Контрольная работа по "Анатомии"
Автор: Aigerim20044 • Сентябрь 14, 2021 • Контрольная работа • 4,007 Слов (17 Страниц) • 358 Просмотры
5. Жауырынның құрылысы, оның оң немесе сол жаққа тиесілі екенін анықтаңыз.
Жауырын, scapula — II-VII кабырғалар аралығында, кеуде куысының арткы бетіне жанасып орналасатын, үшбұрышты жалпак сүйек (17-сурет). Пішініне байланысты үш жиегін ажыратады: омырткаға караған медиалды жиегі, margo medialis, латералды жиегі, margo lateralis, және жауырын тілігі, incisura scapulae, орналасатын жоғарғы жиегі, margo superior. Аталған жиектер үш бұрыш аркылы косылады: біреуі төмен бағытталады (төменгі бұрышы, angulus inferior), ал калған екі бұрышы (жоғарғы бұрышы, angulus superior, және латералды бұрышы, angulus lateralis) жауырынның жоғарғы жиегінің шет- терінде орналасады. Латералды бұрыш айтарлықгай калың және латералды орналасатын, әлсіз иілген буыңдық ойысы, cavitas glenoidalis, болады. Буындық ойыстың жиегі жауырын- ның басқа бөліктерінен мойны, collum scapulae, арқылы бөлініп түрады. Ойыстың жоғарғы жиегінің үстінде иықтың екі басты бұлшықетінің ұзын басының бекитін орны ойыс үсті төмпе- шігі, tuberculum supraglenoidale, ал төменгі жиегінің астында иықтың үш басты бұлшықетінің ұзын басы басталатын ойыс асты төмпешігі, tuberculum infraglenoidale, болады.
Жауырынның жоғарғы жиегінде буын ойысына жақын қүс тұмсығы тәрізді өсінді, processus coracoideus — бұрынғы коракоид орналасады. Жауырынның қабырғаларға қараған алдыңғы қабырғалық беті, facies costalis, ойыстанған, жауырын асты шүңқыр, fossa subscapularis, деп аталады — m. subscapularis бекитін орын. Жауырынның артқы бетінде, fades dorsalis, орналасатын жауырын қылқаны, spina scapulae, жауырынныңартқы бетін тең емес екі шұңқырға бөледі: қылқан үсті, fossasupraspinata, және қылқан асты, fossa infraspinata. Spina scapulae латералды бағыттала отырып, cavitas glenoidalis-тың артында және үстінде орналасатын акромионмен, acromion, аяқталады. Ол жерде бұғанамен буындасатын ойыс — facies articularis acromia болады.Жауырын артқы рентгенограммада сәйкесінше үш жиегі, бұрыштары мен өсінділері бар үшбұрышты пішінді болады. Кейде құс тұмсығы тәрізді өсіндінің негізінде margo superior-да тілік, incisura scapulae, көрінуі мүмкін. Мұны қателесіп сүйектің бұзылу ошағымен шатастыруға болады, әсіресе бұл тілік тесікке айналғанда.
6. Тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жіліктің, қол ұшы сүйектерінің құрылысы.
Тоқпан жілік, humerus — үзын, қозғалыс иінтірегі болып табылады және типті ұзын түтікті сүйек сияқты дамиды. Қызметі мен дамуына сәйкес диафизден, метафизден, эпифизден және апофизден түрады. Жоғарғы шетінде орналасқан шар тәрізді буын бетінен түратын басы, caput humeri (проксималды эпифиз) жауырынның буындық ойысымен буындасады. Басы басқа бөліктерінен жіңішке бөлігі анатомиялық мойын, collum anatomicum, арқылы бөлінеді (18, 19-сурет). Анатомиялық мойыннан төмен екі бүлшықеттік қүрылым (апофиздер) — латералды орналасатын үлкен төмпешік, tuberculum majus, және оның алдында көлемі кішірек кіші төмпешік, tuberculum minus, орналасады. Аталған төмпешіктерден төмен қарай бүлшықеттер бекитін қырқалар бағытталады: үлкен төмпешік қырқасы, crista tuberculi majoris, және кіші төмпешік қырқасы, crista tuberculi minoris. Төмпешіктер мен қырқалар арасында иықтың екі ба- сты бүлшықетінің үзын басының сіңірі өтетін төмпешік аралық жүлгені, sulcus intertubercularis, көреміз. Төмпешіктерден төмен диафиз шекарасында орналасқан қүрылым хирургиялық мойын, collum chirurgicum (иықтың жиі сынатын жері). Тоқпан жілік денесі жоғарғы бөлігінде цилиндр тәрізді болса, төменгі бөлігінде үш қырлы. Денесінің орта түсының латералды бетінде аттас бүлшықет бекитін дельта тәрізді бүлшықет бүдырмағы, tuberositas deltoidea, орналасады. Оның артында тоқпан жілік денесінің артқы бетінде спираль тәрізденіп, медиалды жақтан латералды жаққа қарай бағытталатын жүлге — кәрі жілік жүйкесінің жүлгесі, sulcus nervi radidlis seu sulcus spiralis.Тоқпан жіліктің алға қарайтын жалпақ бөлігінде орналасатын айдаршықтар, condylus humeri, екі жағынан — медиалды және латералды айдаршық үстімен, epicondylus mediаlis et lateralis,аяқталады (бүлшықеттер мен байламдар бекитін орын —апофиздер). Медиалды айдаршық латералдымен са- лыстырғанда күшті дамыған және оның артқы бетінен кәрі жілік шыбығы жүйкесінің жүлгесі, sulcus n. ulnаris, өтеді. Ай- даршық үстерініңарасында білек сүйектерімен буындасатын буын беті болады (дисталды эпифиз). Оны екі бөлікке бөлеміз: медиалды көлденең орналасатын, ортасында ойысы бар — шығыр, trochlea; шынтақ жіліктің шығыршық тілігі, incisura trochlearis-пен буындасады; шығырдан жоғары оның алдыңғы және артқы беттерінде шұңқырлар болады: алдынан тәж тәрізді өсінді шұңқыры, fossa coronoidea, артынан шынтақ өсіндісі шұңқыры, fossa olecrani. Бұл шұңқырлардың теренді- гін оларды бөліп тұрған қалқаның өте жұқа болуынан, кейде оның тесілуінен көреміз. Шығырдан латералды шар кесіндісі түріндегі кәрі жілік басымен буындасатын орын тоқпан жілікайдаршығының басы, capitulum humeri. Оның алдындағы қүрылым — кәрі жіліктік шүңқыр, fossa radialis — кәрі жілік басының буындасатын жері.
...