Ежелгі Египет мәдениеті
Автор: kumarovva • Ноябрь 22, 2018 • Реферат • 1,575 Слов (7 Страниц) • 2,543 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы
«Құқық қорғау қызметі»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: « Ежелгі Египет мәдениеті »
Орындаған: Кумарова Алмагүл Асылханқызы
Қабылдаған: Қанат АЛИХАН
АЛМАТЫ 2018
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе …………………………………………………………………………..1
2. Негізгі бөлім.....…………………………………………...................……….....2
3. Қорытынды…………………………………………………………………..... 4
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………....…5
Египет (Мысыр) халқының пайда болуы туралы тарихта, ғылыми әдебиеттерде әртүрлі көзқарастар жазылып жүр. Буржуазиялық тарихшылар египеттіктерді Азия халықтарынан таратады. Азия тайпалары Египетке өздерінің мәдениетін әкеліп, Египет мемлекетін құрды деген де пікірлер болды. Алайда ол пікір кейін сынға ұшырады.
Египет Африканың солтүстік-шығыс бөлігіне орналасқан. Осы жерді әлемдегі ең үлкен, әрі ұзын өзен Ніл басып өтеді. Оның ұзындығы 5589 км. Ніл өзені оңтүстіктен солтүстікке қарай ағады.
Египет негізінен екі бөліктен тұрады: Жоғарғы Египет (оңтүстік) – жіңішке ұзын аңғар түрінде, ал төмені Египет (солтүстік) – үлкен үшбұрышты, өзенінің Жерорта теңізіне құяр жерінде, ол атырау құрайтын бірнеше тармақтарға бөлінеді.
Египеттің негізгі табиғат байлығы – тас. Әсіресе Ніл аңғары алтын, гранит сияқты қымбат тастарға бай. Бұл тастар құрылыс материалы ретінде және әр түрлі әшекей бұйымдар жасау үшін пайдаланылды.
Қазіргіге қарағанда ежелгі заманда өсімдіктер өте көп болған. Әсіресе құрма ағашы, папирус жақсы өскен. Өзен аңғары жап-жасыл болғандықтан, ежелгі египеттіктер қара және жасыл түсті жақсы көрген екен.
Египеттердің Солтүстік Африка және Абиссиния тайпаларымен көптеген тілдік, туыстық белгілері табылды. Археологиялық мұралар, Ежелгі Египет дінінің нысандары, Египет мәдениетінің Африкадан шыққанын дәлелдейді. Айталық, Ніл өзенінің батыс жіне шығыс жағындағы таулы өлкелерден палеолит кезеңінің тас қарулары табылды, бұл заттар Африканың солтүстігінде ежелгі кезеңде адамдардың тұрғандарын растайды.
Мәліметтерге қарағанда, Африка аудандарының климаты адамның өмір сүруіне қазіргідей жұмсақ болды. Жауын-шашын азая бастады да, Солтүстік Африкада өсімдік жойылды, бұл аудан шөлге айнала бастады. Сол жерде өмір сүрген адамдар оазиске, өзеннің аңғарына жиналды. Сөйтіп, Солтүстік Африканың көшпелі аңшы тайпалары Нілдің аңғары мен атырауларына мекендеді де, олар тұрақты қоныстануды бастады. Бірте-бірте олар аңшылық пен мал шаруашылығына көшіп, жергілікті дәнді дақылдар өсірді.
Египеттің көп жерлерінен, мысалы, Фаюм оазисінен, оңтүстігінен жаңа ғасырдың елді мекені табылды. Мұнан табылған ескерткіштер Египет мәдениетінің Солтүстік Африканың неолит мәдениетіне ұқсас екенін көрсетеді.
1
Египеттіктер өте дарынды суретшілер болған. Олар өте әдемі түрде өздерінің айналасында болып жатқан оқиғалармен қоса жан–жануарларды, патшалар мен кедейлердің өмірін суреттей алған. Бұл суреттерге қарай отырып, Ежелгі Египет қоғамына көз жүгіртуге әбден болады.
Ежелгі тастарда салынған суреттердің бірінде кеменің суреті салынып, оның үстіндегі адамдардың балық аулап тұрғандығы бейнеленілген. Бұдан ежелгі Египетте кеменің болғандығын байқауға болады. Кемені жасауда қолөнершілердің қол күші пайдаланатыны белгілі. Бұнымен қоса египеттіктерде тоқыма жасау ісі де алға жылжыды. Олар тоқыма станоктарын шығарды. Қарапайым механикалық кейіптегі бұл станоктардан шыққан бұлдарды көршілес мемлекеттер жоғары бағалап, сатып алып отырған болатын.
...