Тест по "Экологии"
Автор: asemerbolkuzi • Март 15, 2022 • Тест • 5,904 Слов (24 Страниц) • 251 Просмотры
Оқитындардың оқудағы жетістіктерін бағалау мен бақылау материалары
1. "Экология" термині грекшеден қандай ғылым болып аударылады:
A) табиғат туралы;
B) шаруашылықты ұтымды жүргізу туралы;
C) үй, баспана туралы;
D) табиғат эконмикасы туралы;
E) организмдердің тіршілік ерекшелігі туралы ғылым.
2. Лимиттеуші (шектеуші) фактор деп:
A) организмнің дамуына кері әсер ететін қоршаған ортадағы кезкелген фактор;
B) мәні организм төзімділігінің жоғарғы не төменгі шегіне жақын тұрған кезкелген экологиялық факторды атайды;
C) мәні қарастырылып отырған организм үшін оңтайлы деңгейге жақын тұрған экологиялық факторды атайды;
D) қоршаған ортада болуы организмнің өсіп-өркендеуіне әкеліп соғатын қоршаған ортаның кезкелген элементін атайды;
E) қоршаған ортада болуы организм өмірінің мейлінше ұзаруына әкеліп соғатын экологиялық факторды атайды.
3. Төменде келтірілгендердің қайсысы абиотикалық факторларға жатады:
A) жәндіктердің өсімдіктерді тозаңдандыруы;
B)комменсализм және мутуализм;
C) бәсекелестік және нейтрализм;
D) судың ағыс жылдамдығы мен температурасы;
E) жыртқыштық және паразитизм.
D) Тірі организмдер қауымдастығындағы "жыртқыш-жемтік" қатынасын зерттейтін экологияның бөлімі:
A) демэкология;
B) аутэкология;
C) синэкология;
D) глобалдық экология;
E) геоэкология.
5. Экология мына мәселелерді зерттейтін ғылым:
A) гендердің қызмет атқару заңдылықтарын;
B) жердің геологиялық тарихын;
C) жердің әртүрлі климаттық аймақтарындағы ауа райының көп жылдық ерекшеліктерін;
D) организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара байланысын;
E) халықтың өсу заңдылықтарын, қоныстану географиясын, құрылымын, құрамын, жас ұзақтығын.
6. Урбанизация дегеніміз - бұл:
A) қала халқының ауылды жерлерге көшуі;
B) табиғи кешендерді толық техногенді кешенге ауыстыру;
C) салауатты өмір салтын уағыздау;
D) ауылды жерлерде қатынас пен байланыс жүйелерін дамыту;
E) Қазақстан экономикасының дамуы.
7. Төменде келтірілген факторлардың қайсысы климаттық факторларға жатады:
A) ауаның ылғалдылығы;
B)паразитизм;
C) топырақтық химиялық және механикалық құрамы;
D) жыртқыштық;
E) жануарлардың өсімдіктерді таптап тастауы.
8. Ю.Либихты? "минимум ережесіні?" негізгі мәні мынада:
A) егер, организмнің тіршілігі үшін қажетті экологиялық факторлардың барлығы минимум аймағына таяу орналасса, онда организм өзін біршама тәуір сезенеді;
B) егер, организмнің тіршілігі үшін қажетті экологиялық факторлардың барлығы минимум аймағына таяу орналасса, онда организм өзін тамаша сезенеді;
C) егер, организмнiң тiршiлiгi үшiн қажеттi экологиялық факторлардың барлығы ұзақ уақыт бойы оптимум аймағына таяу орналасса, онда организм опат болады;
D) егер, организм тiршiлiгi үшiн қажеттi экологиялық факторлардың бiреуi ғана минимум мөлшерiнен төмендеп кетсе (минимумнан төмен болса), онда организм опат болады;
E) организмдердің өсіп-өркендеуі үшін негізгі экологиялық факторлардың минималды мөлшері қажет.
9. Синэкология нені зерттейді:
A) өсімдік организмінің тыныс алу қарқынын;
B) организмнің әртүрлі климаттық жағдайлардағы адаптивтік (бейімделушілік) қасиеттерін;
C) организм өмірінің ұзақтығын;
D) организмнің өсу жылдамдығын;
E) қауымдастықтың түрлік құрамының уақытқа қатысты өзгеруін.
10. Энергия көздерінің қайсысы экологиялық тұрғыдан алғанда ең қауіпсіз болып есептеледі?
A) тұрмыстық жылыту қазандықтары;
...