Қанайналым жүйесі
Автор: toleubala95 • Июнь 7, 2019 • Реферат • 3,440 Слов (14 Страниц) • 1,487 Просмотры
Қaзaқстaн Респyбликaсының Білім және Ғылым министрлігі
Aкaдемик Е.A. Бөкетов aтындaғы Қaрaғaнды мемлекеттік yниверситеті
Биология-геогрaфия фaкyльтеті
РЕФЕРAТ
Тaқырыбы: Қанайналым жүйесі.
Орындaғaн: Бекмағанбет А.
Тексерген: Кaнaфинa Б.A.
Қарағанды 2019
ЖОСПАР:
I. Жүрек туралы жалпы сипаттама
II. Қанайналым жүйесі
III. Қанайналым қызметі
3.1. Қанайналым жүйесінің құрамы
IV. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жүрек-cor-өзіне құйылатын вена сабауларынан қанды қабылдап және оны артерия жүйесі арқылы айдайтын қуыс –бұлшықетті ағза болып табылады.Жүрек қуысы 4камераға бөлінеді:2 жүрекше ,2қарынша.Сол жақ жүрекше мен сол жақ қарынша өзіндегі қанның қасиетіне қарай сол жақ немесе артериялық жүректі құрайды ;оң жақ жүрекше мен оң жақ қарынша оң жақ немесе веналық жүректі құрайды.Жүрек камералары қабырғаларының жиырылуы систола деп,ал олардың босаңсуы диастола деп аталады.
Жүректің формасы біршама жалпайған конус тәрізді .Онда ұшын-apex,негізін –basis,алғы жоғарғы және төменгі беттерін,осы беттерді бөліп тұратын екі-оң және сол жиектерін ажырытады.Жүректің дөңгелектенген ұшы,apex cordis-төмен ,алға және сол жаққа қараған,ортаңғы сызықтан солға қарай 8-9см қашықтықта V қабырғааралыққа жетеді;жүрек ұшы тұтасынан сол жақ қарыншадан түзіледі.
Жүрек камералары.Жүрекшелер қанды қабылдатын камералар болып табылады,қарыншалар керісінше , қанды артерияларға айдайды.Оң және сол жүрекшелер оң және сол қарыншалар сияқты бір –бірінен қалқа арқылы бөлінген.Осы тесіктер арқылы қан жүрекшелердің систоласы кезінде олардың қуыстарынан қарыншалардың қуыстарына қарай ағады.
Оң жақ жүрекше-atrium dextrum текше пішінді.Артқы бетінің үстіңгі жағынан оған v.cava superiror және төменнен v.cava inferiror құйылады жүрекше алдына қарай қуыс өсіндіге –оң жақ құлақшаға auricula dextra жалғасады.Оң және сол жақ құлақшалар қолқа мен өкпе сауабының негіздерін қоршап жатады.
Оң жақ қарынша-ventriculus dexter-үшбұрышты пирамида тәрізді ,оның жоғарғы қараған негізін оң жақ қарыншадан өкпе сауабы –truncbs pulmonalis –шығатын сол жақ жоғарғы бұрышын қоспағанда ,оң жақ жүрекше алып жатады. Қарынша қуысы екі бөлімге бөлінеді:ostim atrioventriculare жақын бөлім және ostim trunci pulmunalis –ке жақын алғы жоғарғы бөлім –сonus anteriosus ол өкпе сауабына жалғасады.
Сол жақ жүрекше-atrium sinistrum-артқы жағынан төмен кететін қолқа мен өңешке жанасып жатады.Әрбір жағынан оған екі-екіден өкпе сауабының сол жағын орай,алға қарай томпайып шығып тұрады.Жүрекшеде m.pectinati бар.Төменгі алғы бөлімде сопақ пішінді сол жақ жүрекше –қарынша тесігі –ostium atrioventriculare sinistrum-сол жақ қарынша қуысына әкеледі.
Сол жақ қарынша-ventriculus sinister-конус пішінді,қабырғасының қалыңдығы оң жақ қарынша қабырғасының қалыңдығынан 2-3 есе артып түседі.Бұл айырмашылық бұлшықет қабатының есебінен пайда болады және оң ақ қарыншаға қарағанда сол қарыншаның көп жұмыс істеуіне байланысты.Жүрекшелер қабырғаларының қалыңдығы олардың қызметтеріне қарай тіпті жұқа келеді.
Үлкен шеңбер сол жақ қарыншамен басталады, оның төмендеуі, жүрек қанынан қан артерияның әртүрлі мөлшеріне өтетін аортаға енеді, содан кейін дененің тіндеріндегі артериолдар мен капиллярларға бөлінеді. Капиллярларда қан мен қоршаған тіндердің арасында алмасу бар. Сонан соң қан тамырларға қосылатын венулдарға жиналады, және тамыр арқылы вена кавасына және қан айналымының үлкен шеңберінің жолы аяқталатын оң атриумға кіреді. Оң жақ атриумдан қан ағысы өкпенің айналымы басталған оң қарыншаға құйылады. Оң жақ қарынша қан өкпе артериясына қан жібереді, ол кішіректамырларға бөлінген кезде, қан оттегімен қаныққан және көмірқышқыл газын шығаратын өкпедегі капиллярлар жүйесі арқылы тармақталған. Газ алмасудан кейін өкпе тамырларында қан жиналады және сол жақ атриумға ағылады, онда өкпе айналымы аяқталады.
...