Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ешкі терісі

Автор:   •  Декабрь 10, 2020  •  Реферат  •  1,534 Слов (7 Страниц)  •  479 Просмотры

Страница 1 из 7

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Өндірістік тәжірибе

Тақырыбы: Ешкі терісі

                         

                                                                   

                                                                    Тексерген: Исмайлова А.Ж

     Орындаған: Кенжебекова А.К

Тобы: ТЖ -801

СЕМЕЙ 2020


Жоспар:

Кіріспе…………………………………………………………………3

Негізгі бөлім………………………………………………………….3-7
   1. Ешкінің жалпы сипаттамасы…………………………………….3

   2. Ешкі терісі туралы түсінік……………………………………….4

   3. Ешкі терісінің сорттары………………………………………….4

   4. Терінің негізгі құрамы……………………………………………5

   5.Тері өңдеу технологиясы………………………………………….6

   6. Тері топографисы……………………………………………….6-7
Қорытынды…………………………………………………………….7
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………….8

 

Кіріспе

  Ешкі шаруашылығы (козоводство)-мал шаруашылығының бір саласы. Ешкіні ет, сүт, түбіт, жүн, тері өндіру үшін өсіреді. Ешкі ,әсіресе лақ, серке eті дәмді сіңімді келеді. Түбіті мен жүнінен жеңіп, әрі берік орамал, қолғап
басқа да киімдер тоқылады. Tepiciнeн жоғары сапалы шевро, замш, лайка
былғарысы жасалады. Сүйегі, мүйізі, тұяғынан желім жасайды ішегінен музыкалық аспаптарға ішек иіреді. Ешкі cүтi емшектегі балаға жуғымды , одан қаймақ, май,ірімшік,құрт т.б тағамдар дайындалады.

   Ешкі өсімтап келеді, екісінің бірі егізден, үштен лақтайды. Ешкі тұқымын
асылдандыру, күтімі мен азықтануын дұрыс; ұйымдастыру арқылы оның өнімділігін арттырады. Ешкі жылына бір рет қырқылып, бес айға дейін сауылады .

  1. Ешкінің жаппы сипаттамасы
  Ешкі (Сарrа hircus)  мүйіз қуыстылар тұқымдасына  жататын жұп тұяқты, күйіс қайыратын жануар. Үй ешкілерінің бастапқы тегіне ешкілердің жабайы екі түрі (безоар ешкісі, иір мүйізді ешкі), сондай-ақ жойылып кеткен С. ргіsса түрі жатады. Ешкі қолға алғаш үйретілген жануарлардың бірі. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкінің сүтті (мегрель, заане, орыс ешкілері), жүндес (ангор ешкі), түбітті (придон, орынбор, башқурт ешкілері), сүтті-етті жүндес (өзбек, қазақ-қырғыз, кавказ, бурят-моңғол ешкілері) тұқымдары бар. Ешкі тоғыз, он жыл тіршілік етеді. Ешкі бір -eкi, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Текесі 60-65 т дейін, ешкісі 40-60 килограмға дейін тартады. Жемденген ешкіден  20-28кг ет, 4 6 кг май, жеті он айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май алынады. Сүтгі ешкілер жылына 450 550 кг, кейбір шаруашылықтарда 1 т-ға дейін сүт береді. Сүтінің майлылығы 3,8 4,5%. Жүндес тұқымды ешкі қылшығының ұзындығы 15 -18 см болады. Ешкілерді көкте ы. мде, жылы аудандарда екінші рет тамыз-қыркүйек айларында қырқады. Түбітті ешкіден 0,2-0,5 кг, кейде 2 кг түбіт алынады. Ешкі терісінен сафиян, шевро сияқты бағалы былғары жасалады. [pic 1][pic 2]

   2. Ешкі терісі туралы түсінік

   Ешкі терісі-былғарылық майда шикізаттың бір түрі. Ешкі терісінің қыртыс қабаты тері қалындығының 2/3 құрайды. Ешкі терісінде май бездері қой терісіне қарағанда азырақ болатындықтан емізікше қабатында бос қуыстар көп болмайды, ал торлы қабаты берік, мықты болады. Өзеңді құрайтын талшықтар тобы берік  және жуандау келіп бір-бірімен iлініce және көлбей орналасқандықтан былғарыға әрі беріктік, әрі жұмсақтық қасиет береді. Eшкі терісі былғарылық шикізат ретінде өте жоғары бағаланады, одан жеңіл аяқ киімге арналған өте әсем былғары- шевро дайындалады. Ешкі терісінің сапасына малдың тұқымы, жасы, сою мерзімі, дайындалуы ж.б. себептер әсер етеді. Ешкі терісін ылғалдан тұздап немесе кептіріп сақтайды.

...

Скачать:   txt (18.6 Kb)   pdf (337.3 Kb)   docx (231 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club