Тест по "Анатомии"
Автор: DINMUKHAn • Март 24, 2022 • Тест • 433 Слов (2 Страниц) • 269 Просмотры
Анат сроп 10
1. Бастың бұлшық еттерін екі топқа бөледі?
а. шайнау және ымдау +
б. сыртқы қанатты және ішкі қанатты
в. мойын және бас
2. Шайнау еттеріне жатады?
а. беткей және терең еттер
б. меншікті шайнау еті, самай еті, ішкі және сыртқы қанатты еттері +
в. ми сауытының еті, маңдай және шүйде еттері, кербез еті, көздің дөңгелек еті, қас жиыру еті, ауыздың дөңгелек еті, езу көтеретін ет, езуді тартатын ет, ұрт еті, жоғары ерінді көтеретін ет, күлкі еті, төменгі ерінді түсіретін ет, иекасты еті, мұрын еті, құлақтың алдыңғы, артқы және жоғарғы еттері
3. Ымдау бұлшық еттеріне жатады?
а. беткей және терең еттер
б. меншікті шайнау еті, самай еті, ішкі және сыртқы қанатты еттері
в. ми сауытының еті, маңдай және шүйде еттері, кербез еті, көздің дөңгелек еті, қас жиыру еті, ауыздың дөңгелек еті, езу көтеретін ет, езуді тартатын ет, ұрт еті, жоғары ерінді көтеретін ет, күлкі еті, төменгі ерінді түсіретін ет, иекасты еті, мұрын еті, құлақтың алдыңғы, артқы және жоғарғы еттері +
4. Шайнау бұлшық еттерінің ерекшеліктері?
а. ет жапқыш шандырлар болмайды және бас сүйегінің әр жерінен басталғанымен ет талшықтары міндетті түрде бет терісіне бекиді.
б. екі бүйір, алдыңғы және артқы топтарға бөледі.
в. олар бас сүйегінің әр жерінен басталып, міндетті түрде бастың қозғалмалы сүйегіне – төменгі жаққа келіп тіркеледі. +
5. Ымдау еттері басқа бұлшық еттерден айырмашылығы?
а. ет жапқыш шандырлар болмайды және бас сүйегінің әр жерінен басталғанымен ет талшықтары міндетті түрде бет терісіне бекиді. +
б. екі бүйір, алдыңғы және артқы топтарға бөледі.
...