Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Миология

Автор:   •  Сентябрь 16, 2021  •  Реферат  •  1,508 Слов (7 Страниц)  •  289 Просмотры

Страница 1 из 7

Пән: «Анатомия, физиология».

Дәріс №10

Тақырып: «Миология».

Жоспар:

  1. Тұлғаның бұлшық еті мен шандырлары.
  2.  Кері байланыс 
  3.  Үй тапсырмасы

КЕУДЕ БҰЛШЫҚЕТТЕРІ

  Кеуде бұлшықеттері кеуде торының бетінде басталып, одан иық белдеуі мен қолдың еркін бөлігіне баратын бұлшықеттерге және кеуде қуысының қабырғалары құрамына кіретін меншікті (аутохтонды) бұлшықеттерге бөлінеді.

Бұдан басқа, бұл жерде кеуде қуысын астыңғы жағынан шектеп, оны іш қуысынан бөліп тұратын кеуде - іш қалқасына (diaphragma) сипаттама береміз. Көкет шығу тегі жағынан мойынға жатады, сондықтан ол негізінен мойын өрімінен (n. phrenicus) нервтенеді.

1.Үлкен кеуде бұлшықеті, m. pectoralis major,бұғананың медиалды жартысынан (pars clavicularis), төстің алдыңғы бетінен және II-VII қабырғалардың шеміршектерінен (pars sternocostalis) жене іштің тік бұлшықeтi қынабының алдыңғы қабырғасынан (pars abdominalis) басталып, тоқпан жіліктің crista tuberculi majoris-iне бекиді. Бұлшықеттің латералды жиегі тоқпан жілiктің дельтатәрізді  бұлшықетінің жиегіне жанасады, бұл соңғы бұлшықеттен жоғары қарай бұғананың астында кеңейіп, ол жерде кішкене бұғана шұңқыры пайда болуына себеп болатын жүлге арқылы бөлінеді.

Қызметі. Қолды тұлғаға әкеледі, оны ішкe қарай айналдырады (пронациялайды); бұғаналық бөлігі қолды бүгеді. Қолды қозғалтпай тұрған кезде төспен қоса қабырғаларды көтеріп, тынысалуға көмектеседі, өрмелегенде тұлғаны жоғары қарай тартуға қатысады.

2. Kiшi кеуде бұлшықеті, т. pectoralis minor, үлкен кеуде бұлшықетінің астында жатады. Ол II қабырғадан V қабырғаға дейін төрт тіспен басталып, жауырынның processus coacoideus-iнe бекиді.

Қызметі. Жиырылғанда жауырынды алға және төмен қарай керіп тартады. Қол қозғалмай тұрған кезде тынысалу бұлшықеті ретінде жұмыс істейді.

3.Бұғанаасты бұлшықеті, т. subclavius, буғана мен I қабырғаның арасында созылып жатады.

Қызметі. Tөc-бұғана буынын нығайтып, буғананы төмен және ме- диалды жаққа қарай керіп тартады.

4.Алдыңғы тісті бұлшықет, т. serratus anterior, кеуде торының бетінің бүйіp жағында орналасады. Ол әдетте тістерімен 9 жоғарғы қабырғадан басталып, жауырынның медиалды жиегіне бекиді.

Қызметі. Жауырынның медиалды жиегіне бекитін ромбтәрізді бұлшықетпен бipгe тұлғаны қаусырып, оған жауырынды қысып жа- быстыратын жалпак бұлшықет тұзағын түзеді. Арқа бұлшықеттерімен (ромбтәрізді және трапециятәрізді) тұтас біp мезгілде жиырылғанда m. serratus anterior жауырынды алдыға қарай тартып, оны қозғалмайтын қалыпқа келтіреді. Бұлшықеттің төменгі бөлімі, қолды горизонталды қалыптан жоғары көтерген кездегідей, жауырынның төменгі бұрышын алға және латералды тартады. Жоғарғы тістep жауырынды бұғанамен қоса, m. trapezius-тің ортаңғы талшықтарының антагонисттерi ретінде, алға қарай қозғайды, иык белдеуі қозғалмай тұрғанда қабырғаларды көтеріп, тынысалуға жағдай жасайды. Бұл сипатталған төрт бұлшықеттің алдыңғы екеуi - трункопеталды, қалған eкeyi - трункофугалды.

Аутохтонды кеуде бұлшықеттері.

1. Сыртқы қабырғааралық бұлшықеттер, тт. intercostales

externi, омыртқа бағанасынан бастап қабырға шеміршектеріне дейін қабырғааралық кеңістікті толтырып тұрады. әpбip қабырғаның төменгі жиегінен басталып, жоғарыдан төмен және арттан алға қарай қиғаш өтіп, төмен жатқан қабырғаның жоғарғы жиегіне бекиді. Қабырғалардың шеміршектepi арасында бұлшықет талшықтары дәл осы бағыттас фиброзды табақшамен, membrana intercostalis externa, ауысқан.

2.Ішкі қабырғааралық бұлшықеттер, тт. intercostales interni, сыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің астында жатады және талшықтары соңғыларымен салыстырғанда кepi бағытта өтіп, олармен бұрыш жасай қиылысады. Олар төменде жатқан қабырғаның жоғарғы жиегінен басталып, жоғары және алға қарай өтіп, жоғары жатқан қабырғаның төменгі жиегіне бекиді. Сыртқы қабырғааралық бұлшықеттерге қарама- қарсы ішкi қабырғааралық бұлшықеттер төске жетіп, қабырға шеміршек- тepi арасында орналасады.

...

Скачать:   txt (22.3 Kb)   pdf (128.3 Kb)   docx (19.5 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club