алынды. В гепатитке қарсы рекомбинантты вакциналары алынды, АИВ инфекцияға-қарсы рекомбинантты вакцина клиникалық сынақтан өтіп жатыр.

Вакциналардың сапасы олардың тиімділігі, қауіпсіздігі,зиянсыздығы, экономикалық тактикалық - техникалық параметрлері бойынша іс жүзінде кең қолдану мүмкіндігіне қарай анықталады. Рекомбинанттық вирустар негізінде вакциналар жасап шығаруда жаңа вакцинарды іздестіру және қолданыстағыларды жетілдіру қазіргі кезеңнің ең перспективті бағыты ретінде қарастырылады. Бұл процестің мәнісі - тексерілген қауіпсіз және тиімді вакциналық вирусты пайдалану және олардың геномына қажетті патогендердің иммуногенді ақуыздарын кодтайтын гендерді тіркеу жолымен модификациялау. Рекомбинанттық вирустар негізінде дайындалатын вакциналардың артықшылығы:

  • кауіпсіз және тиімді вакциналық вирусты таңдап алу мүмкіндігі;
  • патогеннің (антигенің) ең қажетті әртүрлі ақуыздарын геномға тіркеу (қосу) мүмкіндігі;
  • рекомбинантты вирустың иесінің жасушасына жеңіл енуі;
  • антигенді көп мөлшерде алу мүмкіндігі;
  • вектор-вирустың ақуыздарының адъюваттық әсер ету қабілетінің болуы;
  • вектор-вирустың жасушаішілік көбеюі иммундық жүйенің компоненттеріне антигенді тікелей тиімді жеткізуді қамтамасыз ету қабілеттілігі;
  • гуморальдық және жасушалық иммунитетті қамтамасыз етуі;
  • туі;

олардың кейбіреуін лиофилизациялау және арнайы тоңазатқыш қондырғыларысыз сақтау мүмкіндігі.

Шектеулері (кемшіліктері):

вирустардың бәрі бірдей генетикалық реконструкциялауға көнбейді, және де олардан алынған рекомбинанттардың иммундық жауап қоздыру қабілеттілігі бойынша үлкен айырмашылығы болады. Вирустық вектордың өзі антиген болып табылады, және де кейбір вирустар қабыну процестерін вирустық вектордың өзі антиген болып табылады, және де кейбір вирустар қабыну процестерін қоздырады, яғни реактогенділік қасиеті бар. Бұл процестер олардың типіне, орналасуына және көрінісіне байланысты иммундық жауапты күшейту үшін пайдалы болуы мүмкін, бірақ зиянды әсер етуі де ықтимал. ДНҚ -ды вакциналар. Бұл бағытта вакцина іздестірудің мақсаты ауқымды - ол тек қана жұқпалы аурулардың алдын алу үшін вакциналар жасаумен қатар, созылмалы жұқпалы ауруларды, қатерлі ісіктерді,аутоиммунды ауруларды, аллергияларды емдеу үшін де препараттар шығаруды қамтиды.

...

Скачать:   txt (16.7 Kb)   pdf (153.2 Kb)   docx (34.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club