Лекции по "Генной инженерии"
Автор: 87005680868 • Апрель 24, 2022 • Курс лекций • 4,783 Слов (20 Страниц) • 213 Просмотры
1. Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері.
Молекулалық биологияның міндеттеріне келесі зерттеулер жатады:
1. Жасушаның генетикалық аппаратының құрылымдық-
функционалдық ұйымдасуы;
2. Тұқым қуалайтын ақпараттың таралу механизмі
(молекулалық генетика);
3. Вирустардың жасушамен өзара әрекеттесулерінің
молекулалық механизмдері (молекулалық вирусология);
4. Организмнің иммундық реакцияларының заңдылықтары
(молекулалық иммунология);
5. Организмдердің жеке дамуы кезінде мамандануы әртүрлі
жасушалардың пайда болуы (дамудың молекулалық биологиясы)
2. Молекулалық биология және медициналық генетиканың дамуы мен жетістіктерінің негізгі кезеңдері.
Жасушаның молекулалық биологиясы цитология, биохимия және биофизиканың тоғысуында пайда болып, қарқынды дамып жатқан білім аймағы болып табылады. Оның тез дамуы биологияға физика мен химияның, әсіресе, электронды және жарықтық микроскопияның, жасуша құрылымы мен макромолекулаларды бөлу және тазалау әдістерінің енуіне, нәруыздардың, полисахаридтер мен полимерлі макромолекулалы нуклеин қышқылдары мономерлерінің реттілігін, липидтердің нәзік құрылымын анықтауға айтарлықтай байланысты.
Молекулалық - генетикалық заңдылықты білу сау және науқас адамның организмінде өтіп жатқан көптеген үдерістерді терең түсінуге, тұқым қуалайтын ауруларды зерттеуге, медицинада маңызды болып табылатын микробиология, вирусология, эндокринология, иммунология, фармакология сияқты ғылымдардың әрі қарай дамуына негіз болды. Молекулалық генетиканы зерттеу негізінде жоғары әсер көрсететін жаңа дәрілік заттар құруға мүмкіндіктер туды.
Молекулалық биология нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметін, тұқым қуалайтын ақпараттың таралу механизмі мен қағидаларын, сондай-ақ, жасушаның функциясы мен құрылымының молекулалық негізін, өсу, даму, бөліну, ісіктік трансформация және жасушаның өлуін зерттейді.
3. Жасуша-тіршіліктің ең маңызды құрылымдық-қызметтік бірлігі.
Жасуша - тіршіліктің ен үсақ және макызды күрылымдық- кызметтік бірлігі болып табылады, себебі кез-келген агзалар денссі жасушалардан қүрылган, тіршіліктің негізгі касиеттері мен кызметгері жасушаларда жүзеге асады.
Жасушаны 1665 ж. Голландия оқымыстысы Р.Гук ашкан, ал жасуша теориясьш 1938 ж. - 1939 жж. Неміс ғылымдары Т.Шванн және М.Шлейден қалыптастырды.
Жасуша теориясынын нсгізгі кағидалары томендепдеь:
1. Барльпс тірі ағзалар жасушалардан түрады. Жасуша тіршілі* гің
ең үсак қүрылымдық - кызметгік бірлігі;
2. Барлык жасушалардың қүрылысы, жалпы алғанда. үқсас жзба
бойынша қүрылган;
3. Жасуша тек жасушалардан, олардың бөлінуі нәтижесінде,
пайда болады (Р.Вирхов, 1858) «Omni cellula a cellula*.
Қазіргі кезде жасушалардьщ 2 үлкен тобы белгілі: прокарноттық
және эукариогтық жасушалар.
1.Жасуша — бұл барлық тірі құрылымның қарапайым, функционалдық бірлігі.
2.Жасуша — бірегей жүйе, оның құрамына өзара көптеген заңдылықтармен байланысқан, бүтін құрылым түзетін және байланысқан қызметтік бірлік – органоидтардан тұратын элементтер кіреді.
3. Барлық организмдердің жасушалары гомологты.
4. Жасуша тек аналық жасушаның бөлінуі арқылы түзіледі.
Жасуша – барлық тірі формалардың - бір жасушалылардың, көп жасушалылардың, тіпті жасушасыздардың құрылысының, тіршілік әрекетінің және дамуының негізін құрайды. Жасуша өзінде бар механизмдер нәтижесінде зат алмасуын, биологиялық ақпаратты қолдануды, көбеюді, тұқым қуалау және өзгергіштік қасиеттерін қамтамасыз ете отырып, органикалық әлемге тән бірлік пен түрлілік сапасын негіздейді.
4. Прокариот жасушаларының құрылымдық ерекшелігі.
...