Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Параметрлi цикл

Автор:   •  Март 9, 2020  •  Реферат  •  560 Слов (3 Страниц)  •  317 Просмотры

Страница 1 из 3

Параметрлi цикл  (for)

Параметрлi циклдің жазылу форматы:

for (инициалдау; өрнек; модификациялар) оператор;

Инициалдау циклде қолданылатын шамаларды жариялау мен оларға бастапқы мəндерді тағайындау үшiн пайдаланылады. Бұл бөлiмде бiрнеше операторларды («тізбектей орындау» операциясымен) бір-бірінен үтiрлер арқылы ажырата отырып жазып қоюға болады, мысалы төмендегідей түрде:

 for (int i = 0, j = 2;...

 int k, m;

for (k = 1, m = 0;...

Циклдің инициалдау бөлiмінде жарияланған айнымалылардың əрекет ету аймағы цикл іші ғана болып табылады. Инициалдау цикл орындалуының басында бiр-ақ рет атқарылады.

Өрнек циклдің қайталану шартын анықтайды: егер оның bool типіне келтірілген нəтижесі true болатын болса, цикл орындалады. Бұл параметрлi цикл шарты алдын ала тексерілетін цикл ретінде жүзеге асырылған.

Модификациялар циклдің əрбiр итерациясынан (қадамынан) кейiн орындалады жəне цикл параметрлерін өзгерту үшiн қолданылады. Модификациялар бөлiмiнде де үтiр арқылы бөле отырып, бiрнеше операторларды қатар жазуға болады. Қарапайым немесе құрама оператор цикл тұлғасын құрайды. for операторының кез келген бөлігін алып тастауға болады (бiрақ нүктелі үтірлерді өз орындарында қалдыру керек!).

 

Мысал (1 мен 100 аралығындағы бүтін сандардың қосындысын есептейтiн оператор):

for (int i = 1, s = 0; i <= 100; i++) s += i;

Мысал (программа у = х2 + 1 функциясының енгізілген диапазондағы мəндері кестесiн экранға шығарады):

 #include      // С тілі стиліндегі программа

int main(){

float Xn, Xk, Dx, X;

 printf("Аргументтің өзгеру диапазоны мен қадамын енгізіңіз: ");

scanf("%f%f%f", &Xn, &Xk, &Dx);

printf("|  X  |  Y  |\n"):

for (X = Xn; X <= Xk; X += Dx)  

   printf("| %5.2f | %5.2f |\n", X, X*X + 1);

return 0;

}

Мысал (программа бүтін оң санның барлық бөлгіштерін анықтайды):

#include    // С++ тілі стилінде

int main()

{

int num, half, div;

cout << "\nСан енгізіңіз: "; cin >> num;

for (half = num / 2, div = 2; div <= half; div++)

    if (!(num % div)) cout << div << "\n";

return 0;

}

Соңғы екi мысал алғы шартты циклдер мысалдарындағыдай əрекеттер атқарады, бірақ мұнда бұлар ықшам жəне көрнекі түрде жазылған: циклді басқаруға байланысты барлық іс-əрекеттер оның тақырыбында орналасқан.

...

Скачать:   txt (6.7 Kb)   pdf (62.9 Kb)   docx (9.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club