Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Координаталар жүйесі

Автор:   •  Ноябрь 29, 2023  •  Реферат  •  1,428 Слов (6 Страниц)  •  168 Просмотры

Страница 1 из 6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Халықаралық білім беру корпорациясы

[pic 1]

СӨЖ (РЕФЕРАТ)

 «Геодезия»

Тақырып: «Координаталар жүйесі»                                                                                                                                 

                                                    Орындаған: Өркенұлы Мирас

                                                Тексерген: магистр, ассистент профессора

                                                           Рахимбаева Динара Жексенгалиевна

Алматы 2023

Жоспар

  • Геодезияда қолданылатын координаталар жүйесі
  • Референц-элипсоид
  • Геоцентрлік координаталар жүйелері
  • Кеңістік координаттар жүйесі
  • Жазық полярлық координаталар жүйесі

                         Геодезиядағы қолданылатын координаталар жүйесі.

Белгілі бір нүктенің жер бетіндегі орнын оның координаталары арқылы анықтауға болады. Геодезияда координаталар жүйесінің мынадай түрлері бар: географиялық, геодезиялық, полярлық және тік бұрышты.

Географиялық координаталар. Нүктенің жер бетіндегі орнын жалпы дүние жүзілік масштабта анықтау үшін географиялық координаталар қолданылады. Олар - ендік, бойлық (сурет 3.1). 

Ендік (φ)- берілген нүкте арқылы өтетін тіктеуіш сызық пен экватор жазықтығы арасындағы бұрыш. Ендік экватордан екі жаққа солтүстік және оңтүстікке қарай 00 –тан 900 –қа дейін саналады. Ендік солтүстік жарты шарда – оң, оңтүстік жарты шарда –теріс болады.

Бойлық (λ)-сол нүкте арқылы өтетін меридиан мен бастапқы меридиан жазықтығы арасындағы бұрыш. Бойлық бастапқы меридианнан басталып, 00 –тан 1800 –қа дейін батысқа не шығысқа қарай есептеледі. 

Тік бұрышты координаталар. Жер бетіндегі нүктелердің орны көбінесе Х,У,Н –тік бұрышты координаталары арқылы анықталады. Тік бұрышты координаталар жүйесі бір нүкте (координаталар басы О) арқылы өтетін жазықтығы Х және У осьтерінің жиынтығы.

[pic 2]

[pic 3]

 

Сурет 3.1 - Географиялық координаталар жүйесі

 

Геодезияда Х осі - абсцисса, ал У - осі ордината осі болып табылады. ХА  мен УА координаталары А – нүктесінің проекциялары а-ның Х пен У осінен қандай қашықтықта орналасқанын көрсетсе, НА координатасы А нүктесінің деңгей беттен қанша биіктікте тұрғанын көрсетеді. Х, У, Н координаталары оң да теріс те болады (сурет 3.2).

[pic 4]

[pic 5]

Сурет 3.2 - Тік бұрышты координаталар жүйесі

 

Жер бетін немесе оның жеке бөлшектерін планға, картаға түсіру үшін оның әртүрлі биіктікте орналасқан нүктелері жазықтық бетке проекцияланады. Проекциялау кезінде мына шарттар орындалуы қажет:

1. Жер бетіндегі ара қашықтықтардың өзгерісінің ауытқуының шамалы болуы;

2. Жер бетіндегі бұрыштың проекцияға ешқандай өзгеріссіз түсуі;

3. Географиялық координаталардан тік бұрышты координаталар жүйесіне көшу. 

Осы жоғарыда айтылған шарттарға көлденең цилиндрлік деп аталатын неміс ғалымы Гаусс-Крюгер ұсынған проекция тәсілі сәйкес келеді. Бұл проекцияларда жер эллипсоидының беті зоналарға бөлінеді (сурет 3.3). 

[pic 6]

 

[pic 7]

Сурет 3.3

 

Ол зоналар шығысы мен батысында меридиандармен шектеліп, оңтүстік полюстен солтүстік полюске қарай созылып жатыр. Зоналардың бойлықтағы ені 60 –тық болып келеді және 60 зонаға бөлінеді. Нөмірлері Гринвич меридианынан шығысқа қарай белгіленеді. Әрбір зонаның ортадағы меридианы осьтік меридиан деп аталады (сурет 3.4).

 

[pic 8]

[pic 9]

 

Сурет 3.4

 

Шығыс жарты шарындағы кез-келген зонаның осьтік меридианының бойлығы мына формула бойынша анықталады:

 

λ= 6on - 3o                                              (3.1)

...

Скачать:   txt (16.6 Kb)   pdf (414.6 Kb)   docx (516.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club