Вирустық бөлшектер
Автор: Shakabai • Апрель 9, 2022 • Реферат • 435 Слов (2 Страниц) • 268 Просмотры
Вирустық бөлшектердің басқа құраушылары:
липидтер, көмірсулар және т.б.
Вирустар VIRA патшалығына жататын генетикалық деңгейдегі паразиттер. Олар тек тірі жасушада өмір сүре алатындықтан құрылысы қарапайым және жасуша ішіндегі процесстерге тәуелді болып келеді. Вирустар вирионның құрылысына байланысты күрделі және қарапайым деп бөлінеді. Карапайым вирустар тек нуклеин қышқыл қалдығынан және нәруызды кабықшасынан тұрса, құрылысы күрделі вирустардың құрамы қосымша липидтер мен көмірсулардан тұрады.
Вирустардағы липидтер тек күрделі вирустарға ғана тән болып келеді және көбінесе липопротеидтті қабық суперкапсидттің құрамында кездеседі. Суперкапсид құрамындағы майлар белоктарды ұстап тұруға көмектеседі. Барлық күрделі ұйымдасқан РНҚ-сы бар вирустарда липидтердің айтарлықтай мөлшері бар (құрғақ массаның 15-тен 35% -на дейін). Құрамында ДНҚ бар вирустардың ішінен липидтер шешек, герпес, В гепатиті вирустардан анықталған. Вирустардың құрамындағы липидтердің шамамен 50-60% фосфолипидтер, холестерин 20-30% құрайды. Липидті компонент вирустық бөлшектің құрылымын тұрақтандырады. Липидтерді органикалық еріткіштермен экстракциялау, вирустық бөлшекті жуғыш заттармен немесе липазалармен өңдеу вирустық бөлшектің деградациясына және инфекциялық белсенділіктің жоғалуына әкеледі.
Құрамында липопротеидті қабықшасы бар вирустар жасушалардың плазмалық мембранасында (немесе жасушаішілік вакуольдерге кіру мүмкіндігі бар эндоплазмалық тордың мембраналарында) бүршіктену арқылы түзіледі. Демек, бұл вирустардың липопротеинді қабығы оның сыртқы бетінде вирустық суперкапсид белоктарының болуына байланысты модификацияланған хост жасушасының мембранасы болып табылады. Бұдан шығатыны, бүршіктенетін вирустардың липидтік құрамы иесінің жасуша липидтеріне жақын болып келуінде. Бүршіктенетін вирустарға ірі вирустар жатады
РНҚ вирустары: ортомиксовирустар, парамиксо вирустар, тогавирустар, ретровирустар, буня вирустар, коронавирустар және т.б.
Вирустардың көмірсулық құрамдас бөлігі гликопротеидтердің құрамында болады. Гликопротеидтердің құрамындағы қанттардың мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін, вирион массасының 10-13% жетеді. Вирустық ақуыздарда кездесетін қарапайым қант қалдықтары фруктоза, сахароза, манноза, галактоза, нейромин қышқылы, глюкозамин. Осылайша, липидтер сияқты, көмірсулардың құрамдас бөлігі иесі жасушамен анықталады, соның арқасында әртүрлі түрлердің жасушаларында өсірілген бір вирус жасушалық гликозилтрансферазалардың ерекшелігіне байланысты қанттардың құрамында айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін.
...