Қаламқас кенорынның физика-географиялық және экономика-географиялық сипаттамасы
Автор: nurbolatik • Июнь 14, 2018 • Курсовая работа • 14,475 Слов (58 Страниц) • 835 Просмотры
КІРІСПЕ
Қазақстан өзінің мұнай қоры жөнінен Кувейттен, Ливиядан, Біріккен Араб Эмиратынан және т.б.қалыспайды.
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2017 жылы мұнай өндіру 65 млн. тоннаға жеткізілді.
Қазақстан-ірі мұнай державасы.Осы геологиялық қоры бойынша ТМД-да екінші орын алады, және әлем бойынша 10-шы орында. Бірақ ашылған 164 көмірсутекті кенорындарының тек қана 58-і игерілуде. Егер кенорындарды тиімді пайдаланатын болсақ, Қазақстан өзінің мұнай қоры бойынша, мұнайды экспортқа шығаратын елдер-Иракқа, Кувейтке, Ливанға жетеді.
Мұнайдың көп қорына қарамастан Қазақстан мұнайын өндіру деңгейіне кері әсер ететін, кенорындарын барлау және игеру қарқынына байланысты кейбір күрделі қиындықтар туындайды. 1991 жылы Қазақстанда мұнай және газ конденсатын игеру деңгейі 26,4 млн. тоннаға жетті. Ал 1995 жылы 16,4 млн. тоннаға дейін азайды.
Қазақстан үкіметі 1997 жылдан 2013 жылға дейін мұнай өндіру көлемін 50 млн. тоннаға жеткізу шараларын қабылдады. Ал 2010 жылға дейін жылына 70 млн. тоннаға жеткізуді көздеген.Осы шараны іске асыру үшін теңіздегі және теңіз жағасындағы кеніштерді игеруді алға қойып отыр.
Осы қаралған шаралар негізінде, 1980 жылы ашылған Қаламқас кенорнын игерудің үлкен жоспары жасалды. Қаламқас кенорны жас кенорын болғандықтан, оның болашағы, мұнай-газ көлемі ауыз толтырып айтарлық-
тай.
I ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ.
- Қаламқас кенорынның физика-географиялық және экономика-географиялық сипаттамасы.
Қаламқас кенорны әкімшілік жағынан Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында орналасқан. Жақын тұрғылықты мекендер Қаламқас поселкесі (2 км), Тұщықұдық (102 км) және Шебір (80 км), аудан орталығы және темір жол станциясы Шетпе (190 км), облыс орталығы Ақтау қаласы (280 км).
Қаламқастан Оңтүстік-Батысқа қарай 25 км қашықтықта Қаражанбас және Солтүстік Бозащы кенорындары, ал Солтүстік-Шығысқа қарай 125 км қашықтықта Прорва кенорны орналасқан. Өзен-Атырау-Самара мұнай айдау магистралінен алыстығы-165 км .
Орография жағынан кенорын ауданы тегіс жазықтықта тұрады. Теңіз деңгейінен абсолюттік биіктігі 20-25 метр.Бұнда автотранспорт өте алшайтын, суы жоқ сайлы болып келетін көптеген сорлардан тұрады. Кенорынның солтүстік бөлігі құмды желдердің әсерінен, кенорынды бұрғылауға және игеруге қиындықтар туғызады.
Аудан климаты континенталды, ауа температурасының мезгілдік өзгерулері плюс 30-45 градус жазда, ал қыста минус 30 градус салқындық интервалында. Жауын-шашын аз жауады. Тек күзде және көктемде жауын-шашын байқалады. Жел тұрақты соғып тұрады, көбінесе солтүстік-батыстан. Құмды дауыл өте көп мөлшерде байқалады.
Жұмыс ауданында су артезиандары жоқ. Ауыз су құдықтан және тұщыландырған түрінде қолданылады. Техникалық сулармен қамтамассыз ету үшін алб-сеноман қабатының сулы қабаттарына қазылған ұңғылардан алады.Оны Каспий теңізінің суымен араластырады.
Бұндағы авто жолдары өте сапалы салынған.Қазақстан Республикасы бойынша осындай жолдар саусақпен санарлықтай.
[pic 1]
Cурет 1- Ауданның шолу картасы
1.2 Қаламқас кенорнын игеру және геологиялық-географиялық зерттеулерінің тарихы.
Бозащыда мұнай XX ғасырдың 20-шы жылдарында ашылды деген деректер бар. Бұл деректі Қаражамбас кенорны ашылғаннан кейін еске алды. Ол уақытта кенорын түгілі Қаламқастың геологиялық картасы да болған жоқ. Оның орнында Бұрыншақ үстірті жөнінде жазылған геологиялық сызбалар болды.
Қазіргі мәліметтерге қарағанда Бұрыншақ үстірті Арман үстіртіне сәйкес келді. Арнайы құжаттарға қарағанда «Қаламқас» және «Арман» деген
атаулар 1975 жылы оны алғашқы рет ашқан Гурьев геологиялық экспедиция
барлаушыларының қойған аты еді.
Ең дұрысын айтқанда 20-шы жылы Нобельдің ашқан Қаражамбас кенорыны, кейбір деректерде мұнай тереңдігі (300 м) жерде орналасқандығы туралы карта Нобель жанұясының сейфінде сақтаулы деген сөз бар. Қаражамбас кенорны ашылған кезде жергілікті тұрғындардың Нобель ұңғысының қай жерде орналасқандығы және оның игеру көрсеткіштерін көрсеткен бірнеше жазбаша құжаттары сақталған. Бұдан кейін КЭИНГР геологтары әрбір құжат бойынша жерлерді тексеріп ештеңе таба алмаған. Құжаттарда көрсетілген жерлер Қаражамбасқа да, Қаламқасқа да келмейді, олардың территориясынан шығысқа қарай орналасқан. Бұл деректерде дұрысы ол Нобель Бозащы түбегінде болғаны және мұнайды тапқаны.
...