Әбілхан Қастеев- «Түрксіб»
Автор: IMMAN [KZ] • Октябрь 28, 2020 • Эссе • 307 Слов (2 Страниц) • 1,119 Просмотры
Әбілхан Қастеев- «Түрксіб»
[pic 1]
1932 жыл.Міне бүгін көптен күткен сәтте келіп жетті.5 жыл еңбектің ақталған күні.Себебі бүгін біз маңдай терімізбен тұрғызған Түрксіб темір жолымен алғашқы рет пойыз жүретін кез.Бұндай керемет сәтті бос жібергім келмей,мен жасыл шапаным мен бөрігімді киіп пойызды тамашалауға таудың жырасына бет алдым.Тауға барсам бұл көріністі көруге менен басқа алыс-жақында тұратын ауыл тұрғындары темір жол маңайына жиналыпты.Бәріміз пойызды көруге асықпыз...
Мінекей заңғар таулардың арасымен пойызда маңайымызға келіп қалды. Жер ананың қойын-қонышын тепкілеп, мен келе жатырмын деп жапанға жар салған су жаңа составтар көк түтінін будақтата қозғайды.Бұл көріністі көріп тұрған жас пен кәрінің сезімін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес шығар.Себебі бұндай ғажайыпты алғаш рет көріп тұрған қарапайым халықтың бірі оған қызығушылықпен қараса, біреуі таңырқап, біреуі жабырқап, енді біреулердің ойына мың үміт пен бір күдікті қатар міңгестіргені сөзсіз. Мұндайға бұрын-соңды көзі үйренбеген ауыл адамдарының біразы ақжолтайлап мәз-мейрам болса, енді бірі дала заңын бұзған бұл қандай дүбір деп алаң.Адамдардың шұбатылған вагондарға көз алмай қараған жүздерін анық көре алмасамда, олардың қуанғанын бет әлпетіндегі әсер мен іште бұлқынған сан тарау көңіл-күй ырғақтары сыртқы қимыл-қозғалыстарынан-ақ байқалады.Оны мен менің төмен жағымда бөркін ұстап,қол бұлғап,жан ұшыра айқайлаған ат үстіндегі жігіттің көңілінен аңғаруға болады.Содан соң темір жолдың төменгі жиегіндегі жүк артқан керуенге көз салдым.Ол жерде тіпті маң-маң басып бара жатқан түйелердің өзі мына бір өзгешелікке мойнын соза үңіліп, арқалаған ауыр жүктің салмағынан арылатын күн алыс емес екенін сезгендей әсерге қалдырды. Туған өлке төсін еркін жайлаған жұрттан сүйінші сұрап, кең жазира атырапты қақ тіліп келе жатқан темір жол керуенін көріп мен қазақ елінің жаңа дәуірге есік ашқанын, баяғыдан қалыптасқан тұрмыс-салт мүлде басқа арнаға түскенін сездім. Барша қазақ даласын оятқан ауыр вагондар айналаны дүбірге бөлеп келе жатқанда сіздіңде ойыңызға осындай ой келетініне сенімдімін...
...