Құтыптың «Хұсрау-Шырын» дастаны
Автор: madina520 • Декабрь 18, 2021 • Реферат • 760 Слов (4 Страниц) • 872 Просмотры
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Семинар жұмысы
Тақырыбы:Құтыптың «Хұсрау-Шырын» дастаны
Орындаған: Серікбол Бүрлен
Қабылдаған: Саргелтаева Ардақ Құрманәліқызы
«Хұсрау мен Шырын ” — Алтын Орда дәуірінің әдеби мұрасы.
Авторы сол замандағы ұлы тұлғалардың бірі де бірегейі-Құтб. Ғұлама қыпшақ тайпасынан шыққан.Құтб ақынды қыпшақтар арасында « Құтбы » немесе « Құтып шайыр » деп те атай берген . Ақынның өмiрi жайында мәлімет жоққа тән . Тiптi оның толық аты - жөні де белгiсiз . Құтб ақынның лақап аты болса керек . Құтбтың бiздiң дәуiрiмiзге дейін сақталып қалған жалғыз шығармасы бар . Ол осы « Хұсрау мен Шырын» дастаны.«Хұсрау Шырын» жазба ескерткішінің түп нұсқасы Тінібек шаһзаданың тұсында 1341-42 жылдары аударылған.Аудармашы мұны Тінібек пен Ханша Малика-Хатунға арнаған деген деректер кездеседі.Бұл түпнұсқа Париждің ұлттық кітапханасында сақтаулы. Дастанның бізге келіп жеткен бір ғана көшірмесі бар. Тарихына келетін болсақ,«Хұсрау-Шырын» дастаны – негізінде әзірбайжан халқының ұлы ақыны Низамидің парсы тілінде жазылған «Хусрау уа Ширин» деп аталатын поэмасынан жасалған еркін аударма. Бірақ Құтыптың бұл дастаны Низамиден түркі тіліне жолма-жол, сөзбе-сөз аударылмаған. Низамидің композициясы мен сюжетін толық сақтай отырып, еркін және шығармашылық жолмен, өз елінің өмір жолына сәйкестеп, өз халқының түсінігі мен дағды-дәстүріне лайықтап барып жасалған аударма. Ал Низами бұл шығарманы Гәнжауидің парсы тілінде жазылған “Хұсрау уа Шырын” поэмасынан аударған.Хұсрау мен Шырын махаббаты — әзербайжан ақыны Низами мен үнді ақыны Әмір Хұсрау Дехлевиден бастап қазіргі уақытқа дейін жырланып келе жатқан тақырыптардың бірі. Таяу Шығыс пен Орта Шығыс, Кавказ мен Орталық Азия, үнді халықтарының фольклорында “Хұсрау мен Шырын” аңызы негізінде жазылған барлығы 50 -ден астам поэма бар.
«Хұсрау мен Шырын» өзінің аты айтып тұрғандай, Хұсрау мен Шырын арасындағы шынайы сезім, пәк махаббат тақырыбында өрбиді. Екеуінің бір-біріне құлау ғашық болуы, сол жолдағы күрес. Шығарманың басты кейіпкерінің бірі Хұсрау екі жақты қырымен көрінеді. Біріншіден, ойын қумар, сезім, махаббат деген ұғымдарға ат үсті қарайтын адам ретінде. Екіншісі әділ билеуші ретінде көрінеді. Ал Шырын әділ патша, дана, ақылды, махаббатқа адал адам ретінде сипатталады.
Шығарманы әсерлі, көркем жеткізу мақсатында мақал-мәтелдер жиі қолданылған. Бұл шығарманың бір ерекшелігі болып табылады. Байқап қарасақ шығарманың жазылған тілі қазақ тіліне өте ұқсас. Мысалға алсақ,
«Күгарчін учса органган йеріндін,
Есан болса, келүр сақыныб йувасын» бұл мақалдың аудамасы мынадай:«Көгершін ұшса үйренген жерінен, Есен болса, келер сағынып ұясын». Қарап отырсақ сөздердің айтылуы бір-біріне өте ұқсас. Яғни шығарманың жазу тілі түркі тілдес халықтар ішіндегі ең жақыны қазақ тілі десек қателеспеспіз. Сонымен қатар, шығармада кездесетін мақал-мәтелдер әр-түрлі тақырыпта жазылған. Соның ішінде адам мінезіне, іс-әрекеттеріне байланысты мынадай мақалдар кездеседі.
«Бидай көрсетіп, арпа сатар ол,
Ауып кеткен арпасына бидай араластырар ол».
«Мысал бар «аңдамаған у ішер» деп».
«Сабырменен тілекке жетсе болар,
Темірді ақырындап исе болар».
«Дүние үшін қылма көңіл тар,
Көңіл тарлығы қайғы келтірер, әй жар». Бұл мақалдарды оқи отыра, ғұламаның сөз саптау шеберлігінің керемет екендігін бірден байқай аламыз. Аз сөзбен көңілге қонарлық, тәрбиелік нақыл сөздерді, көп дүниені жеткізе білген.
Үшіншіден айта кететін жайт шығармадағы кездесетін кейбір мақал-мәтелдер қазіргі тағдағы мақалдармен үндесіп, жымдасып жатыр десек те болады. Мысалға алсақ,«Қай астың әуелі жақсы ләззеті бар, Тоя берсең, оның да дәмі кетер». Осы мақалмен үндес бізде «Тойғанда тоқтының еті топырақ сасиды» деген кездеседі.«Кілеміңе қарай көсіл аяқты, Жоқ болса жерсің аңсызда таяқты» деген мақалмен «Көрпеңе қарай көсіл» мақалы үндес.
Тағы бір ерекшелігі, кейбір мақал-мәтелдердің соңында «әй, жар» сөзі кездесіп отырады. Сонымен қатар, мақал-мәтелдерде буын, бунақ саны сақталған және сөздерді ұйқастыру шебер қолданылған. Мысалға,«біл аны» мен«саны»,«білүрсан» мен «қуруғ тан» деген сияқты жақсы ұйқастар кездеседі.
Құтыптың сөздің қадірі туралы айтқан ойлары керемет даналыққа толы. Мәселен, «Керек сөз жерінде айтылғай», «Көркем сөз – ас ішінде тәтті тұз ол», «Сөз сөйлесең, байқап сөйле», «Тәтті сөз ішіне у жасырмақ», «Күшпен қорлықты іздемесе өзіңе, Сөзің ұрылмасын қайта жүзіңе» «Сөз өлшеп сөйлетілсе, сөзге ұқсар», «Көп сөз – есекке жүк» деп мысал бар деген ой-тұжырымдардан сөзге деген терең құрметті байқаймыз.
Құтыптың «Хұсрау-Шырын» дастанында сүйіспеншілік жайында ғана емес, сонымен қатар білім, сабырлық, дүниенің бір қалыпты тұрмай үнемі өзгерісте болатыны жайында, адам өмірінің мәңгілік болмайтыны туралы мәселерді қамтыған. Мұны «Бұл дүние де мыстан кемпірдей қу: тәттімен алдайды», «Дүние кейде бал сыйлайды, кейде ара боп шағады», «Өлгенде дұшпан болма шат, Өзіңде өлімнен емессің азат» деген жолдардан байқауға болады.
Қорыта аытқанда, өз дәуірінің ұлысы болған Құтб«Хұсрау мен Шырын» шығармасын аударып, әлемге танылды десек те болады. Өзінің шебер аудару тәсілімен талайды мойындата білді. Осы сәтте «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген жолдар еріксіз еске оралады. Өзі туралы дерек жоқтың қасы болса да аудармасы оны таныта білді. Ал сол шығарманы басқаларынан өзгешелеп, өзін бір төбе қылып тұрған мақал-мәтелдері үлгі, өнеге, даналық, нақыл, ақыл сөзге толы.«Хұсрау-Шырындағы» осындай мақал-мәтелдерге қарап, бұдан он ғасыр уақыт бұрын айтылған даналық ойлар бүгінгі күнге дейін сақталғанын байқай аламыз. Сол себепті де мақал-мәтел халық қазынасы болып есептеледі.
...