Е вирусты гепатиті
Автор: amergaliyeva • Март 13, 2018 • Реферат • 545 Слов (3 Страниц) • 576 Просмотры
Е вирусты гепатиті
Е вирусты гепатиті құрамнда РНҚ бар вируспен тудрлады (HEV). Бұл гепатиттң таралу механизмі-фекалды-оралды.
Е гипатиті, ДДҰ мәлеметтері бойынша тропикалық және субтропикалық аумақтарындағы (Индия, Непал, Бирма, Орта Азия, Латын Америкасы т.б.) ересек тұрғындарыныңарасында ең жиі кездесетін жедел вирусты гепатиті болп табылады. Бірақ Е гепатитімен аурушылдық Увропа мен Ресейде де кездеседі.
[pic 1] [pic 2]
Этиологиясы. 1990 жлы молекулярлы гибридизация әдісімен вирусспецификалық клон бөлініп алынған. Бұл клон Азияның әртүрлі аймақтарындағы эпидемиялық өршулер кезінде науқастардың нәтижесінен бөлінген клонға ұқсас болды. Иммундық-электронды-микроскопиялық зерттеулер барысында Е гепатит вирусының құрылымы анықталды. Сынамаларда диаметрі 27-33 нм (көбінесе 32-34 нм) сфера тәрізді вирусқа ұқсас бөлшектер табылды. Вируc-бір жіпшелі, құрамында РНҚ бар: қабықшасы жоқ, HEAg-ге ие. Е гепатит вирусының таксономдық жіктелуі әлі толығымен анықталған емес.
Эпидемиологиясы. Е гепатиті А гепатитке ұқсас, фекалды-оралды механизимен тарайтын антропозды инфекцияға жатады. Инфекция көзі - жедел HEV- инфекциясымен, әсіресе оның сарғаюсыз, немесе латентті түрімен ауыратын адамдар. Таралу жолы-көбінесе су арқылы, HEV- ні water born hepatitis деп атайды.
Е гепатиті көбінесе 15-40 жастағы адамдарда тіркеледі. Ер адамдар жиірекаурады. Бұл ауру кезіндегі өлім-жетім көрсеткіші жоғары емес.
Е гепатитімен ауыру көбінесе күзде жоғарылайды, күзде жаңбыр көп жауып, ірі өзенде толады. Осыған байланысты жерасты суларының деңгейі жоғарылап, сумен қамтамасыз ету көздері залалданады.
[pic 3]
Патогенезі. Патогенез факторлары А гепатитке ұқсас. HEV,HAV тәрізді, цитопатиялық әсер етіп, гепатоциттердің тікелей вирусты цитолизіне әкеп соғады.
Реинфекция болуы мүмкін. А вирусты гепатиттен ерекше, Е вирусты гепатиттен кейін өмір бойы сақталатн иммунитет болу мүмкін. Е гепатиті вирусының созылмалы тасымалдаушылығы және аурудың созлмалы түрлері болмайды.
Е гепатитінің баасқа гепаттиттерден ерекше, жүкті әйелдерде ауыр ағымы және өлім қаупі патогенездің шешілмеген сұрақтарына жатады.
...