Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Атмосфералық ауаға зиянды заттектер шығарындыларын, зиянды физикалық әсерді және олардың көздердің инвентаризациясы

Автор:   •  Март 22, 2021  •  Курсовая работа  •  8,985 Слов (36 Страниц)  •  435 Просмотры

Страница 1 из 36

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті

Экология және табиғатты пайдалану кафедрасы

Курстық жұмыс

Атмосфераны қорғайтын техникалар мен технологиялар пән бойынша

           Тақырып: «Атмосфералық ауаға зиянды заттектер шығарындыларын, зиянды физикалық әсерді және олардың көздердің инвентаризациясы.»

                                        Орындаған  студент Бисенғали А.Т.

                                             

                                        Топ Бжзо-31 курс 3-ші курс

                                        Тексерді Губашева Б.Е.

                                          Жұмысты кафедраға тіркеген күні __

                                      Жұмысты қорғау күні      __________

                                               Баға

Орал   2020

Мазмұны:

Кіріспе .....................................................................................................................3

I.         Өндірістік объект сипаттамасы ...........…...............................................6

1.1. Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар...........................................................8

1.2. Өндірістегі зиянды заттармен күресу.............................................................9

II.        Атмосфералық ауа сапасын реттеу ....................…..............................12

2.1 Атмосфераға шығатын зиянды заттарды анықтау методикасы, құралдары............15

2.2. Атмосфера ластануының деңгейіне метеорологиялық факторлардың әсері

..............................20

2.3. Атмосфераның негізгі ластаушы көздері.......................................................25

III.        Атмосфераны қорғайтын техникалар мен технологиялар.....….......29

3.1 Атмосфералық ауаға зиянды заттектер шығарындыларын, зиянды физикалық әсерді және олардың көздердің инвентаризациясы. ….............................…......29

Қорытынды............................................................................................................37

Пайданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................38

Кіріспе

  1. Атмосфера деген гректің екі сөзінен: atmos – ауа және sphaira – шар, алынған. Көбіне өзіміздің тіршілігімізде қолданатын ауаны біз атмосфера деп атай береміз. Бірақ та, бұл ұғым дұрыс емес, себебі ауа атмосфераның негізгі бір бөлігінің бірі ғана.

Атмосфера Жер бетінен жоғары қарай 3000 км-ге созылады. Жоғарылаған сайын атмосфераның химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері өзгереді. Температураның өзгеруіне байланысты атмосфера бірнеше қабаттарға (сфераларға) бөлінеді.

Жер бетіне ең жақын орналасқан қабатты тропосфера деп атайды. Бұл қабат жер белдеулерінен 7-10 км-ден (полярлық ендіктерде) 16-18 км (экватор үстінде) биіктікке созылады. Тропосферада ауа әртүрлі бағытта жылдамдықпен үнемі тәптіпсіз қозғалып, өзгеріп отырады. Қозғалыс нәтижесінде жылы ауа мен салқын ауамен алмасып тұрады.

Жер бетіндегі ауа-райы тропосфераға байланысты. Жер бетінен 20-50 км биіктікте орналасқан келесі қабат – стратосфера. Ауаның қалған бөлігі осы қабатта болады. 25 км биіктіктен кейін бұл қабаттың жоғары бөлігінде әр шақырымға көтерілген сайын температура орта есеппен 6 0С-ге жоғарылап отырады.

Атмосфераның 55-80 км биікігінде орналасқан қабат – мезосфера. Бұл қабатта әр шақырымға жоғары көтерілген сайын температура 2-3 0С-ге төмендеп отырады.  

Жоғарыда қаралған қабаттардың үстінде атмосфера қабатында газ молекулаларының иондарға ыдырау қабілеті өте жоғары болғандықтан, оған ионосфера деген атау қолданылады.

  1. Атмосфераның ластануы – тіршілік ортасына қолайсыз әсер ететін немесе материалдық құндылықтарға зиян келтіретін физикалық агенттердің, химиялық заттардың немесе ағзалардың ауаға енуі немесе онда пайда болуы.

Атмосфераның ластануы екі ласт аушы көзден пайда болады: табиғи және антропогенді. Табиғи - өсімдіктердің, вулкан, космостық шаң, туман, орман және дала өрт түтіні, биологиялық заттектердің булануы.

...

Скачать:   txt (132.5 Kb)   pdf (440 Kb)   docx (686.7 Kb)  
Продолжить читать еще 35 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club