Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Фобия

Автор:   •  Февраль 12, 2023  •  Творческая работа  •  708 Слов (3 Страниц)  •  234 Просмотры

Страница 1 из 3

Тақырыбы: "Фобия"

Әдісі: топтық жұмыс, пікірталас, ойын.

Мақсаты: Жалпы фобия жайлы түсінік беру, оның түрлерімен таныстыру, фобияның пайда болу жолдары мен одан арылу жолдарын айтып өту, студенттерде қандай фобия түрі бар екенін анықтау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, плакаттар

1. Кіріспе сөз

2. Топқа бөлу

3. "Фобия" жайлы видеоролик

4. Топқа тапсырма (сәйкестендіру)

5. "Фобия" слайд

6. Сергіту сәті

7. Фобия түрлері (ойын)

8. Кері байланыс

 1. Кіріспе сөз

Армысыздар құрметті білім алушылар! Бүгін сіздермен "Фобия" атты тәрбие сағатын өтетін боламыз. Жалпы "фобия" деген сөзді қалай түсінеміз, фобия жайлы не білеміз, қалай түсінеміз? (жалпы сұрақ 2мин)

2. Топқа бөлу

1-топ "Соционетфобия" (әлеуметтік желідегі парақшаларына тәуелді болып қалудан қорқу)

2-топ "Ценофобия" (бос бөлмеде отыра алмау, өз-өзінен үрейлену)

3-топ "Номофобия" (байланыс құралына тәуелді болып қалу)

4-топ "Агменофобия" (кезек күткенді ұнатпайтындар)

3. "Фобия" жайлы видеоролик қарау.

4. Топқа тапсырма (сәйкестендіру)

"Соционетфобия"         (кезек күткенді ұнатпайтындар)[pic 1][pic 2]

"Ценофобия"                 (әлеуметтік желідегі парақшаларына тәуелді болып қалудан қорқу)[pic 3]

"Номофобия"                  (бос бөлмеде отыра алмау, өз-өзінен үрейлену)[pic 4]

"Агменофобия"                 (байланыс құралына тәуелді болып қалу)

5. "Фобия" слайд

1 слайд

Фобия грек тілінде қорқыныш деген мағынаны береді. Тарқатып айтар болсақ, невроз ауруының адамды ығыр қылатын түрлерінің бірі. Фобиялық қорқу ұзақтығымен, тұрақтылығымен айқындалады. Ол белгілі бір жағдайға немесе затқа байланысты адамның саналы түрде, бірақ, негізсіз қорқуы. Қорқынышының дәлелі жоқ екендігін өзі біле тұра үрейдің алдында қарсы тұра алмау сезімі.

2 слайд

Жалпы атағанда, фобияны әлеуметтік және дара деп екіге бөліп қарастыруға болады. Ал оның ішінде түрлеріне қарай құбылыстардан, заттардан, жануарлардан деп тізіліп кете береді. Мысалы, адамзат арасында кең таралған қорқудың түрлеріне тоқталсақ, солардың бірі – «клаустрофобия». Ол – оңашаланған, тар жерде жалғыз қалу қорқынышы. Бұған лифтіге мінуден қорқу да кіреді. Статистика бойынша фобияның бұл түрі кең таралған. Ол адамзат баласының 6-7 пайызында кездеседі. Бұл, әсіресе, нәзік жандыларда жиі болады екен.

3 слайд

Келесі, – «акрофобия», яғни биіктіктен қорқу. Сонымен қатар, «никтофобия» деген бар, ол – қараңғыдан қорқу сезімі. Үрейдің бұл түрі жас та, жыныс та талғамайды. Жасөспірім балаларда да, алпысты алқымдаған ерлер мен әйелдерде де кездеседі. Және бір түрі – «диспсихофобия», яғни естен адасудан қорқу болып табылады. Бұл көбінесе жасы келген адамдарда болады. Сонымен қатар, «дистихифобия» деген бар, ол – қайғылы жайтқа душар болудан қорқу. Және әсіресе, ұшақта ұшуға тура келетіндерде «авиафобия» болады екен. Олар қандай жағдай болмасын, ұшақтан бас тартып, діттеген жеріне пойыз немесе автокөлікпен жетуді ойлайтын көрінеді. Сондай-ақ, «танатофобия» деген бар, ол – өлімнен қорқу. Бұл қорқыныш сезімі бүкіл адамзат баласының бойында бар, баршаның да өлімнен қорқатыны хақ.

...

Скачать:   txt (9.3 Kb)   pdf (75 Kb)   docx (12 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club