Мембрана
Автор: Balausaaa • Декабрь 20, 2019 • Доклад • 274 Слов (2 Страниц) • 483 Просмотры
Әрбір жасушаның өзге жасушалардан немесе сыртқы ортадан бөліп тұратын плазматикалық мембранасы болады. Ол – қалыңдығы 5-10нм болатын липопротеинді құрылым. Мембрана липидтердің екі қабатынан және нәруыз молекулаларынан тұрады, ал сыртқы бетін көмірсу молекулалары – гликокаликс қаптайды. Плазматикалық мембрана өткізгіштік, тасымалдаушы, қорғаныштық және т.б. қызметтерді атқарады.
Жасушаға сыртқы ортадан су, әр түрлі иондар мен молекулалар плазмалық мембрана арқылы енеді және одан кері шығып отырады. Жасушаға сыртқы ортадан заттардың енуі немесе шығуы мембрананың саңылаулары арқылы жүзеге асады. Плазматикалық мембрана арқылы макромолекулалардың жасушаға енуін эндоцитоз деп атайды. Эндоцитоздың 3 түрі бар: фагоцитоз, пиноцитоз және адсорбциялық спецификалық эндоцитоз. Фагоцитоз деп жасуша мембранасы арқылы ірілеу келген түйіршіктердің өтуін айтады. Жасушаға енген түйіршіктер лизосомадағы гидролиздеуші ферменттер арқылы қорытылады. Жасушаға ірірек келген су тамшыларының өтуін пиноцитоз дейді. Ал адсорбциялық спецификалық эндоцитоз рецепторлардың көмегімен жүзеге асады және макромолекулалар өте жылдам, таңдамалы түрде қоршалады.
Эндоцитозға қарама-қарсы процесс экзоцитоз деп аталады. Жасушада әр түрлі нәруыз молекулалары, ферменттер, полисахаридтер және май тамшылары тамшылары артық мөлшерде жинақталады. Олар экзоцитоз процесі арқылы жасуша мембрансынан сыртқа шығарылып, гликокаликс қабатында шоғырланады. Осы шоғырланған биополимерлер мен органикалық қосылыстар ферменттердің көмегімен мембранадан тыс ыдырайды. Экзоцитоздың маңызы өте жоғары. Экзоцитоз нәтижесінде жасуша мембранасы
...