Асқорыту жүйесіне жалпы сипаттама
Автор: Alibaievaaan • Январь 26, 2020 • Лекция • 2,502 Слов (11 Страниц) • 583 Просмотры
Асқорыту жүйесіне жалпы сипаттама
Ауыз қуысы
Ауыз қуысы 2 бөлікке бөлінеді:
1.Ауызға кіреберіс - vestibula oris
2.Меншікті ауыз қуысы - cavitas oris propria
Ауызға кіреберіс - vestibula oris шекаралары:
1.алдынан және бүйірінен - ерін және ұрт
2.артынан және бүйірінен - тістің сыртқы беті және қызыл иектер
Меншікті ауыз қуысы - cavitas oris propria шекаралары:
- алдынан және бүйірінен - тістің ішкі беті және қызыл иек
- жоғары жағынан - қатты және жұмсақ таңдай
- төменгі жағынан- ауыз диафрагмасы
- артқы жағынан - тесік аранмен шетелген.
Ауыз қуысының құрамы:
1.Кіші сілекей бездері
2.Тістер
3.Тіл
4.Үлкен сілекей без бағаналары
Үлкен сілекей бездері үшеу:
1.Шықшыт безі / құлақ аумақтық / glandula parotidae/ ең үлкен, салмағы 20-30 гр,капсуламен жабылған ,7 бөліктен тұрады тағы қосымша бөлігі болуы мүмкін.Шығару өзегі 5-6 см. Ауызға кіреберісінің 2-уі жоғарғы үлкен азу тісінен ашылады. Бөліп шығаратын секреттің сипатына қарай - серозды болып келеді. без құрылысына қарай - алвеолды.
2.Төменегі жақасты безі - g.submandibularis / 10 бөліктен тұрады. Секрет сипатына қарай - аралас (серозды,шырышты ) .Құрылысына қарай күрделі алвеолды - түтікті . Шығару өзегі - тіл астына меншікті ауыз қуысына ашылады.
3.Тіласты безі g.sublingualis / 18-20 бөліктен тұрады. Секрет сипатына қарай - шырышты. Құрылысына қарай күрделі алвеолды - түтікті . Тіласты бездің негізгі өзегі төменгі жақасты безінің өзегімен қатарласа өтіп, не онымен ортақ тесік арқылы не дәл соның қасында ашылады.
Адам күніне 0,5-2 л-ге дейін шырыш юөліп шығарады. Ол:
- тамақты шырыщтап,тамақ түйірінің түзілуіне қатысады.
- ауызды ылғалдап тұрады
- тамақтардағы көмірсуларды ыдыратады.
- бактериоцидті қасиеті бар. /белок - муцин/
- тісті шылап отырып,эмальді кальциймен қоректендіреді.
- эндокринді қызмет атқарады /гормон- паротин/
Шырыш бөлінә 6-8 айдан бұрын басталмайды. Түнде бөлінуі төмендейді.Бездерден щырыштың бөлінуі бездерді миоэпителиалды клеткаларының жиырылу әсерінен болады.
Кіші сілекей бездері ауыз қуысының шарышты қабатында орналасқан, қатты таңдайда 80 безге жуық , ал жұмсақ таңдайда 239-ға дейін без болады.
Тіл
Тіл - бұлшықетті мүше. Ол скелетті және меншікті бұлшықеттерінен тұрады. Скелетті бұлшықеттері :
- таңдай - тіл - m.palatinoglossus
- бізтәрізді бұлшықеті m.styloglossus
- иек тіласты бұлшықеті m.genioglossus
- тіласты бұлшықеті m.hyoglossus
Меншікті бұлшықеттері
1.Жоғарғы бойлық бұлшықеттері - m.longitudinalis superior
2.Төменгі бойлық бұлшықеттері - m.longitudinalis inferior
3.Вертикальды бұлшықеттері – m.verticularis lingua
4.Көлденең бұлшықеттері - m. transversalis lingua
Тілдің бөліктері:
1.Түбірі
2.Денесі
3.Ұшы немесе негізгі таңдайға қарай көтеріліп тұрған беті - тілдің арқашығы деп аталады.
Тілдің қызметтері:
1.Сөйлеу қызметі
2.Тамақты механикалық өңдеу және тамақ түйірінің түзілуіне қатысады
3.Дәм сезу қызметі - бұл бүртіктерге байланысты:
-саңырауқұлақтәрізді - papillae fungiformes, бұл тіл ұшында және жиегінде орналасқан,қызметі дәм сезу.
-науатәрізді бүртіктер- papillae vallatae Ү - рим саны түрінде болады. Оның саны 7 ден 12-ге дейін. Дәм сезу қызметін атқарады.
...