Тұлғаның психологиялық құрылымы
Автор: Бейбит Амирбай • Октябрь 19, 2021 • Реферат • 1,780 Слов (8 Страниц) • 731 Просмотры
1. Тақырып №6 Тұлғаның психологиялық құрылымы –2сағат.
2.Сабақтың мақсаты: тұлғаның психологиялық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру.
3. Оқыту міндеттері:
Сабақтың соңында студенттер білетін, түсінетін, қолдана және талдай алатын болады:
- психологиялық тұрғысынан тұлға түсінігі және тұлғаның психологиялық құрылымын;
- темперамент типтері, мінез негізгі түрлері мен тұлғаның акцентуация түрлерін;
- тұлғаны зерттеудің экспериментальды-психологиялық зерттеу әдістерін.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
4.1 Тұлғаның психологиялық құрылымы.
4.2 Темперамент типтері, мінез негізгі түрлері мен тұлғаның акцентуация түрлері.
4.3 Тұлғаны зерттеудің экспериментальды-психологиялық зерттеу әдістері
5. Сабақ беру және оқыту әдістері: кіші топпен жұмыс істеу, тренинг, психологиялық тест.
1 – тапсырма Үйрену тренингі. Үйрену тренингі бойынша тапсырманы үйрету мысалы (3 деңгей).
Тапсырма.
Келесі жағдайды шешіңіз:Холерик
Берілген баланың темперамент түрін анықтаңыз:
«Батырхан 5 жаста бойы өз жасынан биік емес, бірақ қозғалмалы және сымбатты. Егер ол құлап қалса, сол мезетте көзінде жас пайда болады, бірақ ол басылады. Ол өткеншекте ойнағанды, биік ағашқа шыққанды ұнатады. Ол өзі ойнап отырған ойынынан тез қайтып қалады. Кішкене торғай сияқтанып, оның көзі, басы анда-мұнда көп - көп қимылдай береді. Тез ұйықтап, тез ойанады. Оның ритмі нақтылық».
Шешуі:
Алдынала кестені толтырыңыз, берілген жағдайлардың әрқайсысына нақты алгоритмді теріп, сәйкестігін жазыңыз.
№ | Алгоритм. | Алгоритмге ұсынылған нақты ситуацияны жазу. |
1. | Берілген реакциялардың адамда пайда болу жиілігі.[pic 1][pic 2] | Батырханды суреттеу кезінде «әдетте», «жиі» деген сөздер қолданылады. Бұл тәртібінің бір типтілігін көрсетеді. |
2. | Нерв жүйесінің күшін анықтау.[pic 3][pic 4] | Жоғарғы физикалық активтілік, нерв жүйесінің күшті екендігін көрсетеді (мыс: - «Әткеншекте ойнағанды, биік ағашқа шыққанды ұнатады»). |
3. | Нерв жүйесінің тұрақтылығына анықтама беру.[pic 5] | Баланың ритмі – нақтылық, оның нерв жүйесінің тұрақтылығын көрсетеді (мыс: - «Егер ол құлап қалса, сол мезетте көзінде жас пайда болады, бірақ ол басылады»). |
4. | Нерв жүйесінің қозғалғыштығы туралы. | Баланың бір істен екінші бір іске тез ауысуы, оның нерв жүйесінің қозғалғыштығын көрсетеді. (мыс: - « Ол өзі ойнап отырған ойынынан тез қайтып қалады, оның көзі, басы анда-мұнда көп қимылдай береді»). |
5. | Нерв жүйесінің әртүрлілігі.[pic 6] | Батырханда сонымен нерв жүйесі күшті, тұрақты, қозғалмалы. |
6. | Темперамент типтерінің қасиеттерінің жіктелісі анықталған қасиеттерге байланысты.[pic 7] | Күшті, тұрақты және қозғалмалы нерв жүйесі И.П.Павловтың жіктемесі бойынша сангвенигтік темпераментке жатады. |
Келесі тапсырмаларды өз бетінше орындау:
1.Тапсырма.
Берілген баланың темперамент түрін анықтаңыз:Меланхолик
«Әселдің туған күніне (8 жас) мамасы өз қатарларындағы балаларды шақырды, бірақ Әселді көпке дейін таба алмады. Ол үлкен үстелдің астына кіріп, бір бұрышына тығылып қалған. Оны үстелдің астынан шыққаннан кейін ұзақ уақыт жылап, ол балалардың ойнына мазасызданған түрмен қарап отырды, содан кейін ол ойынға қосылды, бірақ тез шаршап қалды, тәлпіштеніп жылай бастады».
...