Миология
Автор: Umertayeva00 • Февраль 8, 2023 • Реферат • 6,426 Слов (26 Страниц) • 241 Просмотры
Миология.
Бастың бұлшықеттерін біз негізгі екі топқа бөлеміз:
- Ымдау
- Шайнау
Бассүйек қақпағы бұлшықеттері:
Бассүйек үстіндегі бұлшықеттің m.epicranius бөлінуі:
І шүйде маңдай, маңдайлық қарыншасы; ІІ сама-шекелік; ІІІ шүйделік қарыншасы.
Қызметі: Қабақты және маңдай терісін көтереді, сіңірлі дулығаны кереді.
Көз шеңбері бұлшықеттері:
- Қасты түйетін бұлшықет, m.corrugator supercilii.
Қызметі: Қасты медиалді және төмен тартады.
- Көздің дөңгелек бұлшықеті, m.orbicularis oculi.
Оның 3 бөлігі бар: І көзұялық бөлігі, ІІ қабақтық бөлігі, ІІІ көзжастық бөлігі.
Қызметі: І қабақты түйеді, ІІ көзді қыпылдатады, көзді ашып-жұмады.
- Тәкаппар бұлшықеті, m.procerus.
Қызметі: Маңдай терісін түсіреді, мұрынды тыржитады.
Мұрын бұлшықеттері:
- Мұрын бұлшықеті, m.nasalis.
Бөліктері: Көлденең, танаулық.
Қызметі: Көлденең бөлігі- мұрын қанаттарын төмен тартады және кеңейтеді. Танаулық бөлігі- танауларды тарылтады.
- Жоғарғы ерінді көтеретін бұлшықет/ мүрын қанатың бұлшықеті, m.levator labii superioris/ alaeque nasi.
Қызметі: Жоғарғы ерінді көтереді, танауларды кеңейтеді.
Ауыз айналасы бұлшықеттері:
- Күлкі бұлшықеті, m.risorius
Қызметі: Езуді латералді жаққа тартады ауыз жабық тұрғанда.
- Бет сүйектің үлкен бұлшықеті, m. zygomaticus major
Қызметі: Езуді жоғары және латералді тартады (күлімсіреу бұлшықеті)
- Бет сүйектің кіші бұлшықеті, m. zygomaticus minor.
Қызметі: Жоғарғы ерінді көтереді күліп тұрған бұлшықет
- Езуді көтеретін бұлшықет, m. levator anguli oris.
Қызметі: езуді көтереді
- Езуді тусіретін бұлшықет, m. depressor anguli oris.
Қызметі: езуді түсіреді(«қайғылы бұлшыкет»).
- Төменгі ерінді түсіретін бұлшықет, m. depressor labii inferioris
Қызметі: Төменгі ерінді түсіреді және айналдырады.
- Иек бұлшыкеті, m. Mentalis
Қызметі: иектің терісін жиырады, төменгі ерінді шошайтады («күдіктенуді білдіреді»).
- Ұрт бұлшыкеті, m. Buccinator
Қызметі: Ұртты жалпайтады, езуді түсіреді.
- Ауыздың дөнгелек бұлшыкеті, m. orbicularis oris.
Қызметі: ауызды жабады, еріндерді шошайтады («сүйісу бұлшыкеті»).
Құлақ қалқанының бұлшықеттері:
- Құлақ қалқанының бұлшықттері, m. Auricularis
Қызметі: құлақ қалқанын тартады: I - алға (алдыңғы); II - артқа (артқы); III - жоғары (жоғарғы).
Шайнау бұлшықеттер:
- Медиалді қанат тарізді бұлшықет, m. pterygoideus medialis.
Қызметі: Бір жағы жиырылғанда - жақ сүйекті екі жаққа қозғалтады; екі жағы бірдей жиырылғанда - жақ сүйектерді қабыстырады.
- Латералды қанат тәрізді бұлшықет, m. pterygoideus lateralis
Қызметі: Бір жағы жиырылғанда - жақсуйекті қарама-қарсы жаққа қозғалтады (шайнау); екі жағы бірдей жиырылғанда – төменгі жақсүйекті алға қозғалтады.
- Шайнау бұлшықеті, m. masseter.
Қызметі: жақсүйектерді күшпен қысады.
- Самай бұлшыкеті, m. Temporalis
Қызметі:Төменгі жақсүйекті көтереді.
Мойын бұлшықеттерінің дамуы бойынша жіктелуі:
Беткей бұлшықеттер:
- Мойынның тері астындағы бұлшыкеті, platysma (m. subcutances colli).
Қызметі: Төменгі жақсүйекті түсіреді (мойын терісін жиырады).
- Төс бұғана емізік тәрізді бұлшықет, m. Siernocleidomastouleus
Қызметі: бір жағы жиырылғанда - басты бір жағына бұрады және қарама-қарсы жаққа айналдырады; екі жағы бірдей жиырылғанда басты алға еңкейтеді.
1.Ортаңғы топ бұлшықеттері (тіл асты сүйегіне бекитін бұлшықеттер)
...