Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Құрмалас сөйлем

Автор:   •  Апрель 16, 2021  •  Доклад  •  537 Слов (3 Страниц)  •  418 Просмотры

Страница 1 из 3

Құрмалас сөйлем

Мағыналық жағынан, интонациясына байланысты, грамматикалық тұлғаларына қарай екі не одан көп жай сөйлемнен тұратын сөйлемді құрмалас сөйлем деп атайды.

Мысалы, Мен іздеп барғанда, Сәкен бөлмесінде жоқ екен деген сөйлемді алатын болсақ, екі жай сөйлемнен құралып тұрғанын көреміз.

Құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу жолдарына байланысты құрмалас сөйлем, негізінен екі түрлі болады: салалас құрмалас сөйлем және сабақтас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің ерекше бір түрі ретінде аралас құрмалас сөйлем де тілімізде кездеседі.

Салалас құрмалас сөйлем

Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштарының тұлғалары тиянақты келіп, ол сөйлемдердің бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан кұрмалас сөйлемнің түрін салалас құрмалас сөйлем дейді. Мысалы: Базарда құмырсқаша жыбырлаған халық: біреулері сатып жатыр, біреулері алып жатыр. Мен саған жамандық ойламаймын ғой, бірақ өзіңнің ақылға қонбайтын қылықтарың бар. Ұстаз болу өте қиын, сондықтан әр сөзіңе, әр қадамыңа сақ болып, ар таразысына салып әрекет еткенің жөн. Құрамындағы сөйлемдердің байланысу тәсілдеріне байланысты салалас құрмалас сөйлем өз ішінде жалғаулықсыз құрмалас салалас сөйлем және жалғаулықты құрмалас салалас сөйлем деген екі түрге бөлінеді.

        Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем

Жалғаулықсыз салалас кұрмалас сөйлемдерге мыналар жатады: ыңғайлас салалас, түсіндірмелі салалас, қарсылықты салалас және себеп-салдарлы салалас.

Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тұлғалас келіп. мағыналық жағынан бір сарындас (мезгілдес, бағыттас) болатын салалас кұрмалас сөйлемнің. түрін ыңғайлас салалас дейді. Мысалы, Үлкендер жағы төрде отыр, жастар босағадан орын алған. Ол да үйге жақындай берді, мен де қуып жеттім. Таң атты, мен де ұйқыдан ояндым.

Құрамындағы сөйлемдердің бірі басқа сөйлемдердің мазмұнын қамтитын немесе кейінгі сөйлемдер алғашқы сөйлемнің мазмұнын ашатын салалас құрмалас сөйлемнің, түрін түсіндірмелі (іліктес) салалас дейді. Мысалы: Мұндай ретте реніш білдіру орынсыз: барлық жайды дәлелімен баяндап тұр.

Кейде түсіндірмелі салаластың алғашқы сөйлемі сонша, соншалық сөздеріне аяқталады: Оның риза болғаны соншалық -қайта-қайта бетімнен сүйе берді.

Құрамындағы сөйлемдердің бір-біріне қарама-қарсы айтылған салалас құрмалас сөйлемнің түрін қарсылықты салалас дейді. Мысалы: Суретімді жіберуді соншалық өтініп едің,-жібере алмадым.

...

Скачать:   txt (8.1 Kb)   pdf (82.1 Kb)   docx (9.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club