Еуразия жүрегінде
Автор: moldir_marat • Февраль 2, 2022 • Реферат • 2,322 Слов (10 Страниц) • 283 Просмотры
[pic 1]Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 2]
Факультеті: «География және табиғатты пайдалану»
Кафедрасы: «Метеорология»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Еуразия жүрегінде
Орындаған: Марат Мөлдір
Тексерген: Джолдыбаева Ұлжалғас
Мазмұны
Кіріспе
Мақсатты айқындау
Негізгі бөлім
1.Ежелгі қоныс, ескі жұрт . . . . . . . . . . . 4-5
2.Астана – Еуразия жүрегінде . . . . . . . . 6-7
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе
Шынайы бақытқа жеткізетін істерде тұрғындары өзара көмектесу мақсатын алға қойған қала қайырымды қала болып табылады, ал азаматтары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам – қайырымды қоғам.
Әбу Насыр әл-Фараби
Тарихшылар әлі күнге дейін жер бетінде алғашқы қала қайда, қашан райда болды деп таласады. Сірә, бұл маңызды емес шығар. Ең бастысы, қалалар адам, халық және өркениет тарихының ең шиеленісті, шаттықты және опықты оқиғалары өткен жерлерде пайда болды және бола береді. Алайда өткеннің, бүгіннің және болашақтың «түйін» түйген жерлерінде айрықша оқшауланып астаналар тұр. Оларға әр халықтың кеңістік пен уақыт арқылы өзінің даму жолында жасаған ең басты жетістіктерін әйгілеп көрсету абыройы бқйырды. Дәуірдің табы мен мәнері екі-үш айшықты сызбамен бейнелене береді. Эйфель мұнарасы, Вестминстер, Кремль. Бұл астаналық нышандар – әлем картасының ең үздік жолбасшылары. Олар бұл күнде солай жаратылған сияқты қабылданады. Алайда олар белгілі бір адамдардың дарынымен және еңбегңмен жасалған.
Астана құру – ұлттық тарихтың жаңа мәтінін жазу. Мұндай мәртебе әр ұрпақтың маңдайына бұйыра бермеген. Екә мыңжылдық тоғысында біз шешім қабылдап, Еуразияның жүрегінде іс жүзінде жаңа астана құрылды. Қас қағымдай болып жиырма төрт жыл өте шықты. Күрделі шешімдер, қанаттастардың көмегі, сәулет саласындағы ізденістер, қаланың болашағы туралы ойлар, өлкенің аңыздары мен жер-cу атаулары, тұрмыстың түйткілдері, тарихи салыстырмалар, Астананың бедері мен әсемдігі, бір сөзбен айтқанда жаңа елордаға арналған елбасының ойлары мен істері – бәрі-бәрі осы Еуразия жүрегінде айталған.
1.Ежелгі қоныс, ескі жұрт...
Талай адам тылсым құбылысқа сенуге біршама бейім және санамыздың әлебір түкпірінен «кереметке іңкәрлік» деп атауға болатын бір сезім жиі қылаң береді. Көне кезең туралы хабардарлығымыз біздің бүгінгі блуімізбен салыстырғанда болмашы ғана. Сондықтан да бағзы заман біздің ұғымымызда көбінесе ертегідегідей ғажайып немесе жұмбақ кейіпте елестейді. Табиғат тылсымына терең бойлай бермеген ата-бабаларымыз да өздерін толғантқан мәселелер мен арман-мұңдарын көктегі құдірет иелеріне немесе киелі күштерге сеніп тапсырған.Сөйтіп бүгінгі күні ақиқатқа айналып отырған қиял іспетті сенім мен таным бізге сонау ерте заманғы бабаларымыздың өсиеті арқылы тарихи ретінде жетті.
Тіпті көне дәуірдің өзінде-ақ әлдебір жердің немесе өңірдің ала бөтен ерекшелігі, әлдеқандай қасиеті болатындығы айрықша аталып келген. Римдіктер бұл ұғымды “genius loci” деп атаған, аударма мағынасы “киелі жер” дегенді білдіреді. Сол жердің немесе сол аумақтың қасиетіне орай желеп-жебеп тұрар иесі бар деген наным болған. Міне “киелі жеріміз” осы. Алайда кез келген жердің тек өзіне ғана тән киесі бола бермейтінін нық сеніммен айтуға болады. Тіршілігіне айрықша мән-мағына беретін өзіндік орта мен әрдайым бірден сезіне қоймайтын ерекше қасиет әр аумақтан табыла бермейді.
...