Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Францияның Ренн қаласы

Автор:   •  Август 11, 2021  •  Анализ книги  •  642 Слов (3 Страниц)  •  234 Просмотры

Страница 1 из 3

Францияның Ренн қаласы

Францияның Ренн қаласында 2016 жылы қазақ ақынына бюст орнатылған.

[pic 1]

Ол кезде ескерткіштің ашылу салтанатына Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен қала мэрі Ренна Натали Аппере қатысқан болатын. 

"Гуманист Абай қазақтарға жаңа ойлау жүйесі мен таным сыйлады, Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің көпіріне айналды. Абай бірнеше поэма жазған, 50-ден аса тәржіма жасадыү Француз жазушыларын да аударған. Абай Құнанбайұлы - белгілі адам, Францияда да оны бәрі таниды деп сенеміз. Сондықтан ЮНЕСКО аясында 1995 жыл Абай жылы болып аталған", - деген еді салтанатты ашылу рәсімінде шаһар басшысы.

Венгрияның Будапешт қаласы

2014 жылы Абай ескерткіші Венгрияның Будапешт қаласында орнатылған. 

[pic 2]

Қаланың Астана көшесіне орнатылған бюсттің ашылу салтанатына еліміздің сол кездегі премьер-министрі Кәрім Мәсімов қатысқан. Қазақстандық жас таланттар рәсім кезінде Абайдың әндерін венгр тілінде орындап берді. Бюст қоладан жасалған, биіктігі 1070 миллиметр, ені - 900 миллиметр. 

Мысырдың Каир қаласы

Абайдың бюсті 2016 жылы Каирдің орталық саябақтарының бірінде орнатылған. 

[pic 3]

Сол кезде Каир қаласының басшысының орынбасары Мысыр астанасында Абайға ескерткіш қою - мегаполистің маңызды оқиғасы екенін және қазақ пен мысыр халықтарының рухани әрі мәдени жақындығын көрсететінін атап өткен. 

Бюстке қаражатты мысырлық меценат Хусейн әл-Шафии шығарған. Ал мүсін авторы мысырдың танымал мүсіншісі Усама әл-Серуи. Оның мүсіндері Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан және Ташкентте орнатылған екен. Ашылу салтанатында Абайдың қара сөздері мен өлеңдері араб тіліне тәржімаланған кітаптар таратылған. 

Ресей, Мәскеу

2006 жылы Мәскеудің Қазақстан елшілігінің маңында Абай Құнанбайұлына ескерткіш қойылған.

[pic 4]

Сол уақыттағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстанда Пушкин жылы және Ресейде Абай жылын жариялаған. Екі ақынға Астана мен Мәскеуде ескерткіш орнатылған. Мәскеудегі ескерткішті қазақстандық тарап қаржыландырған - 162 миллион теңге. Ескерткіш қоладан салынған. Мүсінші Марат Айнеков, дизайнер Тимур Сулейменов, суретші Эдуард Дробицкий, сәулетші Вячеслав Романенко. 

Қытай, Бейжің

2014 жылы Бейжіңде "Цзинтай" көркем музейінде Абай Құнанбайұлының ескерткіші қойылған. Ашылу салтанатына ведомствоның сол кездегі басшысы Ерлан Ыдырысов арнайы барған еді. 

[pic 5]

Мүсінші Юань Сикунь ұлы адам Абай Құнанбайұлының мүсінін жасау зор құрмет екенін атап өткен. Өз сөзінде Ыдырысов бұл айтулы оқиғамен жиналғандарға және мүсіншіге алғыс айтқан. Шара соңында қос елдің жастары қазақ және қытай тілдерінде Абайдың өлеңін оқыды. 

Өзбекстан, Ташкент

2013 жылы көрші елдің астанасы Ташкентте ҚР елшілігінің алдында қазақ данагөйі Абайдың ескерткіші орнатылған. Оның ашылу салтанатына Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен марқұм Ислам Каримов қатысқан. 

...

Скачать:   txt (9.8 Kb)   pdf (635.6 Kb)   docx (560.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club