Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романы
Автор: Umit_LG • Декабрь 13, 2021 • Реферат • 1,183 Слов (5 Страниц) • 1,259 Просмотры
Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романы
Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімі мен біліктілігін байқау, жан-жақты болуға тәрбиелеу, қазақтың тарихы, салт-дәстүрі жайлы білімдерін кеңейту;жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттыру барысында ақыл-ой, дүниетанымдық қасиеттерін дамыту, сұрақ-жауап әдісі арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіру, сөздік қорын байыту, танымдық белсенділігін қалыптастыру;
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: оқыта-үйрету ойыны, сұрақ-жауап, шұғыл жауап, интерактивті әдіс
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
Сайысты бастамас бұрын, оқушылар арасынан сайыскерлерді таңдап алу мақсатында тікелей сұрақтар қойылады. Ең көп ұпай жинаған 6 оқушы таңдап алынады.
Сұрақтар:
- «Ұлпан» романы қай жылы жарық көрді?
- Романның негізгі идеясы
- Романның негізгі тақырыбы
- Романдағы негізгі кейіпкерлер
- Романда қандай тарихи жағдай суреттеледі?
- Есеней кім?
- Есеней мен Ұлпан ең алғаш қандай жағдайда кездеседі?
- Есеней Ұлпанды кездестіргенде қаншада еді?
- Есеней мен Ұлпан арасындағы жас ерекшелік
- Есенейдің екі ұлы қандай аурудан қайтыс болған?
- Ұлпанның айттырып қойған күйеуі кім?
- Есенейдің уыздай Ұлпанды қолға түсіруінің негізгі себебін айт
- Есеней мен Ұлпанның қосылуына септігін тигізген адам
Сұраққа дәл әрі нақты жауап бере отырып, ең көп ұпай жинаған 6 сайыскерді ортаға шақырылады.
Сайыс 6 кезеңнен тұрады:
- Табалдырық
- Әудем жер
- Қозы көш
- Беласар
- Дода
- Алтын көмбе
І кезең. «Табалдырық»
Бұл кезеңде ортаға шыққан 6 сайыскерге сұрақ қойылады. Сұраққа жауап бере алмаған 1 сайыскер ойыннан шығады.
Сұрақтар түрлі-түсті конверттерге салынған. Сайыскерлер конверт таңдай отырып, берілген сұраққа жауап беруі тиіс. Сұраққа дұрыс жауап берген сайыскер бір қадам алға жылжып отырады және қоржынын ұпайға толтырады.
Қызыл конверт: «Қыз болса мені құдай ұрды төбемнен. Мен масқара болдым. Бұл – Артықбай батырдың қызы Ұлпан». Кімнің сөзі?
Жауап: Аңшы Мүсіреп
Көк конверт: Есеней қатал еді, озбыр еді. Енді оның жан жүрегін жібіткен кім болды.
Жауап: Ұлпан
Сары конверт: Ұлпан өлгеніне жетпіс бес жыл болған нағашы атасын аза тұтып, ас бергізді. Бұл кім?
Жауап: Сырым батыр
Жасыл конверт: Есеней қанша жыл төсек тартып жатып қайтыс болады? Жауап: 9 жыл сал болып жатып қайтыс болды.
Күлгін конверт: Есенейдің қасында төрт жолдасы бар еді. Олар кімдер?
Жауап: Ең сенімді серігі – түрікпен Мүсіреп, алдай елінен –аңшы Мүсіреп, Бекентай батыр және Есенейдің қосалқы атын жетелеп жүретін жас жігіт, «түрікпен» Мүсірептің туған інісі – Кенжетай.
Қара конверт: «Жігітім сен маған қарағым деп сөйлеспейтін бол. Менің Ұлпан деген атым бар» деп Ұлпан кімге айтады?
Жауап: Кенжетайға
І кезеңде берілген сұраққа жауап бере алмаған 1 сайыскер ойыннан шығады. Қалған 5 сайыскер келесі кезеңге өтеді.
ІІ кезең. «Әудем жер»
Бұл кезеңде 5 сайыскерге сұрақ қойылады. Сайыскерлер сұрақтар жасырынған түрлі-түсті конвертті таңдай отырып, берілген сұраққа жауап беруі тиіс. Сұраққа дұрыс жауап берген сайыскер бір қадам алға жылжып отырады және қоржынын ұпайға толтырады. Сұраққа жауап бере алмаған 1 сайыскер ойыннан шығады.
Қызыл конверт: Ұлпанның қызының аты
...