Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Геологии"

Автор:   •  Июнь 19, 2023  •  Курс лекций  •  7,565 Слов (31 Страниц)  •  176 Просмотры

Страница 1 из 31
  1. Кен орнын игеру кезіндегі жобалау құжаттарын атаңыз.

Мұнай кен орнын орналастыруды жобалау кезінде жалпы кәсіпшілік шаруашылық, бұрғылау техникасы мен технологиясы, мұнайды өндіру,жинау, тасымалдау, сақтау және дайындау бойынша барлық сұрақтар рационалды түрде шешілуі тиіс.

Жобалау кен орынның игеру жобасын құрудан басталады және ол келесілерден тұрады: мұнай мен газ қорын есептсуден; кен орынды игеру сүлбасын құрудан; барлық өнімді горизонттардың геологиялық, гидродинамикалық және эксплуатациялық мінездемелерін анықтаудан; қабаттық сулардың химиялық құрамын және мінездемелерін анықтаудан; мұнай мен газдың физико-химиялық қасиеттерін анықтау; сепарациялаудың әртүрлі сатыларында мұнайларды дифференциалды газсыздандырудан; мұнайды қайта өңдсу бойынша ең тиімді сүлба бойынша ұсыныстар; кен орынды игеру жүйесі бойынша ұсыныстардан; әр жыл бойынша  барлық игеру кезеңіне суланған мұнайды өндіруді көрсетумен, мұнай және газды өндірудің перспективті жоспарынан; жапсарлас жатқан аудандардың мұнайбергіштік перспективасынан; ұңғыларды пайдалануға беру және оларды пайдаланудан шығару тәртібі мен уақытынан; игеру кезеңдерінде ұңғылардағы қабаттық, түптік, буферлік және құбыр сыртындағы қысымдырдың өзгеру динамикасынан; ұңғының сусыз мұнаймен атқылау қысымын есептсу және  ұңғыны пайдалану әдісін атқылаудан механизацияланған түрге ауыстыру параметрлерінен; газ факторын анықтау; қабат қысымын ұстап тұру әдісін таңдау  және жұмысшы агентті айдау параметрлері мен көлемін анықтаудан; айдау ұңғыларының жұмыс істсу режимі мен жұмысшы агенттердің көздерінін; кен орынды игерудің қабылданған жүйесінің технико-экономикалық көрсеткіштерінен;

   Игеру жобасының негізгі атқаратын қызметі – бір тонна мұнайды өндіруінің  жоспарлауын қамтамасыз ету,  қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындауда мұнайды максималды шығару керек

  1. Мұнай кен орнын орналастыру жобасын сипаттаңыз.

Кен орынды игеру кезінде басты сұлба және технико-экономикалық  негіздсу келесі  сұрақтармен қарастырылалы:

І. Кәсіпшілік объектілердің өндірілуін, тасымалдауын, сақтауын және мұнай газды дайындауды орналастыру.

        Барлық объектілер 3 категорияға бөлінеді:

1. Технологиялық объект - пайдалану және айдау (нагнетательные) ұңғылары;- айырғыштар қондырғылары;- резервуарлар, орталық  және сығымдау (дожимные) сораптар стансалары;- кәсіпшілік мұнайды дайындау қондырғылары;- газбензинді зауодтар, кәсіпшілік компрессорлар стансалары;

2. Объектілер, мұнайды жинау және дайындау технологиясыз - мұнайгаз өндірілу орталық базасы (НГДУ); - бұрғылау ұйымдары; - транспорттық базалар; - байланыс, сұқамтамасыз объектілері, энергоқамтамасыздандыру, канализация;құрылыс ұйымдары; - өртті  қорғау және т.б.

3. Ішкі кәсіпшілік инженерлі комуникация - кәсіпшілік технологиялық құбырлар (мұнай және газ құбырлары);- сулар (ішетін сулар, өрт сөндіруші сулар) - канализация, байланыс, электр жабдықтардың желісі.

II. Ұңғыларды бұрғылау. Игеру жобасының  берілгендері бойынша бұрғылау жұмыстарының жалпы көлемі, бұрғылау түрлері, әдістері және амалдары, жылдар бойынша бұрғылау жұмыстарының капиталдық салымдарының көлемі анықталады.

III. Мұнай мен газ өндіру . Игеру жобасының негізінде ұңғылар қоры; мұнай өндірудің перспективті жоспары, қабат қысымын ұстап тұру әдістері; ұңғы өнімін жинау мен тасымалдаудың қабылданған жүйесін ескере отырып, рационалды пайдалану; пайдалану жабдықтары мен материалдары және т.б. анықталады.

IV. Мұнай мен газды жинау. Технико-экономикалық есептсулер негізінде: берілген  кен орында мұнай мен газды жинаудың рационалды жүйесі бойынша ұсыныстар беріледі. Сондай-ақ мұнай мен газды жинаудың, жинау мен кәсіпшілік дайындау пункттеріне дейін толық саңылаусыздандырылуын қарастырады.

...

Скачать:   txt (108.7 Kb)   pdf (557.5 Kb)   docx (520.1 Kb)  
Продолжить читать еще 30 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club