Лептоспироз
Автор: Mussa • Декабрь 6, 2021 • Реферат • 1,634 Слов (7 Страниц) • 420 Просмотры
Жоспар:
1. Ауру туралы жалпы ақпарат
2. Тарихи деректер
3. Қоздырушысы
4. Төзімділігі
5. Індеттік ерекшеліктері
6. Өтуі және симптомдары
7. Паталогоанатомиялық өзгерістер
8. Балау.
9. Дауалау және күресу шаралары.
Лептоспироз (leptospirosis)– табиғи ошақты, дененеің қызуы көтерілуі, несепте қан мен терінің сарғайып, өліеттенуі, ішек-қарынның қимылы нашарлап, буаз малдың іш тастауы, төлді шаласанжар тууы ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Аурудың ең алғаш рет адамда Германияда Weil (1886) сипаттады. Қоздырушысын Жапонияда Inado мен Ido (1914) ашты Mani, Ido, Hoki (1916) адамға енетін вакцина жасады. Кейіннен бұл микробтың иттің жұқпалы сары ауруын (Uhlenhuth,1918), ірі қараның иктерогемоглобинуриясын (С.Н.Никольский, 1935), шошқа, қой мен ешкінің осы тақылеттес ауруларын қоздыратыны анықталды.
Қоздырушысы – Spirochetalis қатарының Leptospiraceae тұқымдастығы, Leptospira туыстастығына жатады. Leptospira туыстастығына екі түрі енеді, паразит – L.interogans және сапрофит L.biflexa. Барлық лептоспиралар морфологиялық жағынан бірдей: денесі жіп тәрізді, екі ұшы имектеніп бітеді, өте белсенді қозғалыста болады. Бұл қасиетіне байланысты серологиялық варианттарға бөлінеді, өзара жақын сероварлар топтарға бірігеді. Қазірігі уақытта L.interogans 23 топқа біріккен 202 сероварға, ал L.biflexa 38 топқа жататын 63 сероварға бөлінеді.
Төзімділігі. Жануарлардың несебінде 4 сағаттан 6-7 күнге дейін, бүйрегінде 12 сағаттан 12 күнге дейін ,шошқаның тастанды төлінде – бірнеше күн, ет ұлпасында 48 сағат жаңа сауылған сүтте 8-24 сағат сақталады. Өзен және көл суларында 200 күн, сарқын суда 10 күнге дейін, садырада 24 сағат сақталады.0,25% белсенді хлор, 5% карбол қышқылы, 0,25% формальдегид, 0,1% тұз қышқылы ерітінділері лептоспираларды 5 мин ішінде, ал 1% күйдіргіш натрий бірден өлтіреді.
Індеттік ерекшеліктері. Табиғи жағдайда лептоспирозбен шошқа және сиыр жиі ауырады. Итпен салыстырғанда мысық анағұрлым төзімді, күзен де сирек ауырады, үй және жабайы құстар төзімді келеді.Лептоспирозбен адам да ауырады.
Жануарлардың әр түрлі лептоспиралардың белгілі бір серовараларына бейім келеді. Шошқа лептоспирозының негізгі қоздырушылары Pomona, Tarassovi,сиырда - Grippotyphosa, Tarassovi, Pomona, Hebdomadis, Sejroe, қой мен ешкіде - Grippotyphosa, Pomona, Hebdomadis, Tarassovi.
Зардапты лептоспиралардың бастауы мен қоймасы – ауылшаруашылық және жабайы жануарлар. Ауру мен микроб алып жүруші жануарлардан бөлініп шыққан лептоспиралар суды, жемшөпті, жайылымды, топырақты, төсеніш және басқа сыртқы ортадағы заттарды ластайды, олар аурудың жұқтыру факторына айналады. Лептоспироздың ен негізгі берілу факторы су арқылы жұғу.
Дерттенуі. Лептоспиралар организмге енгеннен соң өте жылдам қозғалуының нәтижесінде тез арада қанға және ішкі ағзаларға өтеді. Табиғи жолдармен енгенде, маңайындағы сөл түйіндерінде көзге ілігерліктей өзгерістер байқалмайды. Аурудың бастапқы кезінде аз уақытта дененің ыстығы көтеріледі. Кейбір ұлпаларда және теріде өліеттену пайда болады. Бүйрек зақымданғанда несепке гемоглобин ғана емес қан да араласады.
Өтуі және симптомдары. Аурудыңинкубациялық кезеңі 3-5 күнннен 2-3 аптаға дейін. Симптомды түрі жіті, жітіден төмен, созылмалы болып кездеседі. Жіті түрі дененің ыстығы көтерілуі, кілегейлі қабықтардың сарғайып, несепте гемоглобин мен қан болуы арқылы білінеді. Мұндай сиптом кешенін «иктерогемоглобинурия» деп атайды. Ауру жіті өткенде бұл өзгерістер айқын байқалса жітіден төмен өткенде бәсең байқалады. Ал, созылмалы, әсіресе, симптомсыз кәдімгідей
...