Тест по "Анатомии"
Автор: moldirkhan • Июнь 2, 2021 • Тест • 1,117 Слов (5 Страниц) • 767 Просмотры
Кім журналда тақ санда тұр І вариантты, кім жұп санда тұр ІІ вариантты бүгіннен қалдырмай 12-ге дейін орындап жіберіңдер
І вариант
- Жүйке жүйесінің жасушасы :
А. Аксон
В. Нейрон
С. Дендрит
D. Медиатор
Е. Нейроглия
- Жұлыннан неше жұп жүйке тарайды?
А. 31 жұп
В. 12 жұп
С. 5 жұп
D. 6 жұп
Е. 40 жұп
- Күшті теңестірілмеген (күйгелек, шабуылға жаны құмар, табандылығы жетпейді, ұшқалақ,) бұл адамның қай темпераментіне жатады?
А. Холерик
В. Сангвиник
С. Меланхолик
D Флегматик
Е. Дұрыс жауап жок
- Кез келген анализатордың шеткі бөлімі:
А. Рецептор
В. Афферентті нейрон
С. Эфферентті нейрон
D. Үлкен ми сыңарының қыртысы
Е. Рефлекс
5.Естудің орталығы мидың қай бөлімінде?
А. Ортаңғы ми, самай
В. Ортаңғы ми, шүйде
С. Аралық ми, самай
D. Мишық, маңдай
Е. Сопақша ми, төбе
- Сүйекті қарастыратын ғылым:
А. Остеология
В. Миология
С. Неврология
D. Эмбриология
Е. Гистология
7.Сүйек қабығының астында орналасқан тірі жасуша:
А. Эпифиз
В. Синовиальді сұйықтық
С. Остеобласт
D. Оссейн
Е. Ликвор сұйықтығы
8.Адамның иық сүйектері
А. Жамбас, сегізкөз
В. Бұғана, жауырын
С. Омыртқа, қабырға
D. Тоқпан жілік, кәрі жілік, саусақ
Е. Ортан жілік, асықты жілік, табан
9.Бірыңғай салалы бұлшық еттерді белгіле:
А. Қаңқа бұлшық еттері
В. Ішкі мүшелердің бұлшық еттері
С. Сыртқы мүшелердің бұлшық еттері
D. Көлденең жолақты бұлшық еттері
Е. Бірыңғай салалы бұлшық еттері
10.Қандай жасушалар қанның құрамына кірмейді
А. Глиальді /серік/
В. Эритроциттер
С. Лейкоциттер
D. Тромбоциттер
Е. Плазма
11.Қан айналымның үлкен шеңберінде қандай қызмет атқарылады
А. Ұлпаға СО 2 беріп, О2 сіңіреді
В. Өкпеге СО 2 беріп, оттегін сіңіреді
С. О2, қорек заттарын ұлпаға беріп, СО 2, басқа заттарды сіңіреді
Д. О2 ұлпаға беріп, СО 2 сіңіреді
Е. Гормондарды тасиды
12.Қанның ұюына не қатысады ?
А. Плазмоциттер
В. Гистиоцидтер
С. Тромбоциттер
D. Лимфа
Е. Гормондар
13.Газ алмасу процесі дегеніміз:
А. Оттегінің жұтылуы
В. Көмірқышқыл газының бөлінуі
С. Тыныс шығарғандағы ауаның өкпеге түсуі
D. Диффузия жолымен ағза мен орта арасындағы газдар алмасу
Е. Өкпедегі газ алмасу
14. Тыныс алу орталығы орналасқан:
А. Сопақша мида
В. Үлкен жарты шарлар қыртысында
С. МишықтаD.
Арқа миында
Е. Ортаңғы мида
15.Ауа көпіршіктері қайда орналасқан ?
А. Өкпеде
В. Бронхыда
С. Өкпе плеврасында
D. Кеңірдекте
Е. Кеңсірікте
16.Адамда болатын күрек тістің саны қанша?
А. 4
В. 6
С. 8
D. 2
Е. 10
17.Ас қорыту жүйесінің қай бөлігінде пепсин ферменті белсенді қызмет атқарады?
А. Қарында
В. Бауырда
С. Тоқ ішекте
D. Ішектің барлықбөліктерінде
Е. Аш ішекте
18.Ас қорыту жүйесіне жатпайды
А. Жұтқыншақ
В. Ұлтабар
С. Өңеш
D. Бауыр
Е. Кеңірдек
19.Қай мүше бөліп шығару қызметін атқармайды?
А. Бүйрек
В. Тері
С. Ішек
D. Өкпе
Е. Бауыр
20.Алғашқы несеп түзілу процесі:
А. Ресорбация
В. Фильтрация
С. Диффузия
D. Осмос
Е. Дұрыс жауап жоқ
21.Секреция бездері қалай бөлінеді ?
...