Контрольная работа по "Анатомии"
Автор: kalsuluabzhappar • Февраль 23, 2023 • Контрольная работа • 34,276 Слов (138 Страниц) • 178 Просмотры
1. Шеткі нерв жүйесі. Нервтердің құрылысы. Регенерациясы. «Астана медицина университеті»
2. Сезімтал нерв түйіні. Құрылысы, нейроциттері, глиоциттері. Рефлекторлы доғалар, олардың сезімтал, қозғалтқыш және ассоциативті тізбектері.
3. Жұлын. Жалпы морфофункциялық сипттамасы. Сұр және ақ заттарының құрылысы. Нейрондық құрамы, глтоциттер. Ядролар, олардың құрылысы мен функциялық сипаттамасы. Рефлекторлық доға туралы түсінік.
4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы.
5. Мишық. Мишықтың құрылысы мен қызметі. Мишықтың сұр затының нейрондық құрамы. Афферентті және эфферентті талшықтары. Нейронаралық байланыстар. Мишық глиоциттері.
6. Үлкен ми жарты шарларының қыртысы. Цитоархитектоникасы және миелоархитектоникасы. Нейрондық құрамы. Ми қыртысының қабаттары. Нейрон аралық байланыстар. Глиоциттер. Гематоэнцефалдық тосқауыл, оның құрылысы мен маңызы.
7. Автономиялық (вегетативті) нерв жүйесі. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы және бөлімдері. Вегетативті нерв жүйесінің орталық бөлім ядроларының, экстра- және интрамуральді ганглийлердің құрылысы.
8. Сезу ағзасының жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Анализаторлар жайында түсінік.
Сезу ағзалары Ішкі және сыртқы ортаның анализаторлары болып, ағзаның белгілі бір жағдайларға бейімделуін де қамтамасыз етеді. Анализатордың құрамдас бөліктері: 1. Шеткі бөлігіне құрамында арнайы рецепторлық жасушалары бар ағзалар жатады. 2. Аралық бөлігіне – көптеген қыстырма нейрондар тізбегі жатады. (Өткізгіш жолдар) 3. Орталыққа- сенсорлы жүйенің үлкен ми қыртысында орналасқан бөлігі жатады. Сезу ағзаларының жіктелуі ¬ Бірінші түріне көз –көру, мұрын иіс сезу, мүшелері жатады. Бұлардың құрамында сыртқы энергияны (тітіркенішті) нерв импульсіне айналдыратын арнайы нейросенсорлы жасушаларыболады. ¬ Екінші түріне – есту мүшесі, тепе- тендік сақтау және дәм сезу мүшелері жатады. Бұлардың рецепторлы бөлігінде эпителиальды немесе сенсоэпителиальды жасушалары бар. ¬ Үшінші түріне – нақты мүше емес проприоцептивті терідегі рецепторлар (қаңқалық-ет) мен сезімтал висцеральды жүйе жатады.
9. Көздің дамуы, құрлысы және классификациясы.
КӨЗДІҢ ДАМУЫ Көз (ophthalmos oculus) — көру ағзасы, көру анализаторының шеткі бөлігі. Дамуы: көз әртүрлі ұрық жапырақшаларынан дамиды. Торлы қабат пен көру нерві нерв түтігінен дамыса, көз бұршағы эктодермадан дамиды. Көз бокалын қоршаған мезенхимадан қан тамырлы қабат пен ақ қабық дамиды. Ақ қабықтың алдыңғы бөлігі мөлдір қабыққа айналады. Көз бокалы ішіндегі мезенхима мен ұрықтық торлы қабықтан көздің шыны тәрізді денесі мен нұрлы қабығы дамиды. Көздің құрлысы Көз алмасы 3 қабықтан тұрады: фиброзды, тамырлы және торлы. Сыртқы фиброзды қабық- қорғаныштық қызмет атқарады. Фиброзды қабықтың алдыңғы мөлдір бөлімі – мөлдір қабық, және артқы мөлдір емес бөлімі– ақ қабықты ажыратады. Тамырлы қабық зат алмасуға белсенді қатысады және 3 бөлімнен тұрады: нұрлы қабық, цилиарлы дене және өзіндік тамырлы бөлімі – хориодея. Көздің сезімтал, торлы қабығы — көру анализаторының сенсорлы, рецепторлы аймағы, мұнда пигметтердің фотохимиялық түрленуі, сыртқы ортамен ақпарат алмасу жүреді. Көз алмасын қоршаған қабықтары мен олардың туындыларын 3 түрлі жарықты сындыратын диоптрикалық (мөлдір қабық, көз камераларындағы сұйықтық, көз бұршағы, шыны тәріздес дене), аккомодациялық (нұрлы қабық, кірпікшелі дене, кірпік тәрізді өсінді); рецепторлық (көздің торлы қабығы) аппараттарға жатқызылады. Көздің сыртқы фиброзды қабығы – ақ қабық құрамында тығыз қалыптасқан талшықты дәнекер тіні мен коллаген талшықтарынан тұрады.
10. Көздің жарық сындырғыш аппараттары. Қасаң қабық, көз бұршағы, шыны тәріздес¬ дененің гистологиялық құрылымының ерекшеліктері.
Диоптрикалық аппарат – мөлдір қабық, көз бұршағы, шыны тәрізді дене, көздің алдыңғы және артқы камераларындағы сұйықтық жатады. Қасаң қабық – көзге жарықты өткізіп, сындыратын қорғаныш қызмет атқаратын, фиброзды қабықтың 1/16 бөлігін құрайтын, өте жоғары оптикалық гомогенді қасиетке ие қабық б.т. Оның 5 қабатын ажыратады: жалпақ эпителиі, алдыңғы шектеушілік алдыңғы көп қабатты мембрана, қасаң қабықтың меншікті заты, артқы шектеушілік мембранасы мен артқы эпителий жатады. Ең негізгі және қалың қасаң қабықтың меншікті заты, құрамында коллаген талшықтары мен өсінділі фибробласттар бар.
...